facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
l-balalar-a-arnal-an-atyrauly-liceyde-t-rt-t-lde-o-ityn-o-ushylar-turaly
logo
Ұл балаларға арналған атыраулық лицейде төрт тілде оқитын оқушылар туралы

17.05.2018

Ұл балаларға арналған атыраулық лицейде төрт тілде оқитын оқушылар туралы

Арман Шанинов, 30 жаста, туған жері — Ақтөбе, атыраулық облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының биология пәні мұғалімі



Лицей туралы



A_Q_0837.jpg


Атыраулық қазақ-түрік лицейі немесе облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты Қазақстан және Түркия елдерінің Елбасыларының бастамалары бойынша 1993 жылы ашылды.

Лицейдің мақсаты — балаларға халықаралық дәрежеде білім беру, патриоттарды тәрбиелеу


Қазақстанда осындай 30 шақты лицейлер жұмыс істейді, ұлдарға, қыздарға арналған және аралас лицейлер бар. Бұл еуропалық тәжірибе: АҚШ пен Англияда ұлдар мен қыздарды оқытуға мамандандырылған бетке ұстар мектептер бар. Мұндай жүйе жақсы нәтиже береді, біздің оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленеді. Мен өзім ақтөбелік қазақ-түрік лицейінің оқушысы болған кезде менің математика пәні мұғалімім Елбасымыздың қолынан алғыс қағазын алды. Бізді еліміздің ең үздік мектебінде оқитынымыз және ең үздік мұғалімдер сабақ беретіні алға жетеледі.

A_Q_0872.jpg

Лицейдің мақсаты — балаларға халықаралық дәрежеде білім беру, патриоттарды тәрбиелеу.

Мектептің дамуына әкімшілік пен білім бөлімі қатты қолдау көрсетеді. Лицейдің өміріне оқушылардың ата-аналары да белсенді қатысады.



Оқу орнының ерекшеліктері туралы



«Білім-Инновация» лицейі, НИМ, РФММ — бұл Қазақстанның жетекші мектептерінің бірі, әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Біздің ерекшелік мектептің интернат екендігінде. Ол тек қана қаланың ғана емес, басқа да қалалардың балаларына сапалы білім алуларына мүмкіндік береді.

A_Q_0833.jpg

Біздің лицейде қатаң тәртіп, оны тек сынып жетекшісі ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші де сақтайды. Жетекші — өз пәні бойынша сабақ беретін, өз сыныбына және оқушыларының ата-анасына көңіл бөлетін мұғалім. Тәрбиешілер — бұл 22 жасқа дейінгі жас балалар, бакалавр студенттері. Олар балалармен бірге тұрады, оқушылардың уақытында тұрып-жатуын қадағалайды, іс-шаралар, психологиялық тренингтер өткізеді.

Лицейдегі сабақтар 08:30-да басталып, 16:00-де аяқталады — бұл күніне 7 сағат, яғни 8 сабақ. Одан кейін балаларда қосымша үйірмелер мен сабақтар, олимпиадалық үйірмелер бар. Кешкі астан кейін олар үй жұмысымен айналысады. Ал 21:00-ден бастап олардың бос уақыттары басталады, ол кезде олар футбол, баскетбол ойнап, іс-шараларға барып, кітап оқып, кино көре алады. Оқушы өз уақытын қалай өткізуді өзі шешеді.

A_Q_0854.jpg

Біз қазақ тіліне баса назар аударамыз, мектебіміздің сайты толғымен қазақ тілінде. Сонымен қатар онлайн-журнал бар, ол жерге мұғалімдер барлық бағаларды қойып, олар тікелей ата-аналардың смартфондарына жіберіледі. Бұл өте қолайлы.



Оқушылар мен мұғалімдер құрамы туралы



Конкурсқа 1000-1500 оқушы келеді, олардан екінші кезеңге 100-150 өтеді, ал нәтижесінде екі сыныпқа 52 оқушы іріктеледі


Лицейде 250 оқушы оқиды. Оқушыларды алтыншы сыныптан бастап қабылдаймыз. Оқуға түсер кезде олар математика, қазақ тілі және логика бойынша емтихан тапсырады. Іріктеу екі кезеңде өтеді. Бастапқыда конкурсқа 1000-1500 оқушы келеді, олардан екінші кезеңге 100-150 өтеді, ал нәтижесінде екі сыныпқа 52 оқушы іріктеледі.

A_Q_0812.jpg

Негізінен оқушылардың барлығы Атыраулықтар, шамамен 10% қала кенттерінен, кішкентай қалалардан келген балалар. Оқушыларға 100 адамға арналған тегін жатақхана бар. Оқушылар көп болсын деп жаңадан бес қабатты жатақхана салуды жоспарлап жатырмыз.

Оқушыларымыз тәрбиелі, олар мұғалімдер мен тәрбиешілерге үлкен сыйластықпен қарайды. Лицейіміздегі мұғалімдер құрамы негізінен жас. Мұғалімдердің көбісі орташа 26-27 жаста. Және жартысы лицей түлектері.



Оқыту принциптері туралы



Біз мемлекеттік мектеппіз, сондықтан оқу тегін. Стандартты бағдарлама бойынша оқытамыз, бірақ қосымша сабақтар қосып, эскперимент және ғылыми көрмелер жасаймыз.

A_Q_0823.jpg

Лицейдегі оқу қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілінде жүргізіледі. Ғылыми пәндер — математика, физика, информатика, биология, химия — ағылшын тілінде өтеді, ал қалғандары қазақша, тағы орыс тілі мен әдебиеті және қосымша сабақ — түрік тілі бар. Алғашқыда оқушыларға қиын болады, бірақ кейін сегізінші-тоғызыншы сыныпта олар ағылшын және түрік тілінде еркін сөйлей алады.

Оқушылар біздің мектепке түскен кезде бірден емтихан өткізіп, оларды олимпиадаларға бөлеміз. Атырау бойынша біздің оқушылар әрдайым бірінші орын алады, 50%-дан көбі біздің оқушылар. Республикалық олимпиадаларда балаларымыз қола, күміс және алтын медальдерді иеленеді.

Бала үшін ең жақсы мұғалім — ол оның ата-анасы


Бұрын мектептерде оқушы — мұғалім деген жүйе болатын. Қазір мұндай жүйе жеткіліксіз, сол себепті бізде алтын үшбұрыш бар, ол бойынша ата-анасы жоғарыда, ал екі жағында оқушы мен мұғалім орналасады. Себебі, бала үшін ең жақсы мұғалім— ол оның ата-анасы. Егер осы құрамдас бөліктер үйлесімділікте болса, біз алға жылжи аламыз. Ата-аналар мектепті білген кезде, олар мектеп және тәрбиелеу үрдістеріне белсене араласа бастайды. Және егер ата-аналар мектеп пен өз балалары үшін алаңдаса, онда мектепте қиындықтар болмайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстан Республикасының Құрметті консулы жоғары оқу орындары мен болашақ білімнің сапасы жайында
Қазақстан Республикасының Құрметті консулы жоғары оқу орындары мен болашақ білімнің сапасы жайында
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап
Онлайн немесе офлайн. Жастар әртүрлі оқыту форматтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы
Онлайн немесе офлайн. Жастар әртүрлі оқыту форматтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
IT саласында білім беретін университеттер жинағы
IT саласында білім беретін университеттер жинағы