facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
kiprda-y-aza-tar-gul-zhan-kustubaeva-bank-direktory-zh-mysyn-tastap-aral-a-k-sh-p-ketken-turaly
logo
Кипрдағы қазақтар. Гульжан Кустубаева банк директоры жұмысын тастап, аралға көшіп кеткені туралы

21.10.2018

Кипрдағы қазақтар. Гульжан Кустубаева банк директоры жұмысын тастап, аралға көшіп кеткені туралы

Гульжан Кустубаева, 45 жаста, туған жері — Ақтөбе, банкир



Алматы — Кипр



Кассир қызметінен бастап филиал директорының орынбасары мен департамент директорына дейін Қазақстанның банк жүйесінде 25 жыл жұмыс істедім.

Ағылшын тілін меңгеріп, тілдік ортаға үйрену үшін 2011 жылы Лондонға бардым, өйткені кешкі уақытта үздіксіз тілді үйрену талпыныстарым нәтиже бермеді. Лондонға барып келгеннен кейін менде көз алдымдағы әлем картинасы өзгерді. Әлемнің үлкен екенін және тұратын жерімізді кез келген уақытта өзгерте алатынымызды түсіндім. Қартайған кезіңде екі нәрсе туралы өкінесің дейді — аз сүйіп, аз саяхаттағаныңа. Сондай-ақ, өмір беріп отырған мүмкіндіктеріңді жіберіп алғаныңа да өкінесің.

2012 жылы МВА алдым, содан бері негізгі қызметім мен білім беру бизнесін біріктірдім — ID-Group компаниясының бизнес-жаттықтырушысымын. Бұл маған шетелде өмір сүріп, жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Өмірді өзгертіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, тәжірибе жинап, басқа елдерді көру ниеті — көшудің ең басты себебі болды. Елді көп уақыт бойы таңдадық, Араб Әмірліктерін, Еуропаны, тіпті Американы да қарастырдық. Түрлі елдерде тұратын құрбыларым мен таныстарыммен хат алмаса бастадым. Шығындарымызды, болашақта жұмсалатын қаражаттарды санадық, өйткені белгісіз уақытқа тұрақты табыс көзінен айырылатынымызды түсіндік.

42002888_717431001940171_1498082055025976666_n.jpg

Бір ретте құрбымнан олардың Кипрға көшіп баратындары жайлы хабарлама алдым. Түсінгенім, өмір сүру орнын іздегенде Кипрды мүлдем қарастырмадық. Бірақ бұдан кейін көшуге дайындалып, осы жылдың маусымында отбасымызбен көшіп келдік.



Бірінші әсерлер мен қиындықтар туралы



Кипрға алғаш рет қаңтар айында құрбымның туған күніне бардық, ол кезде құрбым көшіп болды. Айналымыздың бәрі жасыл, жылы болды, бізге ұнады.

Маусымда келген кезде абыржып, шатастық. Қатты жаңбыр жауды, жүргізуші мұнда жаңбырдың бұрыннан бері болмағанын және бұл шын мәнінде мереке екенін айтты. Сол уақытта қатты күмәнданып, бекер өмірімізде бір рет болған аралға көшіп келдік деп ойладым.

Алайда теңіз жағалауының бойындағы курорттық зонадағы тұрғын үй кешенімізге жеткеннен кейін өз-өзімізге келдік. Бұл гүлдер мен жасыл өсімдіктердің көгалы болды. Үйге бара жатқанымызда жол бойы бассейндерді, су төбешіктерін, әдемі ландшафтық дизайнды кездестірдік, ал балалар суда шомылып, күліп жатты.

36960886_279449992634007_161309106097881088_n.jpg

Көшіп келгеннің бірінші күнінен бастап баланы мектепке орналастыру сұрағымен айналыса бастадық. Ол біз ойлағандай оңай шаруа емес екен. Ол уақытта қызым Қазақстанда жетінші сыныпты аяқтады. Кипрде бұл колледж деп саналады. Жеке меншік мектепте оқу үшін оған тек төлеу жеткілікті деп ойладық. Бірақ білім беру бизнесі мемлекеттің қатаң бақылауында екен және шетел азаматына мектепке бару үшін Білім Министрлігінен рұқсат қажет болып шықты. Олар баланың қандай сыныпқа баратынын анықтап, мектепке бару рұқсатын береді. Бұл үшін тұруға ықтиярхат және ата-ананың біреуінің жұмыс визасы керек болды.

Әрине, сол кезде ықтиярхатымыз әлі болған жоқ. Кипрде жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде минималды құжаттармен ол 21 күн ішінде беріледі. Бірақ біз жаңа көшкендігімізден жылжымайтын мүлкіміз болған жоқ.

Мен бір ай ішінде Білім Министрлігінің миграциялық полициясына күн сайын барып отырдым. Киприоттар жанашыр, олардың маған көмек көрсеткісі келетін ниеттерін сездім. Олар менің құжаттарыммен бір кабинеттен екінші кабинетке жүгірді, нәтижесінде бізге барлық рұқсаттарды берді.



Кипрдағы өмір туралы



Маған ең қызық болып көрінгені — мемлекеттік қызметтер жазда таңғы 07:30-дан 12:00-ге дейін істейді екен, ал түстен кейін — түскі демалыс. Олар жазғы режимге көшеді, өйткені маусымнан қыркүйекке дейін аптап ыстық орнайды.

37342991_351755872027231_8724511125862875136_n.jpg

Жергілікті адамдар ақкөңіл. Менің ойымша, жылына 300-ден астам шуақты күндер адамдарға әсер етеді. Киприоттар бақытты, әрдайым күлімсіреп жүреді. Аралда қанша уақыт болсам да, әлі ешкіммен ұрысқан емеспін.

Супермаркеттегі кезек немесе қандай да бір салада ұзақ қызмет көрсету мені де, басқа адамдарды да ызаландырмайды. Киприоттар баяу қозғалады және ешқайда асықпайды. Кипрда 9 ай жаз және +17 градусты 3 ай қыс, ал айналаның барлығы жап-жасыл. Жазда ауа температурасы +40 градусқа дейін жетеді. Бірақ бұған шыдауға болады, өйткені теңіз жақтан салқын жел лебі соғады. Кипрдың арал екенін ескерсек, жел барлық жақтардан соғады.

Ең үлкен артықшылық — бұл Жерорта теңізі. Кипрдың жағалауында ол өте жылы, әлем бойынша ең таза теңіздердің бестігіне кіреді.



Жұмыс туралы



Кипрда түрлі сұрақтармен айналысамын. Менің негізгі қызметім — SMM. Жаңа мамандықты меңгеріп жатырмын және қашықтықта Қазақстанда жұмыс істеймін. Сонымен қатар білім саласында бизнес-жобаларды жүргіземін. Ол Кипрлық университеттермен, тілдік мектептермен, жол жүретін тақырыптық турлармен байланысты. Сондай-ақ, Кипрдағы жылжымайтын мүлік мәселелерімен айналысамын.

37244516_374402779753098_3535663553908310016_n.jpg

Таңертеңнен кешке дейін емес, өз рахатыммен жұмыс істеймін. Жұмысымның көп бөлігі ғаламторда, әлеуметтік желілерде көп уақыт өткіземін.

Өз алдыма қойған тапсырмам — отандастарыма жаңа мүмкіндіктер, оқу, демалыс, жалпы шетелдегі өмір жайлы айту. Бұл Отанымызды мәңгіге тастап кету деген сөз емес. Біз әрқашан да әлемді көріп, көзқарастырымызды кеңейтуге мүмкіндік беретін өз еліміздің азаматтары болып қаламыз.



Ең қымбат сыйлық туралы


37991750_240316426622484_8313998692877074432_n.jpg


Мен үшін ең қымбат сый студент ұлым жазғы демалыс уақытында аралға демалуға келіп, жұмысқа орналасып, бірінші жалақысын маған әкеліп бергені болды. Оның Қазақстандағы оқуының бір бөлігін төлеп, менің тағы бір көмекшім пайда болғанын түсіндім.



Мемлекет қалай әсер еткені туралы



Кетіп бара жатқан кезде жанымыздағы адамдарға көшетініміз жайлы айтамыз ба әлде тып-тыныш кетіп, Кипрде тұрақталған кезде ғана айтамыз ба деп көп ойландық. Алайда артқа қайтуға жол болмас үшін кететініміз жайлы неғұрлым көп адамдарға айтуды шештік.

Көшу туралы шешім қабылдау өте қиын болды. Қазір мұның дұрыс екенін түсініп отырмын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.