Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
k-msh-l-k-ayypp-ldardy-m-lsher-t-mended
logo
Әкімшілік айыппұлдардың мөлшері төмендеді

11.01.2018

Әкімшілік айыппұлдардың мөлшері төмендеді

9 қаңтардан бастап елімізде «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі аталмыш заңға енгізілген негізгі өзгерістерді халық назарына ұсынады. Ведомствоның хабарлауынша, ҚР ҚРӘҚБтК-нің 40 әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамы бойынша айыппұлдардың мөлшері төмендетілді.

Мәселен, мүгедектердің көлігіне арналған тұрақтарға көлікті қойғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері 50 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейін төмендеп, 24 050 теңгені құрады. Былтыр жүргізушілер заңның осы тармағын бұзғаны үшін 113 450теңге төлейтін. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары жол ережелерін бұзғаны үшін енді бұрынғыдай 5 АЕК (11 345 теңге) көлемінде емес, 2 АЕК (4 810 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жылдың ішінде жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары заңды қайта бұзғаны үшін қолданылатын жаза да өзгерді. Бұрын ол үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуді қарастырса, қазіргі уақытта оның мөлшері 15 АЕК құрайды. Жаңа заңға сәйкес, міндетті сақтандыру келісімшартын жасасуға міндетті тұлға міндетті сақтандыру келісімшартын жасасудан жалтарғаны үшін бұдан былай 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. Ал бұрын міндетті сақтандыру келісімшартын жасасудан жалтарғаны үшін тұлғаларға салынатын айыппұлдың мөлшері 20 АЕК құрайтын.

Сағатына 10 километрден 20 километрге дейін жылдамдықты арттырғаны үшін (ӘҚБтК 592-бабы 1-бөлігі) айыппұл 10 АЕК-дан 5 АЕК дейін, сағатына 20 километрден 40 километрге дейін жылдамдықты арттырғаны үшін (ӘҚБтК 592-бабы 1-бөлігі) айыппұл 15 АЕК-дан 10 АЕК-ке дейін, 40 километрден жоғары жылдамдықты арттырғаны үшін (ӘҚБтК 592-бабы 3-бөлігі) айыппұл 30 АЕК-дан 20 АЕК-ке дейін төмендетіліп отыр. Осы баптың 2,3-бөлігінде қарастырылған іс-әрекет әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жылдың ішінде қайта жасалған жағдайда (ӘҚБтК 592-бабы 4-бөлігі) салынатын әкімшілік айыппұл мөлшері 40-тан 30 АЕК дейін төмендетілді. ҚР ӘҚБтК 592-бабы 1-бөлігі бойынша қайталанушылық қарастырылмаған.

Дерек көзі: 24.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Алматылықтар Үндістанның тағы бір қаласына ұша алады
Алматылықтар Үндістанның тағы бір қаласына ұша алады
Гоа, Джидда, Милан: Орта Азия елдерінен жаңа тікелей рейстер
Гоа, Джидда, Милан: Орта Азия елдерінен жаңа тікелей рейстер
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024. Астанада өтетін үлкен шара қалай өтеді
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024. Астанада өтетін үлкен шара қалай өтеді
Booking.com 2025 жылдың ең қонақжай қалаларын атады
Booking.com 2025 жылдың ең қонақжай қалаларын атады
Идеядан империяға: Алматы қаласында масштабты қазақ тілінде бизнес форум өтпек
Идеядан империяға: Алматы қаласында масштабты қазақ тілінде бизнес форум өтпек