Динара RKH, @dinara_rkh

Динара Рахимбаева — модель және блогер. Оны 500 000 оқырман оқиды. Динараның фотолары журнал мұқабасына ұқсайды. Масс-маркетпен люкс киімдерді сәйкестендіре алады.
Азиза Айбадуллина, @twigbyzeezoo

Азиза Айбадуллина — блогер, әзіл бейнелері арқылы танымал болды. Шопингті жақсы көреді. сәнді киімдерді үйлестіреді.
Дина Цай, @tsaydina

Дина Цай — блогер, психолог, суретші және дизайнер. Өмірі жайлы жазады, түрлі сапарлар мен түсірілімдерден әртүрлі луктағы фотолармен бөліседі.
Айнұр Байтенова, @ainurb

Айнұр Байтенова блогында таңдаулы фотолар, сәнді образдар мен саяхаттардағы жазбаларымен бөліседі.
Гаухар Жексен, @gauharzhexen

Гаухар Жексен — қазақстандық блогер. Кулинария бойынша кеңестерімен, сәнді киімдерді қайдан сатып алуға болатыны ажйлы бөліседі. Барлығын стильді жасайды.
Алия Бермұхамбетова, @aliyah_bm

Алия Бермұхамбетова — инста-ана. Саяхат, отбасы, ас үй және сәнді тенденциялар — осының барлығын Алияның блогында табуға болады.
Рамина Таипова, @taipovaaramina

Рамина Таипова — танымал модель, блогер және ана. Белсенді өмір салтын ұстанады, балаларымен, достарымен қалай уаұыт өткізетіні жайлы фотолармен бөліседі. Әрдайым ашық және сәнді киінеді.
Айлин Елеукен, @aylishkin

Айлин Елеукен — блогер, түрлі фотосессияларға және жарнама роликтеріне жиі қатысады.
Джулиана Карузо, @giulieka

Джулиана Карузо — италияндық тамырлары бар қазақстандық келін, avventurista брендінің креативті дизайнері. Джулиана оқырмандарына ерекше сәнді фотолары үшін ұнайды.
Айман Кулумбетова, @nami_kulumbetova

Айман Кулумбетова — медиамаркетолог және блогер. Маркетинг, ивенттер мен саяхаттардан басқа ол сән әлемінің құпияларымен бөліседі.