Қытайдың әуе компаниясы Қазақстан бағытында рейс ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы авиациялық биліктерінің бірлескен жұмысының арқасында бүгін қытайлық Loong Airlines әуе компаниясы Ханчжоу — Алматы бағыты бойынша алғашқы жолаушылар рейсін орындады. А321 үлгісіндегі әуе кемелері аптасына 3 рет ұшады.
Дереккөз: inform.kz