Қазақстандағы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң Варшавадағы Google компаниясынан оффер алған Кербез Оразғалиеваның оқиғасымен бөлісеміз.
Кербез Оразғалиева, 23 жаста, қала — Варшава, Google компаниясында Software engineer, @nyarr
Қоныс аударуы туралы
Мен Павлодар қаласындағы КТЛ-да оқыдым. 2020 жылы SDU-ды Computer Science мамандығы бойынша бітірдім. Қазір мен Польшада Google әзірлеушісі болып жұмыс істеймін.
Қазір Польшада Google әзірлеушісі болып жұмыс істеймін
Мен Варшаваға алты ай бұрын көшіп келдім. Қандай да бір елге барамын, Google-де жұмыс жасаймын деп ойлаған емеспін. Жай бір күні компанияның рекрутері маған хабарласып, сұхбаттан өтуге ұсынды. Мен бағымды сынап, іріктеуге қатысу қызық болар деп ойладым. Нәтижесінде барлық кезеңнен өтіп, ұсынысты алғаннан кейін ғана мені қай елге шақыратындарын сұрадым. Олар Польша деді, ал мен көп ойланбастан келістім.
Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтар туралы
Польшаға көшу кезінде қиындықтар туындамауы керек. Себебі поляктардың көпшілігі ағылшын тілін, ал аға буын орыс тілін біледі. Мұнда орыстілді иммигранттар да көп. Сондықтан поляк тілін білмесем де, бұл қиындық тудырмады.
Қоныс аударуыма компания көмектесті, сондықтан мен ешқандай құжатпен айналыспадым. Тіпті келгеннен кейін де барлық құжаттарды өздері реттеді.
Көшеде өтіп бара жатқан адамдардан кез келген уақытта көмек сұрауға болады. Поляктар өте мейірімді және әрқашан көмектесуге дайын.
Варшавада мені көлік қатынасы таңғалдырды. Аса бір кептелістер жоқ, қоғамдық көліктер жиі бос болады. Демалыс және мереке күндері ештеңе жұмыс істемейді, сондықтан алдын ала азық-түлік сатып алып қою керек. Демалыс күндері орталық жоспарланған митингілерге байланысты жабылуы мүмкін.
Бұл жаққа қоныс аударған кезде, мен жаңа таныстарға ашық болуды және өзіңізбен пікірлес адамдарды іздеуді ұсынамын. Басқа адамдардың дүниетанымы, ойларымен бөлісе отырып, сол арқылы өзіңізді тани түсесіз.
Польшада қалай жұмыс табуға болады
Мектепте спорттық бағдарламалаумен айналыстым, олимпиадаларға қатыстым. Университетте оқып жүрген кезімде мен DAR-да тәжірибеден өттім. Олар маған Scala әзірлеушісі лауазымына ұсыныс жасады. Мен бұл лауазымда екі жылдан астам жұмыс істедім, содан кейін қашықтықтан украиналық DataEngi компаниясына жұмысқа орналастым. Ұсынысқа қол қойған кезде Google рекрутер хабарласып, мен сұхбатқа дайындала бастадым.
Google сияқты ірі компанияға жұмысқа тұру үшін, Leetcode көмегімен алгоритмдер туралы біліміңізді жетілдіруіңіз керек
Google сияқты үлкен компанияда жұмысқа тұру үшін Leetcode көмегімен алгоритмдер туралы біліміңізді жетілдіруіңіз керек. Сұхбаттан сәтті өтуге қажетті бір лайфхак бар. Бірнеше компанияның бос жұмыс орындарына өтініш беріп, алғашқы сұхбаттарды дайындық ретінде қарастыра аласыз. Көбінесе сұхбат берушілер ұқсас сұрақтар қояды, сондықтан уақыт өте келе олардың кез келгеніне оңай жауап беретін боласыз.
Google-дағы жұмысы туралы
Мен Google Cloud-та Software Engineer болып қызмет етемін. Java-да жазамын.
Google-де жұмыс істеудің көптеген ерекшелігі бар, бірақ бәрінен бұрын inclusivity таңғалдырды. Мен жұмысқа кіріспес бұрын менеджерім мен келген соң командалық іс-шара өтетінін айтты. Ол маған қашан тамақтану ыңғайлы болатынын және ішімдікке деген көзқарасымды сұрадыйтты. Рамазан айы болатын, мен ораза ұстап жүргенмін. Сондықтан іс-шара барысында біз ойнадық. Содан соң әріптестерім мені үйге апарып тастады да, мейрамханада ауызашарға күтті. Google ғимаратында тіпті намаз оқитын бөлмелер бар. Компания тегін тамақ береді. Халал ет аптасына екі рет дайындалады.
Қоныс аудару қалай әсер етті
Қоныс аударған соң мен белсенді бола бастадым, жаңа адамдармен тез танысып, араласып кетуді үйрендім.