Корея
 
 
Желпуіштер
 
 
 
 
 
 
Корей желпуіштерінің бір ерекшелігі — стильді суреттер. Корей шеберлері желпуіштерді көбінесе жеміс-жидек, гүлдер, құстар, бамбук суреттерімен безендіреді.
 
Бағасы: 4000 — 5000 тг
 
Pororo жұмсақ ойыншықтары
 
 
 
 
 
 
Pororo — корей мультфильмдерінің ең танымал кейіпкері. Бұл Pororo Plush Toy компаниясының бірегей ойыншықтары Корея павильонының үшінші қабатында орналасқан кәдесыйлар дүкенінде сатылады.
 
Бағасы: 4000 — 8000 тг
Вьетнам
 
 
Кокостан жасалған тостағандар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мұнда нағыз кокостан жасалған тостағандарды сатып алуға болады. Оларды кәдесый ретінде сыйлауға немесе кәмпит салғыш ыдыс немесе тиын салғыш ретінде қолдануға болады.
 
Бағасы: 3000 тг және 4000 тг
 
Non la Вьетнам қалпағы
 
 
 
 
 
 
Вьетнамда қалпақ туралы аңыз бар. Бұл аңыз бойынша бойы өте ұзын әйел өмір сүріпті, ол үнемі төрт дөңгелек жапырақтан жасалып, бамбукпен біріктірілген сиқырлы қалпақты киіп жүреді екен. Ол әйел қай жерге барса, сол жердегі бұлттар ашылып, ауа-райы жақсара түсетін болыпты. Ол өз білімін адамдарға үйретіп, көкөністер мен ағаш егуге үйреткен екен, содан кейін із-түссіз жоғалып кетіп, жұмаққа түскен. Содан бері адамдар сол әйелдікіндей қалпақ жасап, барлық жамандықтан сақтайды деп санайды екен.
Бағасы: 5000 тг
 
Қолдан жасалған аспашамдар
 
 
 
 
 
 
Вьетнам аспашамдарының матасы жібектен тоқылады. Аспашамдарды сыртта өтетін шараларды, үй ауласын безендіру үшін қолдануға болады.
 
Бағасы: 4000 — 8000 тг
Иордания
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Иорданияның ең танымал кәдесыйы — суреті бар бөтелкелер, олар Петр құмынан жасалады. Сондай-ақ, павильонда бөтелкенің ішіне құммен өз атыңызды жаздырта аласыз, мұндағы шеберлер сіздің көз алдыңызда дайындап береді.
 
Бағасы: 2000 — 8000 тг
Түркия
 
 
Түрік орамалдары
 
 
 
 
 
 
Танымал сапалы түрік орамалдарын жаз бойы Астанадан сатып алуға болады.
 
Бағасы: 3000 тг
 
Үйге арналған түрік тұмары
 
 
 
 
 
 
Түрік тұмары немесе Фатиманың көзі Жердегі ең ежелгі тұмардың бірі. Егер сізде мұндай тіл-көзден сақтайтын тұмар болмаса, Түрік павильонынан сатып аласыз.
 
Бағасы: 3000 — 5000 тг
Үндістан
 
Нағыз үнді шәйі
 
 
 
 
 
 
Мұнда сіз түйіршіктелген және ірі жапырақты нағыз үнді шәйларын таба аласыз. Шәйдің бірнеше киллограмдап сатып алуға болады.
 
Бағасы: 500 — 10 000 тг
 
Бансури
 
 
 
 
 
 
Бансури (бансри) — үнділердің үрмелі аспабы, сыбызғының бір түрі. Оны бамбуктің арнайы бөлігінен дайындайды, оның алты немесе жеті саңылауы болады.
 
Бағасы: 500 тг
 
 
Кения
 
 
Кения кофесі
 
 
 
 
 
 
Shiriki кофесі Найробиде шығарылады. Африка елдерінің павильонынан кениялық кофені 250-, 500-, 1000-грамм қалташаларда сатып ала аласыз.
 
Бағасы: 2000 — 7000 тг
 
Барабан
 
 
 
 
 
 
Павильонда түрлі ырғақ пен дыбысқа ие үлкенді-кішілі африкалық барабандар бар.
 
Бағасы: 4000 — 8000 тг
Мысыр
 
«Папирус» кәдесыйы
 
 
 
 
 
Павильонда түрлі суреттері бар папирустарды сатып алуға болады, бұл суреттер Мысырдың тұрмысы мен тарихынан сыр шертеді.
 
Бағасы: 1500 тг және 3000 тг
 
                         
                         
 
                 
                                                        