Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап кедендік 17 рәсімнің барлығы электронды декларацияға ауыса бастайды. «Астана-1» пилоттық жобасы Қазақстанның барлық аймағына таралады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ұлттық палатасының өкілдері бас қосқан жиында айтылды.
Айта кетейік, ең ірі кедендік транзит шараларына қатысты алғашқы пилоттық жоба осы жылдың қазан айында іске қосылды. Ал 2018 жылдың қаңтарынан экспорттық, ал ақпаннан импорттық ресімдеу жұмыс істей бастайды. Дегенмен 1 қаңтардан «Астана-1» жобасының ақпараттық жүйесін іске қосу мүмкін емес. Бағдарламаны тестілеуге қатысқан кәсіпкерлер жаңа жүйе 20-30 пайызға ғана дайын деп баға беріп отыр.
Дерек көзі: 24.kz