facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
keler-men-balalar-sayasat-n-rbek-nege-bala-b-l-ek-nsh-m-mk-nd-k-zh-ne-balalardy-z-armandary-men-alay-el-kt-ruge-bolatyny-zhayynda
logo
Әкелер мен балалар. Саясат Нұрбек неге бала – бұл екінші мүмкіндік және балаларды өз армандарыңмен қалай еліктіруге болатыны жайында

Саясат Нұрбек, 37 жаста, туған қаласы — Семей, BTS Digital білім беру бағдарламаларының басшысы

Лейла Нұрбек, 10 жаста, туған қаласы — Астана

29.01.2019

Әкелер мен балалар. Саясат Нұрбек неге бала – бұл екінші мүмкіндік және балаларды өз армандарыңмен қалай еліктіруге болатыны жайында


Отбасы жайында


Саясат. Мен үшін отбасының мәні зор, бұл өмірдегі ең маңызды жетістіктердің бірі.

20181220-WED_5333.jpg

Мен 13 жасқа дейін әкемнің ата-анасының қолында тәрбиелендім және оларды өзімнің ата-анам ретінде санадым. Бұл жағдай маған және менің отбасы түсінігін қабылдауыма ықпал етті. Мен ерлі-зайыптылар, әке мен бала арасындағы толлыққанды қарым-қатынасты көрген жоқпын. Және мен арқашан нағыз отбасының болғанын қаладым. Балалар отбасыдағы өзара қатынас үлгісін көрмей өскен кезде, оларға осының барлығын құру қиынға соғады. Мен балаларға жеткіліксіз уақыт бөліп жатқан сияқтымын. Жауапкершілікті қорқатын кездер де болып тұрады.

Отбасы – бұл ұрпақтың жалғасы ғана емес, бұл адамның басты әлеуметтік міндеттемелерінің бірі, лайықты баланы тәрбиелеу мүмкіндігі, оған өзін жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

Менің ойымша, бала – әрбір адамға берілетін екінші мүмкіндік. Бір барлығымыз қателіктер жасаймыз, мінсіз адам болмайды. Және де адам баласын өзі жасаған қателіктерін қайталамауға, мүмкіндіктерді жібермеуге, өзі ашып үлгермеген есіктерді ашуға үйрете алады.

Лейла. Менің отбасым – бұл бір шатырдың астында бірге өмір сүріп жатқан адамдар және мен оларды шын ниетіммен жақсы көремін. Мен олардың жанында болған кезде, бақыт күйін кешемін.

Адамға бір нәрсеге жету үшін отбасының болғаны қажет. Адамдар өздерін жалғыз сезінбеу үшін отбасын құрады.

20181220-WED_5352.jpg

Саясат. Бала – қуаныш әкелетін жаратылыс. Кішкентай ғана дене жаңа тұлғаға айналып жатқанын бақылау ғажап нәрсе. Ол саған, сенің туыстарыңа мүлдем ұқсамайды. Тағы біраз уақыттан кейін бұл кішкентай жаратылыс сізді сынай бастайды, дұрыс тамақтануды, спортпен шұғылдануды үйретеді. Бала өсіп, өзінің жолын табады, ал біздің міндетіміз – оған көмектесу. Ата-ана тәжірибесі ешнәрсемен салыстыруға келмейді.

Ата-ана тәжірибесі ешнәрсемен салыстыруға келмейді

Лейла. Ата-аналар үймен, тамақпен, ақшамен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар олар балаларға махаббат сезімін беру керек. Балалар ата-анаға сенім білдіруге болатынын және олар балаларын әрқашан жақсы көретінін білуі қажет.

Отбасыдағы баланың міндеті – ата-анаға көмектесу. Оған қоса оқу да маңызды. Бұның барлығы ата-ананы бақытты ету үшін жасалады.

Саясат. Белгілі жасқа дейін балаға тиіспеген жөн. Ол өмірге қуана отырып, сізді де қуантуы керек. Дұрыс отбасы – бұл бала кез-келген жаста бала болып қала алатын отбасы.


Махаббат жайында


Саясат. Мен махаббаттың не екенін ұзақ уақыт түсінбейтінмін. Мен қарым-қатынастың дұрыс үлгісін көрген жоқпын және құштарлық пен махаббатты жиі шатастыратынмын. Бұл бір түсіндіруге келмейтін, ұтымсыз нәрсе. Бұл талдауға болмайтын көзге көрінбейтін нәрсе. Егер сіз түсініксіз сезімде болсаңыз, демек бұл махаббат. Ал егер сіз оны талдап, есептеп, белгілей алсаңыз, демек бұл басқа бір нәрсе.

20181220-WED_5377.jpg

Лейла. Махаббат – жақын адамдарыңа деген сезім. Бұл сезім өзіңді жалғыз сезінбеу үшін қажет. Сені жақсы көрген кездк, сен біреуге сенім білдіре алатыныңды нақты білесің. Бұндай адамдармен сен әрқашан бақыттысың. Мен отбасымды және достарымды жақсы көремін.


Армандар жайында


Саясат. Мен арманшыл адаммын және балаларымның армандары болғанын қалаймын. Адамның арманы болғаны маңызды. Арманы мен мақсаты жоқ адам өмір сүрмейді деген сөз.

Біз барлық ақылды машиналардан ойлау қабілетімен ерекшеленеміз. Біз не жайлы болса да ойлап, армандай аламыз. Қаншалықты көбірек қиялдай алсақ, соншалықты ойлау қабілеттілігіміз де артады.

Менің армандарым көп. Мысалы, маған басқа планеталықтар барлық білім мен инновацияларға үйрету үшін біздің отбасымызды таңдағаны және біз олармен қарым-қатынасқа түскеніміз жиі түсіме енеді. Бір жылдан кейін біз қайтып келген кезде, бізді барлығы күтіп жүр. Күн сайын әлемдегі мыңдаған ғалымдарымен кездесулер өтеді. EXPO жерден тыс өркениетпен коммуникацияларды қадағалайтын жерге айналды және сол жерге әлемдегі барлық делегациялар келіп тұрады.

20181220-WED_5327.jpg

Ал егер армандарымды аласартсам, онда мен балаларымның өзім жете алмаған академиялық деңгейлерге жеткендерін қалаймын. Мен Гарвардта доктарантураны бітіргім келді және бұл арманыммен балаларымды еліктірдім. Мен олардың ғалым болғандарын қалаймын. Олардың өмірінде барлық нәрселері үйлесімді түрде байланысты болғанын қалаймын.

Мен олардың «жаңа жер тұрғындары» – басқа буын өкілдері, яғни интеллектуалды дамыған, еркін, тәуелсіз болғандарын қалаймын. Бірақ сонымен қатар өздерінің ата-тегін, тарихын ұмытпағандарын қалаймын.

Лейла. Мен ана мен әкем сияқты– көп тілдерді үйреніп, дарынды, ақылды болғым келеді.

Мен көп саяхаттауды армандаймын, себебі көбірек білгім келеді. Мен Америкаға, кейін Жапонияға барар едім. Жапония – каратэнің негізі қаланған ел, сол себепті мен сол жерге барып көргім келеді.


Балалық шақ пен есею жайында


Саясат. Бала болу қиын, біз балаларға үлкен жүк артамыз. Мен демографиялық саясаттың нәтижесінде Қытай, Үндістан, Малайзия сияқты елдерде ата-аналар барлық күшін бір балаға бағыттайтынын көріп отырмын. Балалар аз демалады, тілдерді үйреніп, спортпен, музыкамен айналысады. Өскесін олар әлемдегі алдыңғы қатарлы компанияларға жұмыс істеуге барады. Олар тәртіпті және ынталанған, мүлдем ешнәрседен қаймықпайды.

Жан-жақтан жаһандану және бәсекелестік болып жатқан кезде, балаларды аяуға болмайды. Егер біз оларды босатсақ, олар дайын болмайды. Бұл олар үшін ауыр болады.

Лейла. Бала болу оңай, тек кейбір кезде оқуда кішкене қиындықтар туындайды. Мен бала болғым келеді, себебі кейде жауапкершілікті мойныма артқым келмейді.

20190125_124911.gif

Менің ата-анам күннің соңында қатты шаршайды, себебі олардың істері, міндеттері көп.

Саясат. Бала бірдеңені істемей алуы да мүмкін. Ал сен бірнәрсені істемеуге мүмкіндігің болмаса, үлкен өмір басталады. Көп адамдар өздерін бала сияқты танытады, мәселелерді қабылдап, шешкілері келмейді. Сол себепті үлкен адамның айырмашылығы – өзінің міндеттері мен мәселелерін түсініп, қабылдау.

Үлкендерде сүйікті жұмыстары бар және олар әлемге ықпал ете алады

Лейла. Үлкендерде сүйікті жұмыстары бар және олар әлемге ықпал ете алады. Кейбір кезде үлкен болу жақсы, себебі сен қалағаныңды істей аласың.

Менің сыныптастарым әкемді біледі және оның күшті екенін айтады. Ол туралы солай айқанда маған ұнайды. Мен осындай отбасым болғанына ризамын. Әкем бізге ең жақсы нәрселерді беруге тырысады.


Хобби жайында


Саясат. Менің әуестерімнің бірі – кинематограф, мен көп фильмдерді қарап шықтым. Бұл маған ұнайтын нәрсе. Балаларымда да бұл құмарлық бар.

Балалық шағымда мен жақсы сурет салатынмын, бірақ тастап кеттім. Адамға бір нәрсе ұнаса, бірақ ол оны өзінен алыстатса – бұл қорқынышты. Қазірде қызым суретті жақсы салады, оның жанды қиялы жақсы дамыған.

Спорт, өкінішке орай, өмірімнің бөлігі бола алмады, бірақ мен оның балалар өмірлерінің ажырамас бөлігі болғанын қалаймын.

Саяхаттар – рахат алудың қуаты, бұл маған ұнайды.

Сонымен қатар маған кітап оқу ұнайды. Өкінішке орай, біз балаларымызға кітап оқуға деген сүйіспеншілікті сіңіре алмадық, бірақ бұл мәселе бойынша біз жұмыс істеп жатырмыз.

Лейла. Ата-анам маған ұнайтын нәрселерді әрқашан қолдайды.

20181220-WED_5343.jpg

Мен бес жасымнан бастап каратэге барып жүрмін дәне әрдайым жақсырақ болуға тырысамын. Жарыстарда жеңіске жеткен кезімде, мені үйреткен жаттықтырушым үшін бойымды мақтаныш және қуаныш сезімі билейді. Маған каратэ ұнайды, бұл менің стилім екенін сеземін. Кішкентай кезімде мен жүзуді үйрендім және қазірде жаттықтырушыммен бірге айналысамын.

Мен бірнеше тілдерді – қазақ, орыс, ағылшын, араб, түрік тілдерін білемін. Мен кітап оқуды және сурет салуды ұнатамын. Мені шығармашылық бала деп атайды. Бірақ менің сабақтарға бөлетін уақытым көп емес.

Біз отбасымызбен бірге қыдырамыз, барлығына ұнаған жерді таңдаймыз. Біз ортақ пікірге жиі келеміз, себебі бірдей ойлаймыз.

Әкем және ініммен Marvel-ді талқылаймыз, бізге фильмдер ұнайды.Және мен анам жауап бере алмайтын қиын сұрақтар бойынша әкеме барамын. Біздің өз әзілдеріміз бар.

Әрбіреуімізге әртүрлі нәрселер ұнауы мүмкін, бірақ біздің отбасымызда ортақ қызығушылықтар, тақырыптар бар, себебі біз ұқсаймыз. Менің әкем ақылды, түсінігі бар адам, анам – дарынды, әдемі және мейірімді.


Болашақ жайында


20181220-WED_5382.jpg

Саясат. Мен болашақта балаларым байсалды тұлғалар болғандарын, уақыттарын өмірдің әртүрлі салаларына бөлгендерін қалаймын. Олардың спортпен айналысып, сау болғандарын, эмоционалды және рухани интеллектке ие болғандарын қалаймын. Бұндай адамдар өмірде барлық нәрселерге қол жеткізеді.

Лейла. Маған IT ұнайды. Мен Google компаниясында жұмыс істегім келеді. Жақында әкем іссапардан келіп, Google-дан қалам, жеңіл жейде және стақан алып келді. Ол сол жер туралы көп нәрсе айтты. Мен сол жерге жұмысқа орналасау үшін алгоритмикаға барып, көп нәрселерге үйреніп жатырмын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.