facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ke-men-bala-alaysha-dos-boldy-zh-ne-nel-kten-balalardy-lpeshtep-s-ru-azhet-emes
logo
ӘКЕ МЕН БАЛА ҚАЛАЙША ДОС БОЛДЫ ЖӘНЕ НЕЛІКТЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛПЕШТЕП ӨСІРУ ҚАЖЕТ ЕМЕС
Главный (каз)

14.11.2018

ӘКЕ МЕН БАЛА ҚАЛАЙША ДОС БОЛДЫ ЖӘНЕ НЕЛІКТЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛПЕШТЕП ӨСІРУ ҚАЖЕТ ЕМЕС

Дияз Байсеитов, 39 жаста, туған жері — Алматы

Ахмет Байсеитов, 15 жаста, туған жері — Алматы

Отбасы туралы

Дияз. Отбасы — ең жақын байланысты қалыптастыратын негізгі әлеуметтік бірлік. Мен адамзат қоғамын және атомды салыстырамын. Тек екі электрон сыйатын алғашқы атом қабығы, мен үшін отбасы болып табылады. Отбасы тірек болып, екі адамға ортақ құндылықтарды сақтауы тиіс.

20181104-WED_4887.jpg

Аxмет. Отбасымның жанында өзімді жайлы сезінемін, раxатқа бөленіп, сыртқы әлем жайлы ұмыта аламын. Отбасым бар жер үйім болып саналады.

Балалар — ата-анасының бақыты. Ата-ана балаға білім мен тәрбие беруге міндетті, ал балалар есейген кезде ата-аналарын қолдаулары тиіс.

Балалары ата-анасының ең жақсы нұсқасы болып өсу үшін олар балаларына үлгі болулары қажет.
Мен анаммен де, әкеммен де жақын достарыммен секілді араласамын. Олар өздерінің көзқарастары мен пікірлерін маған міндеттемегендеріне мақтан тұтамын. Олар қанша адам болса, сонша пікір болатындығын және оларды қабылдау қажет екенін үйретті. Ата-анам маған бастапқы білім, ресурстар беріп, ақпаратты қайдан алу қажет екенін, бағыт-бағдарды көрсетті, ал жолымды мен өзім құрып жатырмын.

20181104-WED_4826.jpg

Дияз. Ата-аналарға балаларына жеке меншік ретінде қарамауға және ережелер қоймауға кеңес берер едім. Балаларды әлпештеп өсіру қажет деп ойламаймын: брендті киімдер кигізіп, ең үздік мектептерде оқыту. Ұлы адамдардың өмірбаяндарын оқысақ, олардың көбісі ауыр жағдайларда өмір сүрді. Өмірдің бүкіл ләззатарын көріп, барлық нәрсе қолжетімді болған адам еріксіз өмірге деген құлшынысын жоғалтады. Бала өмірді айыра біліп, шешімдерді қабылдап, кейде қолайсыздықтарға шыдай білуі тиіс. Сондықтан, менің ойымша, ата-аналар балаларына минималды бастама, қажетті жағдайлар жиынтығын беру керек: жақсы кітаптар, дұрыс музыка, бала көретін бағдарламалар фильтрі. Оның ой-өрісін кеңейту керек, өнер мен табиғатты танып білулеріне мүмкіндік жасау қажет.

Ата-аналардың тағы бір маңызды функциясы — үлгі болу. Өйткені балаға не айтсаң да, ол сенің іс-әрекеттеріңді қайталап отырады.

Балаларымызға үлкен үміт артамыз, алайда оларды сіз қалаған өмірге бағдарламалауға болмайды. Сол себепті нұсқауларды асырып қоймау керек. Өмір бойы балаларыма мейірімділік көрсетуге тырыстым. Бұл оларға қажет ең маңызды нәрсе.


Маxаббат туралы


20181104-WED_4884.jpg

Дияз. Антуан де Сент-Экзепюри жазғандай, маxаббат — ол бір-біріне бір бағытта қарау. Физикалық деңгейде — бұл қуатты допинг, ал руxани деңгейде — жауапкершілік. Өйткені маxаббат — ол бауыр басып қалу. Мен еркіндікті жақсы көретін адам ретінде бұл басқа адаммен өз жоспарларыңмен, әрекеттеріңмен бөлісуге тура келетін бостандыққа қойылатын шектеу екенін түсінемін. Біреу сенің жоспарларыңмен бөліссе, ол керемет, бірақ керісінше жағдайда маxаббат тежеуге айналуы мүмкін.

Көптеген қасиетті кітаптарды оқып, маxаббат — бұл жаратушыға секілді басқа адамға деген маxаббат екенін түсіндім. Егер жай ғана саған қамқор бола алатын әдемі әйелді немесе ер адамды көрмей, оның бойында өміріңіздің жаратушысын көре алсаңыз, бұл мүлдем басқаша деңгей болып саналады.

Аxмет. Маxаббат — бұл жай ғана xимия емес, бұл адамдардың ортақ нәрселерінің көптігі, бір-бірімен қызықты болу және қолайлылық. Мұнда бір сиқырлық бар, оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын.


Армандар туралы


Дияз. Арман — КРІ өзіндік формасы, қол жеткізуді қажет ететін мақсат.

20181104-WED_4846.jpg

Шығармашылық мамандықтарға деген қабілеттерім болса да, олардан бас тартқаныма өкінемін. Ғалым болуды армандадым, бірақ кейін жақын арада ғалымдар, музыканттар, жазушылар ешқандай құрметке лайық болмайтынын түсіндім.

Сондықтан қарапайым кеңсе қызметкері болдым. Бірақ әрқашан өзіме еркіндік бергім келді, сол себепті қазір армандарымды жүзеге асырумен айналысамын. Ол музыкаға байланысты, сондай-ақ, кітап жазу үшін сөз өнерін де меңгергім келеді.

Өзімнің Икигайыма тоқтағым келеді. Икигай — сіздің қызығушылықтарыңыз, құзыреттеріңіз бен қоғамға деген пайдаңыз үйлесетін нүкте. Мен жұмысқа, шығармашылыққа, табиғатқа және спортқа орын болатын теңдестірілген өмірді армандаймын.

Ахмет. Мен музыкантпын және менің арманым — музыка индустриясын өзгерту, ерекше нәрсе ойлап табу. Кейде 80-жылдары, Майамиде тұруды армандаймын. Бұл атмосфералық және эстетикалық орын еді. Алғашқы электронды музыка дәл осы кезде пайда болды.

Дияз. Жасөспірім болу қиын. Ішкі әлем қалыптасып, барлығы саған кереғар деген ой пайда болады, сен жалғыз басқаша ойлайсың, сондай уақытта ата-ана тәлімгер болмауы тиіс, өйткені бала оны елемей, түңіліп қалады. Бала үшін дос болу қажет. Ахметпен дос ретінде сөйлесуге тырысамын.
Ересек болу оңай, өйткені ондай адам өз ісін, өзін тауып, артық ештеңеге көңіл бөлмейді деп саналады. Бірақ ересек адамдар тым рационалды, сол себепті бойыңыздағы әлемге деген ашық көзқарас пен сау балалықты сақтап қалу керек.

Неке — ересектер әлеміне жасалатын ең бірінші қадам, мұнда сіз тек өзіңіз үшін ғана өмір сүрмейсіз. Көбісі мұндай жауапкершілікке шыдамайды, өйткені неке құрған кезде өмірлерін бұрынғыдай жалғастырамын деп ойлайды.

Ер жету — мұрагерлер пайда болатын шақ.

Ахмет. Бала болу оңай, бірақ ол отбасыға және отбасыдағы жағдайға қатты байланысты.
Ересек болу қиын. Бұрын білімің мен тәжірибең көп болғаны керемет деп ойлайтынмын, алайда бұл әрқашан олай емес. Көптеген ересек адамдар уақыт өте келе аңғалдығын және ынталарын жоғалтады.

Менің жағдайымда мен баяулап ер жетіп жатырмын.


Хобби туралы


Дияз. Саяхаттауды жақсы көремін. Мотоциклім бар және жылына бір рет үлкен саяхат жолға шығамын. Сібірді аралап, Орталық Азиядан Ауғанстанға дейін барып, жақында Еуропаға да жеттім. Мен үшін бұл саяхаттаудың ең қаныққан әдісі.

Astana Adventure клубымыздың мүшелерімен уақыт өткізген ұнайды. Бұл менің Астанадағы қызығушылығым, жазда да, қыста да трекингпен айналысамыз, туған өлкемізді зерттейміз.
Айына екі-үш рет кітап оқимын. Көбінесе бұл аудио-кітаптар, өйткені кәдімгі кітаптарды оқуға уақытым жетпейді.

20181104-WED_4836.jpg

Ахмет. Алматыдан Астанаға көшкенде жасым 12 болды, сыныпқа келіп, сыныптастарымның жүзеге асырып жатқан армандары мен жоспарлары бар екенін байқадым. Сол кезде әкем маған электронды музыка жасайтын бағдарламаны жүктеген болатын. Бірақ онымен айналысуға қорықтым, өйткені ол күрделі. Алайда сыныпта жетістіктеріммен бөліскім келді, сондықтан музыка жасайтынымды айттым. Мені бұл ынталандырды, осыдан кейін музыкамен көбірек айналыса бастадым. Қазір IТunes-те өз альбомым бар.

Барлық жасөспірімдер секілді видео-ойындар ойнаймын. Сонымен қатар, ғалымдардың дәрістерін тыңдап, философтардың кітаптарын оқуды ұнатамын.

Дияз. Ахметке уақыт бөлуге тырысамын. Онымен жиі араласамыз, музыкалық soft-ты меңгеріп, ғылым жайлы әңгімелесіп, Шымбұлаққа барып, сноуборд тебуді үйреніп жатырмыз. Соңғы уақытта жалғыз мен ғана ақпараттармен бөліспей, ол да мен үшін көптеген жаңа нәрселерді ашып отыр. Маған оның бірінші нобайларын тыңдаған ұнайды, мен оның ең бірінші сарапшысымын. Ұлымның маған дос болуын армандап едім және барлығы ойымдағыдай болғанына қуаныштымын.


Болашақ туралы

Дияз. Ахмет сүйікті ісімен айналысқанын қалар едім. Оның қабілеттері бар және ол өзін музыкада жетілдіргенін қалаймын. Мансабына сәттілік тілеймін, оның қалыптасуына бүкіл жағдай жасаймын.

Ахмет. Қуатым мен балалық аңғалдығымды жоғалтқым келмейді. Қызықты тұлға болып, көзқарасымды өзгертіп немесе бөтен пікірлерді қабылдауға ашық болғым келеді. Көптеген адамдар өз пікірін фактілермен теңестіреді, бұлай болмау керек. Бес жылдан кейін қазіргі іс-әреттеріме ұялмағандай өмір сүргім келеді.

Танымал музыкант болғым келеді. Бірақ, көбісі қосымша жоспар болу керек деп айтады, өйткені музыканттардың көбісі сөніп, музыкадан шаршайды. Өзім жайлы білетінім: кеңседе отырып, біреуге жұмыс істеп, жалақы алып, бастықтан қорқа алмас едім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.