facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
katarda-y-aza-tar-qatar-airways-kompaniyasyna-zh-mys-a-ornalasyp-lemdeg-e-bay-elde-m-r-s-ru-zhayynda
logo
Катардағы қазақтар. Qatar Airways компаниясына жұмысқа орналасып, әлемдегі ең бай елде өмір сүру жайында

07.02.2019

Катардағы қазақтар. Qatar Airways компаниясына жұмысқа орналасып, әлемдегі ең бай елде өмір сүру жайында

Элмира Абдуалиева, 26 жаста, туған қаласы — Алматы, Qatar Airways стюардессасы

49933561_366198660863366_1152416168731981950_n.jpg


Алматы — Доха


Көшіп кеткенге дейін мен Алматыда корей компаниясында жұмыс істедім. Бірақ мен әрқашан жаңа нәрсені қалайтын адаммын, сол себепті қызмет түрімді ауыстыру жайында ойлана бастадым.

Qatar Airways Қазақстанда қызметкерлерді қабылдауды жүргізіп жатқанын естіген кезде, өз күшімді байқап көруді шештім. Бұл компанияда менің таныстарым істеді және мен жұмыс пен саяхаттауды қатар алып жүрсем, жақсы болар еді деп ойладым. Бұл әуе жолы компания қызметкерлерінің жалақылары, жағдайлары жақсы дәрежеге қойылған және мен әлем бойынша саяхаттай алатынымды білдім. Сол себепті компания өкілдері Алматыға келген кезде, мен сұхбаттасуға барып, 2018 жылы Катарға көшіп кеттім.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


t 22.07.34.jpeg

Бұған дейін мен Катар жайында бұл елдің әлемдегі ең бай ел болып табылатынынан басқа ештеңе білмейтінмін. Бірақ мен көшіп келгенде, ешбір қиындықтарға тап болған жоқпын. Компания барлық құжаттарды дайындады, тұрғын үйді берді. Біз барлығы дайын болған кезде келдік және елмен ақырындап таныстық.

Мен кішігірім мәдени есеңде болдым. Мысалы, осында міндетті түрде иықтарды, тізелерді жауып жүру керек, ұзын және бос киімдерді кию керек. Катарда көп ер адамдар тұрады, бұл үйреншіксіз болды. Оған қоса жергілікті адамдарды – ақ немесе қара киімдегі катарлықтарды көру жат болды. Бірақ қазір біз үйреніп алдық.


Катардағы өмір жайында


Мен Катардың астанасы – Доха қаласында тұрамын, бұл ең дамыған қала. Осында көп шетелдіктер тұрады, олар осында жұмыс істеу үшін келеді. Осында тұру Қазақстанға қарағанда қымбаттырақ, бірақ Дубайға қарағанда арзанырақ. Оның өзінде қалада әдемі бай аудандармен қатар кедей аудандары да бар.

WhatsApp Image 2019-01-15 at 22.07.59.jpeg

Осында азық-тұліктерге тапсырыс беріп алуға болады және оларды сіздің пәтеріңізге тегін алып келеді. Қалада қоғамдық көлікті пайдаланбайды деп айтса да болады, барлығы таксимен жүреді. 2022 жылы осында футбол бойынша Әлем чемпионаты өтеді, бұл шараға белсенді түрде дайындық жүргізіліп жатыр, алаңдар салынып, метро ашылып жатыр. Қала көз алдымызда өсіп жатыр.

Күніне бірнеше рет белгілі уақытта азан шықырылып жататыны үйреншіксіз болды. Ал Рамазан кезінде тамақ ішу немесе сусын ішу, тіпті бөтелкідегі суды өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілмейді. Бұл үшін айыппұл салуы мүмкін. Барлық кофеханалар жабылады және тек кешкі уақытта ғана ашылады.

Елде салауатты өмір салты насихатталады, оған қоса газдалған сусындарға салық салынады.


Qatar Airways компаниядағы жұмыс жайында


35.jpeg

Компанияға кіру үшін сұхбаттасудан өту қиын болған жоқ. Бастапқыда біз шамамен 250 адам едік, бірақ іріктеуден 10-12 адам өтті. Бұл көп адам, сол себепті кейбір елдерде бір немесе екі адамды таңдап алуы мүмкін.

Бұрын мен стюардесса болу оңай деп ойладым. Бірақ бұл қиын жұмыс, әсіресе бес жұлдызды әуе жолында жұмыс істеу қиынға соғады.

Біз халықаралық сапарлар бойынша жұмыс жасаймыз. Бізде белгілі бір ұжым жоқ, борттағы команда әрдайым ауысып отырады. Qatar Airways компаниясында шамамен 12 000 борт-жолсеріктері бар және сен әрдайым әртүрлі адамдармен жұмыс істейсің. Мен барлығымен тіл табысып, адамдарды танып білуге тырысамын.

36.jpeg

Кейбір кезде біз бір елге барып сол күні ораламыз. Сондай сапарлар бұрылатын деп аталады және бес сағаттан кем созылмайды. Мысалы, біз Стамбулға барлық, қонақтарды шығарып салдық, жаңа қонақтарды қарсы алып, Дохаға қайтадан келдік. Елде қалатын басқа да сапарлар бар. Бір елде аялданып тоқтау 12 ден 50 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Әдетте бізде 24 сағат уақытымыз бар және бізге бұл уақыт қалаға шығып, қыдырып келуге және сапар алдында демалып қайтуға жеткілікті болады. Жұмыс істеп жатқан уақыт аралығында мен Африкаға, Канадаға, Аустралияға, Азия және Еуропа елдеріне ұшып үлгердім.

Келісімшарт бойынша бізге блог жүргізіп, компания жайында жазуға болмайды. Егер біз желіге формамызбен тұрған суретті салсақ, шомылу киімі немесе алкоголь ішімдіктері бар суреттер болмауы тиіс. Компанияның ережелері қатал және біз оларды бұзбауға тырысамыз.

Бұл жұмыс мені аз сөйлеп, көп тыңдауды үйретті. Кезінде мен Алматыда көп достар мен таныстарға ие болу үшін әртүрлі іс-шараларға баратынмын.Ал қазірде менің айналамда адамдар көп және кейбір кезде жалғыздықта болуды қалаймын.

(1).jpeg

Мен байсалды бола бастадым, әртүрлі адамдарды қабылдауды және олардың адами қасиеттеріне көңіл аудармауды үйрендім. Сапар барысында барлық адамдармен сөйлесіп, барлығына көңіл бөліп шығу қажет, сен еріксіз психолог болуды үйренесің.


Көшіп кету қалай әсер етті


Катар – мен үшін жаңа ел мен мәдениет. Мен ұстамды болуды үйрендім.

Сонымен қатар мен Алматының ең керемет қала екенін түсіндім. Мен әрқашан Алматыны жақсы көрдім, бірақ мені әрдайым жаңа жерлерге тартатын, барлық жерлерде болып көруді қалайтынмын. Қазірде мен әлемнің түкпір-түкпірінде болып шықтым және мені қайтадан Алматыға тартады. Сол жерде менің отбасым, достарым тұрады және қаланың өз атмосферасы ерекше.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея