facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/931/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/if3m59ww1dwmg63j5rs0lb2cafl1e02f.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
kanadada-o-y-ym-keled-aza-standy-studentterd-t-zh-ribes-men-a-yl-ke-es
logo
Канадада оқығым келеді: қазақстандық студенттердің тәжірибесі мен ақыл-кеңесі
Главный (каз)

21.09.2023

Канадада оқығым келеді: қазақстандық студенттердің тәжірибесі мен ақыл-кеңесі

Біз әртүрлі елдердегі жоғары оқу орындарына түсу және оқу ерекшеліктері туралы айтуымызды жалғастырамыз. Бұл жолы біз Канада университеттеріне түскен студенттердің тәжірибелерімен бөлісіп отырмыз.


Жанель Қожағапанова, 23 жаста, қаласы — Ванкувер, Social media marketing specialist, @kozhagapanova_

Жанель К

Оқуы туралы

Мен Канадаға 18 жасымда қоныс аудардым. 2023 жылдың басында Ванкувердегі Simon Fraser University-дің бакалавриат бағдарламасын аяқтадым.

Канадаға қалай оқуға түсуге болады

Канадаға түсудің негізгі талаптарының бірі — IELTS тапсыру. Оқуға түсуге қажетті ең төменгі балл — 6,0. Бірақ егер қаржылық көмек алғыңыз келсе, тест нәтижеңіз неғұрлым жоғары болса, стипендияны ұтып алу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.

Алдымен сізді қызықтыратын бағдарламасы бар университеттерді таңдау керек. Ресми сайтта қабылдауға қойылатын талаптар туралы ақпарат болады. Көбінесе бұл IELTS, мектеп аттестаты және ынталандыру хаты. Әр университетке түсудің өзіндік талаптары болуы мүмкін екенін де ескерген жөн. Мысалы, менің университетім тек тілдік білімді тексеретін тест талап етті. Басқа қабылдау емтихандары болған жоқ.

Мен университетке түсуге сегіз ай қалғанда дайындала бастадым. IELTS-қа қосымша дайындық курстары нәтижеге жетуіме көмектесті.

Ақыл-кеңес

Ең бастысы — қорықпай, мақсатыңызға қарай жүру. Басқа елге көшу — өмірімдегі ең керемет шешімдердің бірі. Шетелде оқу жеке және кәсіби өсу жолында көптеген мүмкіндіктер ашады.

Мен сізге белсенді түрде ізденуге және университеттен Scholarships алуға өтінім беруге кеңес беремін. Көптеген канадалық университеттер студенттерге, әсіресе шетелдіктерге қаржылық қолдау көрсетеді.


Эмир Алмашев, 20 жаста, қаласы — Оттава, Студент, Resident Advisor, @emiritze

Эмир А

Оқуы туралы

Менің коммерция саласында бакалавр дәрежем бар, маркетинг маманымын. Мен University of Ottawa-да екі тілде – ағылшын және француз тілдерінде оқимын. Менің бағдарламамдағы ең бастысы, бізге статистикадан бастап адам ресурстары мен қаржыға дейінгі барлығын үйретеді.

Мен университетте Resident Advisor позициясында жұмыс істеймін.

Канадаға қалай оқуға түсуге болады

Канададағы университеттерге түсу оңай. Егер сізге стипендия қажет болмаса, тек мектеп аттестаты және 6.0 немесе одан жоғары балға тапсырған IELTS-ңыз қажет.

Оқуға түсуге өтінім беру процесі соңғы сыныпта оқып жүргеніңізде, яғни қыркүйек айында басталады. Қыркүйек айының соңында өтінім толтырып, жарна төлейтін платформа ашылады. Қазан айының басында университеттен жергілікті порталдарға кіру мүмкіндігі бар хат келеді. Содан кейін барлық құжатты тапсыруға болады.

Егер сізге стипендия қажет болса, стипендияға өтінім беру порталы қараша айының соңында ашылады. Бұл сайтта сіз эссе жазып, сыныптан тыс жұмыстарыңыз туралы айтасыз. Қаңтар айында университеттерден шақырулар келе бастайды.

Ақыл-кеңес

Мен өзіңізге инвестиция салуды ұсынамын. Мүмкіндік болса, репетиторлар жалдап, курстарға қатысыңыз.

Өнімділік мәдениетін ұстанбаңыз. Егер сіз шетелге оқуға түссеңіз, улы мәдениетке тап болуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан оқуға тек өзіңіз үшін түсіңіз. Ең бастысы, өзіңізге демалуға уақыт бөліңіз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.