facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
kambodzhada-y-aza-tar-saken-nigma-o-t-st-k-shy-ys-aziyada-y-m-r-men-zh-mys-m-deniet-zhayynda
logo
Камбоджадағы қазақтар. Сакен Нигма Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өмір мен жұмыс мәдениеті жайында

06.01.2019

Камбоджадағы қазақтар. Сакен Нигма Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өмір мен жұмыс мәдениеті жайында

Сакен Нигма, 33 жаста, туған қаласы — Алматы, IT-жобалар

Тұрып жатқан елі: Пномпень, Камбоджа

42745791_1931775803580849_2765579624292286464_n.jpg


Қазақстан — Камбоджа


Камбоджаға алғаш рет барғанда, мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы нарық пен кәсіп ашу мүмкіндіктерін көру үшін барған қазақстандық топ құрамында болдым.

Қазақстанға оралып келгесін, мен бәрін ойластырып өзімнің бірнеше жобамды Камбоджа елінде жүзеге асыруды шештім. Осында азиялық ел үшін халық саны көп емес, сол себепті жаңа өнімдерді шығарып көру және кейін аймақтың басқа елдеріне шығару ыңғайлы.


Қиындықтар жайында


Ең қиыны жергілікті серіктесті табу болды. Оған екі ай уақыт кетті. Мен көптеген адамдармен кездестім, бірақ барлығы көпке созылып, офистер мен кофеханалардағы келесі кездесулерге әкеліп соғатын. Нәтижесінде мен жергілікті ағылшын тілді газетте жас кәсіпкердің сұхбатын оқыдым. Оны Фейсбукте тауып алдым. Онымен екі рет кездескеннен кейін, біз бірге жұмыс істейтінімізді шештік. Азияда жергілікті серіктессіз жұмыс істеуге ұсынбас едім.


Өмірі жайында


Осында ыстық ауа райы жыл бойы созылатынына байланысты күн тәртібі ерекшеленеді. Климаты ыстық, ал өмір салқындатқыштардың астында жүрумен өтеді. Тамақ сататын базарлар сағат төрттен бастап жұмыс істейді. Ал барлық ел күндерін сағат бесте бастайды. Есесіне сағат кешкі тоғызда көшелер бойында тірі жан болмай, тыныштық орнайды – осы уақытта көбісі ұйқыға кетеді.

36635919_1796610000430764_2225941696791707648_n.jpg

Мамырдан қазан айына дейін жаңбыр маусымы болады, жаңбыр күн сайын жауады. Кейбір кезде бүкіл қала суға бататындықтан үйде отыруға тура келеді.

Осында электр қуаты қымбат, Қазақстанға қарағанда бес есе көп.

Қалада ешкім жаяу жүрмейді. Барлық жаяужолдар мопедтермен немесе стритфудтармен қаптап кеткен. Осында жол жүру ережелерінің жоқ болғаны қызық.

Сонымен қатар Камбоджа елінде доллар қолданылады. Кафелерде, дүкендерде барлық бағалар АҚШ долларымен қойылған. Жалақы мен кез-келген шоттар да доллармен беріледі.

Жергілікті тіл қиын, бірақ мен оны оқып білуге тырысамын. Көбінесе қысқа сөз тіркестермен сөйлесемін. Әрине, офисте біз негізінен ағылшын тілін қолданамыз.

Осында өзіндік жұмыс мәдениеті орнаған. Мәселен, кездесуді сағат сезізде қаланың басқа шетіне белгілеп қоюы мүмкін, ал жиналыстар буддизмдік дұғалармен басталуы мүмкін. Офисте біз аяқ киімсіз жұмыс істейміз, осыған да мен көпке дейін үйрене алмадым. Кез-келген міндет немесе сұрақ көпке дейін талқыланады, себебі камбоджалықтар сөйлесуді ұнатады.


Камбоджадағы жұмыс пен жобалар жайында


41460081_1907218639369899_1368437281278394368_n.jpg

Менде «қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша МГУ дипломы бар. Негізінде мен инвестициялық талдаушы және жоба менеджері ретінде жұмыс істедім. Көп ел аралап, сурет түсірумен де айналыстым.

Менің негізгі жобам – өзіндік операциялық жүйесі бар ноутбук. Біз оны өзіміз Линукс базасы негізінде жаздық. Ал екі ай бұрын бізде сатылымдар басталды – жақында 2500 адам келген ресми тұсаукесер өтті.

Біздің мақсат – қолжетімді бағамен жұмыс және оқу үшін ыңғайлы болып келетін ноутбук жасап шығару. Бірақ бастысы – одан да көп адамдардың бағдарламалауды оқуға тартылуы. Себебі ноутбук – бұл оқыту мен жұмыс істеудің құралы.

Біздің техникалық командамыз смартфон көлемді қозғалмалы проектордың бағдарламалық жасақтамасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Ол суретті қабырғаға максималды түрде көлемі 3 х 1,7 метрде проекциялайды. Бұл біз үшін шет аймақтарға ашық аспан астындағы кішігірім кинотеатр ретінде, ал мектептер мен университеттерде оқыту кезінде қолдануға болатын құрал ретінде сатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасында ақша аудармалары үшін платформа жасап шығару жоспарымызда бар. Қазіргі уақытта бұны криптавалюталарды қатыстырумен блокчейн-технологиялар негізінде жасауға болады.

IMG_2512.jpeg

Келешек міндеттер үшін қызметкерлерді жаңа жекелей қосымшаларды өңдеу бөліміне (dApp) қабылдау жүріп жатыр. Өз отандастарыма қолдау көрсете алатындығымнан, мен талай рет Камбоджаға келуі үшін Қазақстандағы өңдеушілерді іздеп табуға талпындым. Бірақ біздің бағдарламашылардың жалақыға деген сұраныстары жоғары, сол себепті бағдарламашыларды Камбоджа мен Вьетнам елдерінде табу жеңілірек болды.


Басқа елге көшу қалай өзгерді


Басқа елге көшу өзіңе ғана сену керек екенін тағы бір рет дәлелдеді. Камбоджа – Азиядағы ең қауіпсіз ел емес. Осында мені жылан шағып та көрді, тонап кетуге де талпынды.

Мен камбоджалықтардан абыржымай, өзімнің ықпалым жетпейтін нәрселерді байсалды түрде қабылдауға үйрендім. Оған қоса мейірімді болу керек – сопыны монастырьге жеткізіп, қараусыз қалған мысықты тамақтандырып немесе садақа беру керек. Жан дүниең таза болғаны маңызды.

Мен, біздің, қазақстандықтардың жобалары әртүрлі елдерде жүзеге аса алатынына көз жеткіздім. Біз халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті бола аламыз. Маған басқа елде жұмыс істеген қызықты, бірақ әрқашан осында тұруды қаламаймын. Мен жобаларымды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға оралып, үйімде қызықты нәрселерді жасаймын.

Facebook-тегі парақшамда мен Камбоджада не болып жатқаны жайында жазып отырамын. Маған Оңтүстік-Шығыс Азияда жұмыс істеу мүмкіндіктері мен келешектері туралы қазақстандықтар жиі сұрақтар қояды. Егер сіз басқа елге кетіп, жұмыс істегіңіз келсе, ойланып-толғануға уақытыңызды кетірмей, барыңыз. Бірақ үйге қарағанда, кез-келген жерде қиынырақ болатынын біліңіз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.