facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
k-yeu-ana-zh-mys-steyt-n-zhas-otbasylar-byudzhetter-n-alay-lest-red
logo
Күйеуі ғана жұмыс істейтін жас отбасылар бюджеттерін қалай үлестіреді

21.05.2019

Күйеуі ғана жұмыс істейтін жас отбасылар бюджеттерін қалай үлестіреді

Эля Тілеужанова, 21 жаста, туған қаласы — Павлодар, үй шаруасындағы әйел


D6F74389-BE9A-46C4-95EC-B00B4AFF48A8.jpeg


Орташа айлық табысы: 150 000 тг

Негізгі шығындар:

— тұрғын үй — 85 000 тг

— тамақтану — 30 000 тг.


Отбасы жайында


Эля. Біз күйеуімізбен екі жыл бұрын таныстық, бір жыл бұрын тұрмыс құрдық. Қазірде бір жасар баламыз бар.


Табысы және бюджетті үлестіру жайында


Менің күйеуім сату жөніндегі менеджер қызметін атқарады, ал мен қазіргі кезде баламен үйде отырамын.

Біздің орташа айлық бюджетіміз шамамен 150 000 теңгені құрайды. Жалпы бізге жайлы өмір сүруімізге жетеді, бірақ кейбір кезде қиын болады. Сол себепті алдағы уақытта, ұлымыз өскенде мен жұмысқа шығуды жоспарлаймын.

Отбасылық бюджетті үлестірген кезде, басым жағдайларда мен жауап беремін, бірақ маңызды қаржылық шешімдерді әрдайым бірге қабылдаймыз.

Шығындар негізінен тамаққа кетеді –айына шамамен 30 000 теңге жұмсалады


Шығындар негізінен тамаққа кетеді – айына шамамен 30 000 теңге жұмсалады. Тұрғын үйге шамамен 85 000 теңге кетеді. Көлікке ақша жұмсамаймыз, себебі оның шығындарын компания өтейді.

Баланың киімдеріне немесе ойыншықтарға да аса шығынданбаймыз, себебі жақындарымыз әрқашан көп сыйлықтар әкеліп отырады.


Үнемдеу жайында


Мен декреттік жәрдемақымды үнемдеп жинаймын. Қазірде бір жерге демалып келу үшін жеткілікті сома жиналды.


Данияр Кокжанов, 32 жаста, туған қаласы — Қостанай, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы


Ақмарал Кокжанова, 25 жаста, туған қаласы — Қостанай, декреттегі ана


EF9E45A5-BCD0-4272-90CA-6C17C84D42A4.jpeg


Орташа айлық табысы: 200 000 тг

Негізгі шығындар:

— тұрғын үй — 80 000 тг

— тамақтану — 50 000 тг

— балалардың білімі — 22 000 тг

— көлік — 20 000 тг

— қосымша тұрақсыз шығындар (киімдер, ойын-сауықтар) — 60 000 тг.


Отбасы жайында


Ақмарал. Біз алты жыл біргеміз. Даниярмен достарымыз арқылы таныстық.

Екі баланы тәрбиелеп жатырмыз. Қызымыз жақында беске келеді, ал кіші ұлымыз тоғыз айда.


Табысы және бюджетті үлестіру жайында


Қазірде отбасымызда Данияр ғана жұмыс істейді. Сол себепті негізінен табысымыз оның жалақысынан құрылады. Ол мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы. Орташа айлық табысы –200 000 теңге.

Бұл оңай деп айта алмаймын, бірақ қиын емес. Барлық жағдайлардың артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Әрине, отбасыда күйеуі мен әйелі жұмыс істеген кезде, табысы да екі есе көбірек болады және басқа тұрмысқа бейімделу қиынға соғады.

95233B42-5F71-490C-BF85-6A0981F06FE2.jpeg

Біз отбасылық бюджетті бірге үлестіреміз. Отырып, шығындарымызды талқылаймыз, шешімдерді бірге қабылдаймыз және екеуміз де барлық нәрселерден хабардар боламыз. Мен үй және тамақ үшін жауап беремін.

Біз пәтерді импотека арқылы алдық. Коммуналдық қызметтермен бірге ай сайын 75 000 — 80 000 теңге төлейміз.тамаққа кем дегенде 40 000 — 50 000 теңге кетеді. Көлікке және күтпеген көліктік шығындарға шамамен 20 000 теңге кетеді. Сонымен қатар қызымыз мемлекеттік балабақшаға барады, сол себепті қосымша үйірмелермен қатар айына шамамен 20 000 — 22 000 теңге жұмсаймыз. Киімдерге және ойын-сауықтарға жалпы 50 000 — 60 000 теңге шығындаймыз, бірақ бұл айлық шығындардың қатарына жатпайды.

Мен өзімді әртүрлі бағыттарда байқап жүрмін – мысалы, нан өнімдерін пісіремін немесе шағын қолөнермен айналысамын

Кіші ұлымыз өсіп, балабақшаға барғаннан кейін, мен декреттен шығамын немесе жеке кәсіппен айналысамын. Мен өзімді әртүрлі бағыттарда байқап жүрмін – мысалы, нан өнімдерін пісіремін немесе шағын қолөнермен айналысамын.


Үнемдеу жайында


Құпиямыз – қаражатымызды саналы түрде пайдаланып, үлестіреміз. Бюджетті ұғынып жұмсау керек, әсіресе балалы отбасы болсаңыз. Біз бір нәрсені сатып алудың алдында әрдайым ойланып, талқылаймыз. Бұл ақшаны үнемдеуге және ақша жинауға көмектеседі.


Арайлым Бимендина, 25 жаста, туған қаласы — Астана, экономист


9B6921F9-F67C-4CB2-907A-A8C1038BE9B4.jpeg


Орташа айлық табысы: 200 000 тг

Негізгі шығындар:

— депозит — 60 000 тг

— көлік — 40 000 тг

— бала күтімі — 30 000 тг

— тамақтану — 20 000 тг

— ойын-сауықтар — 30 000 тг.


Отбасы жайында


Біз күйеуімізбен 2013 жылы тәтемнің үйінде таныстық – ол немере ағамның досы еді. Бір айдан кейін ол маған хабарласты және біз араласа бастадық, ал 2017 жылдың күзінде тұрмыс құрдық.

Отбасымыз үлкен – біз әжемен, күйеуімнің ата-анасымен, оның інісімен және қарындасымен бірге тұрамыз


2018 жылдың қазан айында қызымыз дүниеге келді. Отбасымыз үлкен – біз әжемен, күйеуімнің ата-анасымен, оның інісімен және қарындасымен бірге тұрамыз.


Табысы және бюджетті үлестіру жайында


Отбасылық бюджетіміз күйеуімнің жалақысына және менің жәрдемақыма негізделеді. Айына шамамен 200 000 теңге жиналады.

Ата-анамызбен тұрғандықтан, олар коммуналдық қызметтерге, көмірге, етке кететін барлық негізгі шығындарды өздеріне алады.

Біз табысымызды бала күтіміне жұмсаймыз – тамақтану, киім, ойыншықтар. Бұған шамамен 20 000 — 30 000 теңге кетеді. Сонымен қатар біз ай сайын 50 000 - 60 000 теңгені депозитке саламыз. Көлігіміз бар, сол себепті ақшаның бір бөлігі — 30 000 - 40 000 теңге соған кетеді. Шамамен 20 000 теңге азық-түлікке, 30 000 теңге ойын-сауықтарға жұмсалады. Күтпеген шығындар 10 000 — 20 000 теңгеге шығуы мүмкін.

Маңызды шешімдерді қабылдаудың алдында, біз әрдайым талқылаймыз, кейбір кезде дауласамыз, бірақ келісімге келеміз.


Үнемдеу жайында


Біз ақшамызды жинаймыз. Күйеуім одан да жоғары табысқа ие болу үшін, жұмыс орнын ауыстыруды жоспарлап жатыр. Мен әзірге үйде отырамын, кейін жеке іспен айналысатын шығармын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі