«Бейбітшілік және келісім сарайындағы» жедел сатылар (лифт) қиғаш бағытта қозғалады. Бұл ғимаратта жалпы саны 5 жедел саты бар, олардың біреуі президенттік. «Пирамиданың» сәулетшісі – Императорлық және Притцкерлік сыйлықтың лауреаты, британдық Норман Фостер. Оның жұмыстары - «Армадильо» Шотландық көрме орталығы ретінде танымал «Клайд аудиториум» павильоны, Лондондағы Мэри-Экс көп қабатты ғимараты, Нью-Йорктегі Hearst Tower және өзге де көптеген құрылыстар.
Сонымен қоса температура өзгергенде «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратының ені де өзгереді. «Пирамида» ежелгі мысырлық пирамиданың дәлме-дәл стандарттары бойынша әйнек пен металдан тұрғызылған. Қаланың шұғыл континентті климатын ескере отырып, сәулетші ғимараттың негізін тайғанақ тірекке құрған, сондықтан болат қаңқасы жылжып отырады: қыста күшті аяздарда құрылыс қысылады. Ғимарат көлемінің ені бойынша өзгеруі 6 сантиметрге дейін жетеді.
«Хан Шатыр» СОСО — әлемдегі ең үлкен шатыр. Құрылыстың биіктігі 152 метр. Бұл ғимараттың да сәулетшісі – Норман Фостер.
Абу-Даби Плаза салынып біткеннен кейін Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болады. Оның биіктігі шамамен 382 метр – 88 қабатты құрайды. Кешенді салушы – Aldar Properties, сәулетшісі: Foster and Partners (Norman Foster).
«Думан» океанариумы мұхиттан ең алыс орналасқан мұхит бөлшегі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Астаналық океанариум мен ең жақын мұхиттың арақашықтығы 3000 километр.
«Хазірет Сұлтан» мешіті көлемі бойынша Орталық Азияда Түркмениядағы «Түркменбаши руханияты» мешітінен кейінгі екінші орынды алады. Мешіттің аумағы 11 гектарды құрайды және оған 10 мың адам сыяды.
«Хазірет Сұлтан» мешітінде VIII ғасырдың ежелгі ислам қолжазбасы «Осман Құранының» нақты көшірмесі бар. Бұл Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйлығы болатын. Ол РФ-ның Мәскеу Ақша сарайында 999 сынамалы күмістен жасалған.
«Қазақстан» орталық концерт залы – акустикалық сипаттамасы жағынан керемет ғимарат. Идеяның авторы – итальяндық сәулетші Манфреди Николетти. Ол – әлемдегі ең алдыңғы қатарлы жобалаушылардың бірі. Оның жобаларының ішінде Малайзиядағы Петалинг-Джаяның павильондары, Ареццодағы жаңа сот ғимараты және басқалары бар. Бұл залда өткізілетін шараға байланысты көрермендер залы мен акустиканы өзгертуге мүмкіндік бар.
«Астана Арена» — әлемдегі осындай алты құрылыстың бірі. Онда 10 000 шаршы метр жылжымалы шатыр жүйесі бар. Арена екі деңгейлі құрылымды үлкен амфитеатр сияқты 30 000 орынға жоспарланған: ойын алаңын қоршап тұрған астыңғы терраса 16 000 орынға, ал үстіңгі позиция 14 000 орынға шақталған.
«Астана Опера» — Орталық Азиядағы ең үлкен театр. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген. Вестибюль, фойе, көрермен залдары және негізгі сахна жоғары классицизм стилінде жасалған. Залдың акустикасымен Италия және Германиядан келген жетекші мамандар жұмыстанған.