Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Көлікпен саяхаттауға болатын Қазақстанның 5 жері
4776

20.03.2018

Көлікпен саяхаттауға болатын Қазақстанның 5 жері

Максим Левитин, 55 жаста, туған жері — Алматы, «Табиғат» продакшн-студиясының директоры

Осы бағыттардың кез-келгеніне көлікпен баруға болады. Дегенмен, логистикалық мәселелерді айналып өтуді қалайтындар үшін сапар ұйымдастыруға көмектесетін туристік агенттіктерге хабарласа аласыз.


Белуха тау бөктері


Шығыс Қазақстанда мен, ең бірінші, Қатон-Қарағай ұлттық саябағын, Белуха тау бөктерін, Марқакөл, Язев көлдерін және Көккөл сарқырамасын көруге кеңес беремін. Бұл ауданнан Белуха тауының ғажайып көрінісін көруге болады.

1.jpg

Сондай-ақ бұлармен қоса Батыс Алтайды, Қара Уба өзенін, Қазақстан үшін ерекше орман массивтарын, жануарларға бай табиғатты, аюларды да көруге болады.

2.jpg

3.jpg

Бұл аймақта қар кеш еріп, ерте жауады, сондықтан бұл жерлерге тамыздың соңына қарай келу керек.


Жоңғар Алатауы


Мен Жоңғар Алатауын, Тастау шыңына баруға кеңес беремін. Қазіргі таңда бұл аймақ жақсы экологиялық жағдайда, сондықтан бұл жерлерге баруды жабайы аңдарды: маралды, тауешкілерін, аюларды көргісі келетін барлық адамдарға кеңес беремін.

4.JPG

Алатауға мамырдан қыркүйекке дейін баруға болады, бірақ тамыз бен қыркүйек баруға болатын ең тамаша айлар.

5.jpg

6.jpg


Үстірт


Үстірт таңғажайып ландшафтарға толы. Бірақ бұл жол тәжірибелі автосаяхатшыларға көбірек келеді. Сәуір мен мамырда ауа-райы жақсы — қатты ыстық емес. Кейінірек баруға кеңес бермеймін, өйткені жаздың ортасында ауа температурасы 40 градусқа дейін жетеді.

7.jpg


Қарқаралы Ұлттық саябағы


Орталық Қазақстандағы Қарқаралы ұлттық саябағына баруды ұсынамын. Әдемі қарағай ормандары мен аңыздарға толы Шайтанкөл бар.

3ea8924f36e67e2b42a58e33a1154564.JPG


Іле өзені


Суға қызығатындардың барлығына Іле өзенінің жағасын — жолбарыстарды кіргізуге жоспарланған, болашақ ұлттық Іле Дельтасы қорын көруге ұсынамын.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу