Көкшетау — таңғажайып табиғат сұлулығымен қоршалған қала. Оның əрбір бұрышы таза ауада серуендеуге өте ыңғайлы. Біздің шолуымызда Көкшетаудың табиғат аясында демалып, шабыт іздеген кез келген адамға баруға тұрарлық ең көркем орындары туралы айтып береміз.
Кəкімбек Салықов жағалауы
Бұл — Қопа көлінің бойындағы ұзындығы бір жарым шақырымға жуық Көкшетаудың алғашқы абаттандырылған жағалауы. Мұнда жасыл алаңдар мен орындықтардың арасында серуендеу өте жайлы. Түрлі іс-шаралар, концерттер мен мерекелер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Қалалық мəдениет жəне демалыс саябағы
Көкшетаудағы ең көне қалалық саябақтың іргесі 1957 жылы қаланған. Мұнда сіз аллеялар бойымен серуендеп, субұрқақтан ляэəззат ала аласыз. Сонымен қатар,
20-дан астам аттракцион, оның ішінде айналмалы алаң бар. Саябақ — қаланың негізгі туристік орындарының бірі.
Синюха тауы
Белсенді демалыс пен табиғатты сүйетіндер үшін Синюха тауына шығу — таптырмас мүмкіндік. Таудың төбесінен айналаны тамашалайтын керемет көрініс ашылады. Ал оның өзі ғажайып ормандар мен көлдермен қоршалған.
Шалқар көлі
Көкшетаудан 70 шақырым жерде орналасқан əсем тұзды көл. Ол өзінің мөлдір суымен, қарағайлы ормандарымен жəне емдік микроклиматымен танымал. Бұл — балық аулауға, демалыс базаларында тынығуға, серуендеуге жəне жидек теруге арналған танымал орын. Шалқар — табиғатпен тыныстап, Қазақстанның көркем келбетін сезінгісі келетіндер үшін мінсіз мекен.
Айыртаушық көлі
Айыртаушық көлі — Көкшетаудың маңындағы орманды жерде орналасқан көрікті көл. Бұл жер табиғат аясында серуендеуге, балық аулауға жəне жағажайда демалуға өте ыңғайлы. Көлді қарағай мен қайың ормандары қоршап тұр. Мұнда көптеген саңырауқұлақтар мен жидектерді кездестіруге болады. Туристер үшін көлге апаратын жолдар мен жағалауда сауықтыру орындары бар.