Оресте Манчини, 46 жас, туған қаласы – Неаполь, The St.Regis Astana қонақ үйінің бас аспазшысы
Негізі Астана базарларында жергілікті көкөністер мен жемістер аз, мен нақты Астанада өсетін көкөністер мен жемістер жайлы айтамын. Бірақ осы жақта қазан айында дәмді алматылық алмаларды сатып алуға болады, сонымен қоса бұл жидектер мезгілі: қызылжидек, мүкжидек, шырғанақ,долана.
Алмаларды Amal Bio-дан сатып алуға болады – бұл көкөністер мен жемістерді жоғары технология жолымен өсіруге бағытталған ауыл шаруашылық жобасы. Бақ ауданында алманың 12 түрі өсіріледі.
Бағасы: 479 тенгеден бастап /1 кг
Мекенжайы: Астана-Қарағанды тас жолы,4/1, METRO гипермаркеті
Байланыс: 8 7273 935 110, 8 7273 935 106, 8 777 777 5262
Аңызға айналған нағыз Алматы апорты алмаларының қайта жандануымен айналысатын Алматының жас кәсіпкерлеріне осы алмаларға тапсырыс жасауға болады. 2013 жылы олар 400 солыған ағашпен қараусыз қалған бақты сатып алды. Бүгінгі күні бұл бақ оларға Қазақстандағы ең дәмді және ең танымал сұрыпты 20-30 тонна алма әкеледі.
Бағасы: 700 тг / 1 кг, минималды тапсырыс – бір қорап, 14-15 кг
Жеткізу: тегін,Астанаға шығар алдында, алдын-ала тапсырыс беру керек
Байланыс: 8 701 948 31 11
Шырғанақ пен долананы Жеңіс даңғылы бойында орналасқан шағын базарда сатып алуға болады.
Шырғанақ – 1000 тг/кг
Долана – 400тг/стақан
Қазан – жергілікті саңырауқұлақтарды сатып алуға ең жағымды мезгіл,себебі олар осы кезде енді піседі.
Аспа саңырауқұлақ – 2175 тг/кг
Қозықұйрық – 1309 тг/кг
Мекенжайы: Бейсеков көшесі, 3, «Астықжан» супермаркеті
Байланыс: 8 777 772 42 57
Және қазан айында асқабақ пен кәдіш мезгілі басталады.
Асқабақ – 89 тг/кг
Кәдіш – 539 тг/кг
Сонымен қоса қазан айында келесі көкөністер піседі: қызылша, ботташық, брокколи және түсті орамжапырақ.
Қызылша – 129 тг/кг
Брокколи – 1350 тг/кг
Түсті орамжапырақ – 629 тг/кг
Осы айда соңғы егіннен қарбыз бен қауынды сатып алуға мүмкіндік бар.
Қарбыз – 49 тг/кг
Қауын – 149 тг/кг
Мекенжайы: Астана-Қарағанды тас жолы,4/1, METRO гипермаркеті
Байланыс: 8 701 972 74 68