facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
italiyaly-azamat-a-t-rmys-a-shy-yp-kurortty-alada-t-rudy-erekshel-kter-zhayynda
logo
Италиялық азаматқа тұрмысқа шығып, курорттық қалада тұрудың ерекшеліктері жайында

16.06.2019

Италиялық азаматқа тұрмысқа шығып, курорттық қалада тұрудың ерекшеліктері жайында


Ɵмiрi жайында


Италиялық азаматқа тұрмысқа шығып, курорттық қалада тұрудың ерекшеліктері жайында


Италияның оңтүстiк бɵлiгiнде – Реджо-ди-Калабрия қаласында тұрып жатқаныма тɵрт жыл болды. Мен Орталық Қазақстаннан келiп, италиялық тiлдi меңгере бастадым. Осында италиялық азаматпен танысып, тұрмысқа шықтым. Қазiрде қыз бен ұлды тəрбиелеп жатырмыз.

Бiз тұрып жатқан аймақ кедей болып саналады. Осында зауыттар, мансап құруға болатын орындар жоқ. Қала шуақты, ал адамдары ашық болып кɵрiндi. Бiрақ жергiлiктi ɵмiрге үңiле бастағаннан кейiн , барлығы басқаша қабылданады.

Ұлымыз туған кезде, италиялық тɵлқұжатты алу керек болды. Бiз құжаттарды тапсырып, екi ай күттiк. Мен оларға келiп, ұлыма азаматтық та , тɵлқұжат та қажет емес екенiн айттым. Олар сабырлылыққа шақырып, кофе ұсынды. Олар барлығын асықпай iстеу керек деп санайды.

Италиялық азаматқа тұрмысқа шығып, курорттық қалада тұрудың ерекшеліктері жайында

Қызым он жаста, ол мектепке барады. Италияға келгенге дейiн, бiрiншi сыныпты Алматыда оқыды. Менiң енем университетте оқытушы болып iстейдi жəне ол қызымды екi айдың iшiнде мектепке дайындап шықты. Қазақстанда оқығандықтан, қызым жергілікті бағдарламаны оңай қабылдады. Ол үздiк оқиды, құрдастарына қарағанда ойлауы ұшқыр. Олар кiшкентай балалар сияқты, таңертеңгiлiктері балабақшадағыдай ɵтеді.

Мектепте асхана жоқ, бiз баламызға бутерброд салып жiберемiз. Сабақтар таңғы сегiзде басталып, түскi бiрде бiтедi.

Осында иттерге жақсы қарайды. Егер үй жануары қайтыс болса, иелерi кремация үшiн 500 еуро тɵлеп, иттер зиратында жерлейдi. Иттер тұмылдырықсыз жүредi жəне олардың үруiн ешқашан естiген жоқпын.

Италиялық азаматқа тұрмысқа шығып, курорттық қалада тұрудың ерекшеліктері жайында

Күйеуiм мен енем бiздiң қаншалықты кɵп ет алатынымызға таң қалды. Күйеуiм аспаз жəне бiздiң тағамдарымыз оған ұнады. Ал енем бiздiң дастархан басында кɵп шəй iшіп отыратынымызға таң қалды. Бұл оған ұнады сол себептi ол кептiрiлген жемiстер мен шəй сатып алып, Италияда кешкi шəй iшудi əдетке айналдырды.


Қала жайында


Реджо-ди-Калабрия — шағын курорттық қала. Бiрақ ɵкiнiшке орай, ол лас жəне күтiмi жоқ. Бұның барлығы адамдардың кесiрiнен, олар бiрдеңелердi шағып, жеп, қоқысты далаға тастай салуы мүмкiн.

Италиялық азаматқа тұрмысқа шығып, курорттық қалада тұрудың ерекшеліктері жайында

Бiзде үлкен тарихи ғимараттар, мұражайлар жоқ, себебi бұрын осында цунами болды жəне қала қайтадан салынды.

Қала теңiздiң маңында орналасқандықтан, əдемi болып кɵрiнедi, осында жағалау бар, сол жерден керемет кɵрiнiс ашылады. Адамдар кешке серуендейдi, демалады, шарап iшедi, жағажайда сауық кештер ұйымдастырады.

Климаты субтропиктiк, сол себептi қыста температура +10 градустан тɵмен түспейдi. Дегенмен теңiз болғандықтан, суық жел соғады. Ылғалдылық жоғары болғандықтан, əрбiр дерлiк үйде зең табылады.


Тамақ жайында


Реджо-ди-Калабрия ɵзiнiң əлемдегi ең дəмдi балмұздағымен танымал. Ол сары майдың емес, сүттiң негiзiнде жасалады, сол себептi балаларға күн сайын балмұздақ беруден қорықпаймын. Балмұздақты бɵтелкеде беруге болатынын алғаш рет осында кɵрдiм.

Италиялық азаматқа тұрмысқа шығып, курорттық қалада тұрудың ерекшеліктері жайында

Дəстүрлi тағамдары алуан түрлi жəне дəмдi. Бiз судың маңында тұрғандықтан, байлықтарының қызығын кɵре аламыз. Мен теңiз ɵнiмдерi қосылған пастаны ұнатамын.

Мен тұрып жатқан аймақта барлық адамдар ащы тағамды жақсы кɵредi, қызыл бұрыш — бiздiң нышанымыз. Оны кɵз тиюден де iлiп қояды.


Адамдары жайында


Жергiлiктi адамдар сыпайы болып келеді, бiрақ күлiмдеудiң артында жаман нәрсе болуы мүмкiн. Олардың шетелдiктерге деген қатынасы бiркелкi емес. Олардың қонағы болуыңыз мүмкiн, осында тұруыңыз мүмкiн, бiрақ қалайтын жұмысқа ие болмайсыз. Сол себептi италиялық азаматқа тұрмысқа шығып, осында тұрып жатқан кɵптеген қыздар жұмыс iстемейдi.

Италиялықтар жалқау, қиналуды ұнатпайды. Барлығын қалыпты нəрсе сияқты қабылдау керек те шығар. Олар үйдi жайластыру, жаңа перделердi, гүлдердi немесе ыдыс-аяқты алу жайында қам жемейдi. Олар үшiн ең бастысы — iшетiн тамақ, киетiн киiм болса, барлығы тамаша болады.

Маған олардың балаларға деген қатынасы қуантады, шетелдiк болсын, жергiлiктi болсын барлық балаларды жақсы кɵредi. Кез-келген баланы «махаббат» деп атайды. Тiптi екi жасқа дейiнгi балаларға балмұздақты тегiн береді. Кез-келген дəмханада балаларды қуанышпен қарсы алады.

Италиялық азаматқа тұрмысқа шығып, курорттық қалада тұрудың ерекшеліктері жайында

Италиялықтар балаларын кiшкентайынан отансүйгiштiкке баулиды. Қазiрде футбол жүрiп жатыр, барлығы Италия құрамасын қолдап, бүкiл жерге елдің туын iлiп қойды.

Қазақстандағы адамдар əлдеқайда өршіл болып келедi, олардың нақты мақсаттары болады. Ал осында ɵмiр тоқтап қалғандай, жастар ештеңеге талпынбайды. Олар жағдайдың жаман екенiн бiледi, бiрақ оны ɵзгерту үшiн ештеңе жасамайды. Осында жоғары бiлiм алмаған жастар кɵп. Жоғары бiлiм алу үлкен жетiстiк болып саналады. Италиялықтар бiлiм қажетсiз деп санайды, себебi дипломсыз мэрияда, банкте, поштада жұмыс iстеуге болады. Бiрақ университеттерi қолжетiмдi болып келедi, жылына кɵп дегенде 1600 еуро тɵлеу керек.


Отбасы жайында


Қазақстанда кɵптеген аралас отбасылар жиі ажырасады, себебi сонда италиялықтар қыдыра бастайды. Ал Отанында олар байыпты ɵмiр сүредi. Сонымен қатар оларда Қазақстандағыдай сұлу, ɵздерiне күтiммен қарайтын қыздар кɵп емес. Жергiлiктi ер адамдар толық қыздарды жақсы кɵредi. Жəне олар жұбайларына əдемi сɵздердi аямайды.

Мен олардың менталитетіне оңай дағдыланған жоқпын, себебi бiз шығыстың əйелдерiмiз, бiзде үлкендердi құрметтейдi. Осында енем ɵзiне «сен» деп айтуды сұрады. Италиялық ер адамдар аналарының ерке балалары екенi белгiлi шығар. Аналары əрқашан бiрiншi орында тұрады, бiрақ бұл əрдайым дұрыс бола бермейдi. Балалары есеймей, ɵмiр бойы бала болып қалады. Күйеуiмнiң iшi ауырып қалса, ол анасына хабарласуды сұрайды. Сол сəттегi менiң ойым: «Сенің əйелiң бар ғой, бiз сенi емдеймiз».

Таңғы ас, түскi немесе кешкi ас болсынбарлығы бiр дастарханның басында бiрге жиналатыны ұнайды. Отбасылық əңгiмелердi, отырыстарды жақсы кɵремiн.

Италиялықтар дiни адамдар, əйелдер шiркеуге барады, дұға оқиды. Барлық мерекелер католиктiк күнтiзбе бойынша аталып ɵтедi.

Сүйiктi адам үшiн туыстарды, достарды, жұмысты тастап кетуге үлкен батылдық керек. Оны ғана емес, оның мəдениетiн, дiлiн, отбасы мен халқының салт-дəстүрлерiн қабылдау керек. Сонымен қатар осында сенi қабылдамауы мүмкiн, соған дайын болу керек. Бұның барлығы оңай емес, артықшылығы — барлық италиялық ер адамдардан керемет жұбайлар шығады.

Италиядағы ɵмiрi жайында бɵлiскен – Шахида Мақұлбаева.

Суреттер Шахида Мақұлбаеваның жеке мұрағатынан алынған.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер
Егер сіз шетелде төлқұжатыңызды жоғалтсаңыз не істеу керек
Егер сіз шетелде төлқұжатыңызды жоғалтсаңыз не істеу керек
Креативті Шымкент: жас және шығармашылық қалалықтар үшін 7 кеңістік
Креативті Шымкент: жас және шығармашылық қалалықтар үшін 7 кеңістік
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел