Айгуль Кайлюкова, 32 жаста, туған қаласы — Ақтау, туризм
Қазақстан — БАӘ — Италия
Мен Ақтау қаласында тудым, кейін Астанада тұрдым, радиода және Kcell-де жұмыс істедім.
Италияға көшкенге дейін мен Араб Әмірлігінде тұрдым. 2014 жылы өзімнің болашақ күйеуіммен интернетте таныстым. Сол кезде ол Абу-Дабиде тұрып, жұмыс істеді. Келісімшарты біткесін ол мені өзінің елі – Италияға шақырды. Біз кездесіп жүргенде, осында демалуға келіп тұратынбыз, сол себепті мен бұл елмен таныс едім.
Біз осында тұрып жатқанымызға бір жыл болды, ал қыруйек айында біз ақыры некелестік. Қажетті құжаттарды жинау процесі көп уақытты алды.
Қиындықтар мен алғашқы әсер жайында
Мен төрт жыл шөлде өмір сүрдім десе де болады. Сол себепті Араб Әмірлігінен кейін мен үлкен айырмашылықты сезіндім. Италияның табиғаты әдемі, жасылы көп. Араб Әмірлігінде барлығы жаңа және заманауи, ал Италияда тарих көбірек орын алады. Бұның барлығы үйреншікті болған жоқ.
Бастапқы уақытта қиын болатын, себебі мен тілді білген жоқпын. Сонымен қатар осында бюрократия орын алады. Егер сен итальялық болмасаң барлығын рәсімдеу үшін миллион құжаттарды жинау қажет. Барлығы баяу жасалады.
Италиядағы өмір жайында
Біз Италияның оңтүстігінде тұрамыз және осы жердегі адамдар оңтүстік қазақтарға ұқсайды. Олар таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеуді аса жақсы көрмейді, соның өзінде бақытты өмір сүреді.
Италияның жұмыс тәртібі ерекше. Барлық мекемелер күндіз екі-үш сағатқа жабылады. Ал жексенбі және мереке күндері барлық ірі дүкендер жабылады. Тамыз айында барлық Италия демалатын ұзақ мерзімді мерекелер бар.
Италияда отбасылық құндылықтар бағаланады. Отбасыдағы кіші балалар ата-аналарымен бірге тұрады, олар ата-аналарын қарттар үйіне жібермейді. Ер адамдар 40 жасқа дейін ата-аналарымен бірге тұра алады және бұл қалыпты жағдай. Әрбір демалыс күндері біз күйеуімнің ата-анасына түскі асқа барып отыамыз.
Бұның өзінде италиялық отбасыларда балалар аз. Менің жұбайымның отбасында үш бала бар және мен тағы сонша балалары бар отбасыларды кездестірмедім. Көбісі балалы болуға асықпайды.
Маған барлығы жақын болғаны ұнайды, сол себептен көп саяхаттауға болады. Көрші тұрған еуропалық елдерге екі айда бір рет шығуға болады. Мысалы, Брюссельге 35 еуроға барып қайтуға болады. Сол себепті біз жаңа елді көріп қайту үшін демалыс күндері шығып отыруға тырысамыз.
Біз әр демалыс күндері шықсақ та, тіпті Италияның оңтүстігін аяғына дейін көріп шыққан жоқпыз. Әлемде тіпті белгісіз болып табылатын жерлерге шексіз қарап жүруге болады. Рим және Милан қалалары бар, сол жерде туристтер көп. Бірақ осы қалалардың өінде ешкім білмейтін жерлер бар, сол жерлерде өте әдемі. Әрбір жердің өз тарихы бар.
Жұмыс жайында
Италияда, әсіресе оңтүстікте жұмыс табудың қиындықтары бар. Жастардың 50 % жұмыссыз жүр және мен үшін қиын болды. Мен жаңа ғана көшіп келдім және әлемнен бейхабар болдым, оған қоса менде жұмыс болған жоқ. Егер біз Миланда тұрсақ, мен қонақ үй саласында жұмыс таба алар едім. Бірақ біздің аймақта бұл қиынырақ.
Дегенмен мен жұмыс таба алдым, бірақ Италияда емес. Араб Әмірлігінде мен туризм саласында істедім. Сол себепті мен бұл сала бойынша Таиланд елінен қашықтықтағы жұмысты таптым.
Сонымен қатар Италияда жұмыс табу үшін италия тілін жетік білу керек. Мен сөйлеу тілін меңгердім, бірақ мінсіз деңгейге дейін әлі алыс.
Ел қалай ықпал еткені жайында
Басқа адамдар қалай өмір сүретінін көрген кезде, ой-өрісің кеңейеді. Сенде басқа құндылықтар қалыптасады. Мен Қазақстанда тұрғанда, шетелде өмір сүріп, брендтік киімдерді оп-оңай сатып алу қаншалықты күшті екен деп ойлайтынмын. Бірақ көшіп кеткеннен кейін барлық адамдар қарапайым киінетінін байқадым. Осындағы адамдардың көзқарастары мен қағидалары басқа.
Мен үйімді сағынамын. Сен алыс жерде болған кезде, әрқашан үйіңді сағынып, оралғың келеді. Бірақ әзірге барлығы күйеуімнің жұмысы мен жобаларына байланысты.