Бүгінгі таңда спортпен айналысып, сауда-саттық жасап, үй тірілігі немесе басқа да жұмыстарды істей жүріп контент пайдалану ыңғайлы. Қазақстан әлемдік трендтерден қалыспай келеді. 2021 жылы елімізде подкастинг саласы қарқынды дами бастады, әсіресе технология мен стартаптарға қатысты тақырыптар қызықты. Біз қазіргі уақытта Қазақстандағы IT және Digital саласында не болып жатқандығы жайлы әңгімелейтін қазақстандық подкасттарды жинақтадық.
«Код и кофе»
Мына жерден тыңдауға болады:
Kolesa Group-тың ІТ-бастаңғылар жайлы подкасты, онда ІТ саласындағы қонақтар кофе ішіп отырып нарықтағы жағдай мен ондағы өзекті кейде тіпті хайп заттар туралы сөз қозғайды, сондай-ақ күрделі тақырыптарды қарапайым тілде түсіндіріп береді. Подкаст — бағдарламалаушылар мен product және project-менеджерлерге, сисадминдер, data-мамандар, QA-инженерлер мен дизайнерлерге және жалпы айтқанда ІТ әлеміне тереңірек енгісі келетін жандарға арналған.
Жақында үшінші маусымы жаңа видео форматында шықты.
Pinemelon.com
Мына жерден тыңдауға болады:
Бұл подкаст — АҚШ нарығына аяқ басқан қазақстандық Arbuz.kz стартапының күнделігі.
Жаңа бизнес пен ондағы адамдар жайлы апта сайын бейресми түрде әңгімелейді. Подкаст қатысушылары АҚШ-та foodtech-стартап Pinemelon.com — ды іске қосып өздерінің бизнесі жайлы еш бүкпесіз айтады.
«Анатомия стартапа»
Мына жерден тыңдауға болады:
Бұл — ER10 Media подкасты. «Анатомия стартапа» подкастының алғашқы маусымында сарапшы мамандармен кездесіп,жаңа жобаларды құрудың теориялық бөлігі талқыланып, мысалдар арқылы негізгі процестерге талдау жасалынған еді. Ал екінші маусымды қазіргі уақытта маңызды, қызықты әрі ерекше стартаптар жасаушылар «қыздырмақ».
«Поговорим об ИБ»
Мына жерден тыңдауға болады:
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның тың жобасы. Мақсаты — қоғамның назарын ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық гигиена мәселелеріне аудару. Подкаст жасаушылар қонақтармен жақынырақ таныстыра отырып, көкейкесті мәселелерді қарапайым тілде түсіндіреді, сонымен бірге өз тәжірибелерімен бөлісіп IT маман немесе ақпараттық қауіпсіздік маманы болу соншалықты қиын емес екенін көрсетеді.
#тыжайтишник
Мына жерден тыңдауға болады:
Бұл — Sergek Group компаниялар тобының жаңа подкасты. Әзірге оларда Smart City тақырыбындағы бір ғана шығарылым бар. Алдағы жоспарларында тәжірибелі soft- және hard мамандарды тек ІТ әлемінен ғана емес, телекоммуникация мен байланыс саласынан да тартпақ.
uxuiтельные истории
Мына жерден тыңдауға болады:
Бұл подкасттан Digital және IT саласындағы қызықты адамдардың сұхбаттарын таба аласыз. Кейде — жүргізушінің дизайн жайлы ойлары немесе жаңалықтарға арналған жеке шығарылымдары да шығады.
Face ID
Мына жерден тыңдауға болады:
Бұл — IT және цифрландыру саласындағы қызықты әрі маңызды адамдармен сұхбаттар жарияланатын «Цифровизация Великой Степи» YouTube-арнасының подкасты. Бұдан басқа, арна өкілдері ғылыми-танымдық репортаждар түсіріп, блиц-сауалнамалар жасайды, сондай-ақ әртүрлі тақырыптағы пайдалы графикалық роликтер мен гайдтар да істейді.
«Власть финтеха»
Бұл «Власть» интернет-журналының подкасты, онда олар fintech саласы кәсіпкерлер мен тұтынушылардың өмірін қалай өзгертетіні жайлы талқылайды. Екінші маусымды іске қосу жоспарларында бар.
«Казнет, бизнес и рок-н-ролл»
Мына жерден тыңдауға болады:
Tengrinews.kz подкасты, онда қазақстандық сарапшылармен Қазнет және бизнес туралы әңгімелеседі, сондай-ақ Digital-дағы лайфхактар мен жаңа трендтер жайлы айтады.