Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/cbf/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/cbfc07ae28dbc9cde71ec346fdbef85a.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

IT конференция, марафон және 2023 жылы өтетін 7 керемет іс-шара
1800

19.01.2023

IT конференция, марафон және 2023 жылы өтетін 7 керемет іс-шара

2023 жылы түрлі салада көптеген іс-шара өтеді деп жоспарлануда. Бүгінгі материалымызда олардың ең қызықтыларын айтамыз.


«Бизнесмендер мен әзірлеушілерге арналған неконференция», terricon.kz


it

Уақыты: 27 қаңтар

Өтетін жері: Қарағанды

IT және digital мамандарының нетворкингіне арналған ауқымды іс-шара. Ол жобалардың коммерциялық әзірлеу мен дамыту, сондай-ақ бизнесте IT және маркетингтік шешімдерді енгізу туралы білгісі келетіндерге қызықты болады.


Digital Almaty 2023, almatydigital.kz


Уақыты: 2-3 ақпан

Өтетін жері: Алматы, «Атакент» ҚІЫО» АҚ

Цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған диалог алаңы.

30-дан астам елден, 10 технопарктен өкілдер келеді, 150-ден астам спикерлер қатысады. Сондай-ақ іс-шара аясында стартаптардың 10 000 долларға дейін ұтып алуына болатын Astana Hub Battle байқауы өтеді.


Kolesa JunDay, junday.kolesa.group


Уақыты: 17 ақпан

Өтетін жері: Алматы, Forum СОО, Event Space

Студенттер үшін ауқымды әрі пайдалы IT-шара. Backend, Frontend, Product Analytics, Mobile, Product-менеджмент, Product design, QA, IT-дегі мансап сияқты трендтегі сегіз бағыт бойынша барлық өзекті ақпарат.

Қатысушыларды баяндамалар, нетворкинг, HR кеңестері, белсенділік және бірегей мерч күтеді.


Otaku Fest, @otakufest.kz


Уақыты: 19 наурыз

Өтетін жері: Алматы, Forum СОО, Event Space

Косплей байқауы, танымал блогерлер, мерч жәрмеңкелері, интерактивті стендтер және басқа да тақырыптық ойын-сауықтар қамтылатын аниме фестивалі.


Robotek Grand Tournament, rgt.robotek.kz


сток

Уақыты:
4-5 мамыр

Өтетін жері: Астана

Робототехникадан оқушылар арасында республикалық чемпионат. Турнирдің мақсаты – робототехника, инженерия және бағдарламалау саласындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау.

Чемпионат жеті категория бойынша өтеді: «Робо-сумо», «Кегельринг-квадро», «Сызық бойымен жарысу», «Биатлон», «Эстафета», «Лабиринт».


PROFIT Integrator Day, profitday.kz


Уақыты: 19 мамыр

Integrator Day — қазақстандық интеграция мамандары өз кейстері, мүмкіндіктері мен шешімдері туралы айтатын, сондай-ақ тұтынушылармен сөйлесіп, олардың проблемаларын білуге мүмкіндік алатын конференция.


PROFIT Culture & Sport Day, profitday.kz


Уақыты: 30 маусым

Өтетін жері: Алматы

Қазақстандағы мәдениет пен спортты цифрландыру бойынша конференция. Офлайн және онлайн режимде өтеді.


PROFIT Logistics Day, profitday.kz


Уақыты: 15 қыркүйек

Өтетін жері: Алматы, InterContinental Almaty

Конференция спикерлері мен сарапшылары цифрлық шешімдерді талқылап, іс-шара тақырыбына қатысты өзекті мәселелер: нарықтық трендтер мен инновациялар, бизнесті автоматтандыру, серіктестермен және тұтынушылармен жұмысты оңтайландыру туралы пікір алмасады.


Almaty Marathon марафондары, @almatymarathon


марафон

Өтетін жері: Қазақстан

Спорттық жарыстар, марафондар, жүзулер, жарыстар — 2023 жылы Almaty Marathon Қазақстанның түрлі қаласында оннан астам шара өткізеді.

Бірінші шара — Winter Run 19 ақпанда Алматыда өтеді.
Меню

Істер

Қала 24

Шолу