facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ispaniyada-y-aza-tar-k-r-ahmettaeva-alada-zhal-yz-aza-yzy-bolu-turaly
logo
Испаниядағы қазақтар. Іңкәр Ахметтаева қалада жалғыз қазақ қызы болу туралы

13.06.2018

Испаниядағы қазақтар. Іңкәр Ахметтаева қалада жалғыз қазақ қызы болу туралы

Іңкәр Ахметтаева, туған жері — Алматы, консалтингтік компанияның маманы


Тұрып жатқан елі: Испания, Вальядолид

IMG-2067.JPG


Алматы — Вальядолид



Испанияға 2013 жылы көшіп келдім. Шотландияда оқу оқып жүрген кезімде болашақ күйеуіммен таныстым. Ол мен бұрын естімеген Мадридтың астындағы кішкентай қалашықтың тумасы екен.

Алдымен Шотландияда тұрдық, ал бір жылдан соң екі елдің арасында жүрмей, Алматыға менің ата-анама жақын болу үшін көшу туралы шешім қабылдадық. Уақыт өте келе Испанияға көштік.



Көшудің қиындықтары туралы



IMG-0561.JPG

Вальядолид — кішкентай қала және мұнда шетелдіктер аз. Егер Мадридте, Барселонада немесе Канар аралдарында испан тілінде сөйлемеуге мүмкін болса, ал біздің провинцияда мүмкін емес. Орыс тілі мен қазақ тілін айтпас бұрын бұл жерде ағылшын тілін де аз адам біледі. Көшкенге дейін менің испан тілін білуім үш сөзбен шектелетін: hola, gracias и adiós, сондықтан алғашқы бірнеше ай қатты қиын болды, тіпті дүкенге жалғыз өзім шыға алмадым.



Испаниядағы жұмыс туралы



Біз көшіп келген кезде, мен испан тілін білмейтінмін, сондықтан жеке меншік тілдер мектебінде ағылшын тілінен сабақ бердім. Бір жарым жыл бойы таңертең испан тілін оқып, түскі астан кейін балалар мен ересек адамдарға ағылшын тілін оқыттым. Қазір магистратураны бітіріп жатырмын және оған қоса консалтингтік компанияда жұмыс жасаймын.



Қаладағы өмір туралы



Испанияны ойлаған кезде ойға бірден күн, жағажай, жылу келеді, бірақ мен тұрып жатқан қала мүлдем басқа болып шықты. Қазір далада тіпті Алматыдан да суық. Адамдар саны мен өмір қаныққандығы бойынша Вальядолидті Мадрид пен Барселонамен салыстыруға болмайды. Бірақ бұл қаланың артықшылықтары көп: тыныш, отбасыға арналған, қауіпсіз. Мұнда тіпті көліктің де керегі жоқ, жаяу жүруге де болады жәнеқала транспорты жақсы дамыған.

Испанияда адамдар жұмысқа қарағанда өздерін, жағдайларын, жеке уақыттарын артық бағалайды. Бес жыл бұрын біз осы жерге келген кезде дүкенге баруды алдын ала жоспарлау қажет болды. Себебі дүкендердің, банкілердің, пошта бөлімдерінің көп бөлігі 14:00-ден 17:00-ге дейін түскі асқа жабылады, сенбі күндері түске дейін жұмыс істеп, жексенбі мүлдем істемейді. Бізде дүкенге бару жоспарын білмегендіктен тіпті түскі ас кезінде нансыз қалған күндер де болды. Алматылық тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер жеткіліксіз болды.

IMG-6798.JPG


Адамдар туралы



Көзге түскен ең бірінші нәрсе — аталар мен әжелердің саны. Бастапқыда жастар бар уақыттарын жұмыста өткізетін шығар деп ойладым, бірақ бұл аймақтың ерекшелігі болып шықты. Мені таңғалдырған тағы бір нәрсе мұндағы адамдар балалы болуды тек 30 жастан кейін ғана жоспарлайды, балалары бар жас адамдарды сирек кездестіруге болады.

Испаниядағы әкелер белсенді, аналарға балаларды қарауға көмектеседі. Арбадағы балаларымен серуендеп жүрген бір топ әкелерді жиі көруге болады. Қазақстанда ол сиректік.

Маған испандықтардың өз ойларын еркін айтып, қорғай алатындары ұнайды. Бұл әрқашан және барлық жерде білінеді: отбасылық дастархан барысындағы әңгімеден бастап, одан да жоғары деңгейдегі дискуссиялармен аяқталады. Бұған өте ерте жастан бастап дағдыланады, балалар өзгелерден ерекшеленетін көзқарастарының бар болуынан қорықпайды.

Испандықтарда өздеріне деген махаббат пен сыйластық, демала білу және оларды бақытты ететін нәрселерге уақыт бөлу жақсы дамыған


Сонымен қатар, испандықтардың отбасыға деген қатынастары ұнайды. Мұнда отбасы мен балалар бірінші орында. Испанияда, Қазақстанда сияқты отбасылар аптасына бір рет ата-аналарының үйіндегідастархан басында жиналады. Мысалы, біз демалыс күндеріне жоспар құрмаймыз. Сенбі күнін жұбайымның әкесімен өткіземіз, қала сыртына немесе көрші қалашықтарға шығамыз, ал жексенбі күні жұбайымның анасының үйінде отбасылық түскі ас өтеді. Мұндай жексенбі әрдайым көрші бардағы бір стақан вермуттан басталып, үстел ойынындағы партиямен аяқталады.

Испандықтарда өздеріне деген махаббат пен сыйластық, демала білу және оларды бақытты ететін нәрселерге уақыт бөлу жақсы дамыған. Олар қиындықтарға көп көңіл бөлмейді, жұмыста 12 сағаттан жоғалып кетпейді. Жұмыс үшін жұмыс уақыты бөлінеді, ал кештер мен демалыс күндер өздері мен отбасыларына арналады.



Испаниядағы қазақ диаспорасы туралы



IMG-4577.JPG

Мен көшіп келген кезде біздің қалада қазақтар мүлдем болмады, мен бірінші болдым. Мүмкін ол кезден бірдеңе өзгерген шығар, бірақ осы уақыт ішінде Қазақстаннан тек жалғыз қызды кездестірдім, оның есімі Кира және ол осында оқу үшін келді. Орыстар мен украиндықтар да біздің қалада бар, бірақ көп емес. Шын мәнінде, бұл бойынша менде қиындықтар болған жоқ. Туыстарым мен достарымды сағынам, бірақ біз жиі хабарласып, сөйлесіп тұрамыз.

Испанияда, яғни Мадрид пен Барселонада белсенді қазақ диаспоралары бар, бірақ мен олармен араласпаймын. Жұмыс, оқу және отбасыма байланысты оларға уақытым жетпейді.

Алматыда тұрған кезде күйеуім Қазақстаннан масаттанды


Испаниядағы отбасым қазақ мәдениетіне қызығушылықпен қарайды. Жақында күйеуімнің әкесі Қазақстан және қазақ салттары туралы кітап сатып алды, енді бәрін менен артық біледі. Біз жылына бір рет болса да Қазақстанға келуге тырысамыз. Алматыда тұрған кезде күйеуім Қазақстаннан масаттанды. Оны Қазақстанға маған қарағанда қаттырақ тартады. Оған менің туыстарымның көзқарасы, қазақтардың тағамдары, адамдары ұнайды.



Қала не үйреткені туралы



Осында тұрып жатқан бес жыл ішінде әр екі сағат сайын шай ішуден арылдым және қол бұлғап сөйлеуді үйрендім.

Егер шынымды айтсам, менен жасы және деңгейі жағынан үлкен адамдарға өз ойымды айтуды үйрендім. Мысалы, жұмыста басшының ойымен келіспейтінімізді еркін айта аламыз, оның үстіне біздің пікіріміз еленбей қалмайды. Басымдықты орнатуды үйрендім, егер бұрын үйге алынған жұмысты істеп, түні бойы ұйықтамасам, қазір ол мен үшін ойға сыйымсыз нәрсе. Бұрын көптен күткен киноға барудан біреу үшін бас тартатын едім, қазір өз пайдам үшін «жоқ» деп айтуды үйрендім.

Мүмкін, мені қала емес, жағдайлар мен адамдар өзгерткен шығар. Маған осы жерде тұрған қолайлы, өзім үшін жақсы мүмкіндіктер мен келешекті көремін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.