facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/c14/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/c14618cb01ae0d74b5df18254a1c1513.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
iranda-y-etnikaly-aza-tar-t-l-men-orta-d-st-rler-zhayly
logo
Ирандағы этникалық қазақтар тіл мен ортақ дәстүрлер жайлы

25.03.2020

Ирандағы этникалық қазақтар тіл мен ортақ дәстүрлер жайлы

Farkhad Nauuryz, 42 жаста, туған жері - Горган, сатушы


Farkhad.jpg

Көшу жайлы


Қазақтар Кеңес өкіметінің қысымымен Иранға көшті. Сол кезде оңтүстік-батыс Қазақстан аумағынан 5000-ға жуық қазақ көшіп кетті. Көшіп-қонғаннан кейін біздің өміріміз Иранда жалғасты. Біз мұнда өмір сүруге үйрендік.

Ирандық қазақтарды кездестіруге болатын басты үш қала — Горган, Гонбад және Түркімен. Жергілікті тұрғындар бізді «казахла» деп атайды.

Үлкендеріміз жастар өз халқының тарихын ұмытпау үшін барын салады. Сондықтан жалпы кездесулерде біз қазақтар туралы, отбасымыздың бір кездері қалай көшіп-қонғандығы туралы айтып отырамыз.

Қазақ диаспорасы жайлы


Ирандағы қазақтар бір өңірде тұратын болса, бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Барлық дәстүрлерді ұстануға тырысады. Басты ерекшелігі — неке қию тек өз ұлтының өкілдерімен ғана рұқсат етілген.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген ирандық қазақтар Отанына көшті. Бірақ кейде оларға бейімделу, жұмыс табу қиын болды. Иран қазақтары орыс тілін білмейді, қазақ тілінде сөйлейді, бірақ диалектпен. Ал Қазақстандағы адамдар орыс тілінде көбірек араласады.

Бізде шағын диаспора бар, бірақ көпшілігі бір-бірімен таныс емес. Туыстас байланысы бар отбасылар ғана араласады.

Салт-дәстүрлер жайлы


Иранда қазақтар Қазақстандықтарға қарағанда ет және сүт өнімдерін сирек жейді. Ең басты қасиет — қонақжайлылық. Кез-келген қонаққа бару бір кесе шәйдан басталады, үй иесі әрдайым кіріп,ортақ үстел басында дәм татуды ұсынады. Егер сіз таныс болмасаңыз да, бірақ ұлтыңыз қазақ болса, сізді кез келген үй қарсы алады.

Біздің аналармыз қымыз мен құртты қалай дайындау керектігін біледі. Әсіресе ауылда тұратын аналар. Мереке күндері біз дастархан басында отбасымызбен жиналып, міндетті түрде қазақ тағамдарын дайындаймыз. Бұл дәстүрді әрдайым ұстанамыз.

Ең басты қасиет — қонақжайлылық


Ұлттық киімдеріміді танимыз.Үйлену тойға жиі қазақша көйлек тігеді.

Мен үшін ұлттық мерекелерді дәстүр бойынша ұйымдастыру маңызды. Бұл мәдениетті сақтаудың бір түрі.

Мұнда біз үлкен отбасымыз, бірақ мен Қазақстанда болғым келеді.


Majid Zhemeney, туған жері — Горган, кәсіпкер


Majiid.jpg

Көшу жайлы


Біздің отбасымыз адай руынан. Биылғы жылы Иранға көшкенімізге 90 жыл болады. Алғашқы қазақтар Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінен келген.

Қазақ диаспорасы жайлы


Иранда 5000-ға жуық қазақ тұрады.

Біз әрдайым бізге келетін қазақтарға көмектесуге дайынбыз. Егер менің мүмкіндігім бар болса, туған халқым үшін ең соңғы нәрсеммен бөлісуге дайынмын. Қай жерде тұрғанымызға қарамастан, біз барлығымыз қазақпыз.

Салт- дәстүрлер жайлы


Кез келген халықтың жүрегінде ана тілі үшін орын бар. Біз қазақ тілін жақсы көреміз және құрметтейміз, сондықтан тек сол тілде сөйлейміз. Бірақ, өкінішке орай, Иранда өмір сүрген уақытта ол парсы тілімен араласып кетті. Ирандағы қазақ тілі Қазақстандағы тілден өзгеше.

Ирандық қазақтарда барлық отбасылар ұстанатын басты ереже бар. Біз қазақ қыздарын басқа ұлттарға тұрмысқа бермейміз. Біз үшін бұл өте маңызды.

Кез келген халықтың жүрегінде ана тілі үшін орын бар

Иранда да жаңа жылды күту — маңызды мерекенің бірі. Бұл жерде оны «Навруз» деп атайды. Үстелдерде әрдайым қуырдақ, бешбармақ тұрады, оны «қамыр» деп атаймыз.

Біздің отбасымыз дәстүрлі қазақ тағамдары немесе дәстүрлерін білмейді. Бірақ менің ойымша, басқа ирандық қазақтар оларды ұстануға тырысады. Мен туған жерімнің мәдениетін көп білмейтініме өкінемін.


Parvin Mahrid, 38 жыл, туған жері— Бендер-Торкмен, кәсіпкер


Parvin.jpg

Көшу жайлы


Біздің отбасы Иранда бұрыннан тұрады. Руымыз Батыс Қазақстаннан ерте заманда көшіп келген.

Иранда қазақтар көп емес, негізінен елдің солтүстік бөлігінде тұрады.Бірақ к ейбір отбасылар үлкен қалаларға, астанаға көшіп кеткен. Мен ауылдан қалаға оқуға бардым. Мұнда өмір басқаша.

Қазақ диаспорасы жайлы


Аудандарда біз тек бір-бірімізбен ғана сөйлесеміз, ирандықтармен немесе басқа да ұлттармен қарым- қатынас жасамаймыз. Мектептерде парсы тілін, ал үйде қазақ тілін оқимыз. Ана тілін ұмытпау үшін әрқашан қазақша сөйлейміз. Бірақ мен жазып, оқи алмаймын, себебі кириллицада әріптерді тану қиын.

Мұнда мектептер, курстар немесе әдебиеттер жоқ. Біз Интернетте қосымша материалды іздейміз, бірақ фильмдер түпнұсқа тілінде ғана бар. Оларды қарау қиын.

Салт- дәстүрлер жайлы


Иран қазақтары мен қазақстандықтардың дәстүрлері әр түрлі. Түрлі рәсімдер басқаша орындалады. Біз үлкендер үйрететін ережелерді ұстанамыз.

Мұнда қазақтар ирандықтардың мәдениетіне үйренген. Біз ұлттық тағамдарды сирек дайындаймыз. Бұл үлкендер мен қарт адамдары бар отбасыларда көп орындалады. Жастар ұлттық мәдениетке қызығушылық танытпайды.

Иран қазақтары мен қазақстандықтардың дәстүрлері әр түрлі


Бірақ біз тілді, дәстүрді, музыка мен әдебиетті сақтай аламыз. Мен ирандық қазақтар ұлттық музыканы тыңдайтынын, домбырада ойнайтынын білемін.

Ирандық қазақтар жиі Ақтауға және оның жанындағы қалаларға саяхаттайды. Тарихи Отаннан алыс тұрған кезде, әрқашан достық пен өзара көмекке мұқтаж боламыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм