facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/e04/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/e04e457d4815237aee394160cf56f0c3.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
internacionaldy-otbasyny-o-i-asy-astana-ballet-te-z-mahabbatyndy-alay-kezdest-ruge-bolady
logo
Интернационалды отбасының оқиғасы: Astana Ballet-те өз махаббатынды қалай кездестіруге болады

lya Manayenkov

(Илья Манаенков)

29 жаста, туған жері — Тель-Авив, Astana Balletтеатрының бас солисті

Ансаған Кобентай

25 жаста, туған жері — Алматы, Astana Balletтеатрының солисті

07.12.2019

Интернационалды отбасының оқиғасы: Astana Ballet-те өз махаббатынды қалай кездестіруге болады


Біз жайлы


Илья. Біз гастрольдік сапарға бара жатқанда әуежайда таныстық. Бұған дейін театрда көрісетінбіз, бірақ араласқан жоқпыз. Сол кезде Ансағанға көмек қажет болды, ол ақсандап жүрді. Біз әуежайда үш сағаттай бірге жүріп әңгімелестік.

Ансаған. Кездесе бастаған уақыттан екі жылдан кейін Илья маған ұсыныс жасады. Бұл Израильде, оның үйіне үшінші рет барғанда болды.

Израильде өте әсерлі, ал сол күні күннің батуы ерекше әдемі болды. Кешкі астан кейін біз велосипед үйренуге бардық, бірақ мен құлап, көңіл күйім түсіп кетті. Менің көңілімді аулау үшін Илья теңіз жағасында серуендеуге әкелді. Ол сақинаны алып шығып, «жылама»деп табыс етті. Бұл өте әсерлі сәт болды, мен мұндайды күткен жоқпын.

DSC_4640.jpg

Илья. Ансаған ұсыныс жасайтынымды күтпесе де, әр жазда бұл туралы айтып отыратын. Ал мен ұсынысты тек бес жылдан кейін жасаймын деп қалжындайтынмын.

Ансаған. Біз Израильге алғаш келгенде, мен оның ата-анасымен таныстым. Ұзақ демалыстар болған сайын біз сол жаққа барып тұрамыз. Ильяда заманауи отбасы. Сондықтан менталитетіміз бөлек болғанымен, біз тез тіл табысып кеттік.

Ильяның отбасы өте мейрімді жандардан құралған, олар адамды бар болмысымен қабылдайды. Шығармашыл адамдар үшін бұл маңызды. Мен өзімді мұндай бақытты ешқашан болмағанмын.

Илья. Біз Ансағанның отбасымен Алматыдағы гастрольдік сапар кезінде таныстық. Барлық әріптестерім менің бұл сәтті көп күткенімді білетін, тек сәттілік тілейтін.

DSC_4655.jpg

Ансаған. Менің отбасым үшін оның қазақ болмағаны таңқалдырды. Менің жақындарым дәстүрлі адамдар, бірақ Ильяға ерекше сүйіспешілікпен қарады. Әкеме оның қызының артында мықты адамның болғаны маңызды болды. Оны менен қаттырақ жақсы көретіндеріне таң қалдым. Біз телеыонмен хабарласқан сайын, ол ең алдымен «Ильюша қалай?» дейді. Бұл өте қуантарлық жағдай.

Бізде үлкен той болған жоқ. Мүмкін өзіміз үшін бірдене жасармыз.


Нұр-Сұлтан жайлы


Илья. Мен Нұр-Сұлтанда үш жыл тұрамын. Бұл жер өте суық, Израильден кейін мұндай ауа-райына көшу қолайсыз болды. Бірақ маған даму керек екенін түсіндім, және Астанада бұған барлық мүмкіндік болды.

Бұл жерге көшіп келгенге дейін Қазақстан туралы ештене білмейтінмін, тек бір қалад өте әдемі таулардың барын естігенмін. Бұл жерде Израиль елінің елшілігі бар дегенді білгенде бірден көшуге келістім.

DSC_4628.jpg

Ансаған. Мен Нұр-Сұлтанда тоғызыншы жыл тұрамын, бұл жаққа Алматыдан көшіп келдім. Astana Ballet театры ашылғанда кастингтен өтіп, осында көшіп келдім. Мен театрдың ең алғашқы қызметкерлерінің бірімін. Астанаға шығармашылық үшін, жаңа дүниелер үшін келдім. Театрға мүмкіндіктер үшін алғыс айтамын.

Астанада адамдардың қолы жұмыстан босамайды. Бұл — қаланың артықшылығы. Сен әрдайым жұмыстасың, шығармашылықтасың. Астанада адам өзінің жанына жақын болатын түрлі мектептер мен сертификатталған жерлер өте көп.


Отбасым жайлы


Илья. Біздің отбасымызда қызметтер бөлінген, егер біреу тамақ істеп жатса, екіншісі ыдыс жуады.

Ансаған. Кім бірінші оянса, сол таңғы ас дайындайды. Илья ең дәмді кофе әзірлейді. Біз әр гастрольдік сапарымыздан кофе алып келеміз.

DSC_4625.jpg

Бізде міндетті түрде әркім өзіне жұмсайтын уақыт бар, өз қызығушылығыммен айналысамыз. Мен психологиялық әдебиетті таңдаймын, бейне сабақ көремін. Илья шығармашылық пен балеттен тыс компьютермен, техникалық істермен айналысады. Біз бостандықта өмір сүреміз. Бір-бірімізді сүйе тұрып, шекараны бұзбау маңызды.

Әр демалыс сайын біз бір-бірімізге романтикалық кешкі астар ұйымдастырамыз, немесе таңғы асқа әдемі жерлерге барамыз, мысалы La Creme-ге. Маңызды даталарды да ұмытпаймыз. Оларды ерекше атап өтеміз.

Илья. Біз уақытты жиі бірге өткіземіз: жұмыста да, үйде де. Мұның артықшылықтары бар: біз әрдайым бір-бірімізге көмектесе аламыз. Бірақ театрда бірдене болса, біз мұны үйде де айтамыз. Бір-бірімзді ол оқиғадан шығаруға тырысамыз. Далаға серуендейге шығамыз.

DSC_4644.jpg

Ансаған. Илья — кез-келген шығармашылық бастамаларды қолдайды. Біз театрда бір-бірімізге дамуға көмектесеміз. Үйде әдемі әуен тыңдаймыз, фильмдер көреміз. Мен үшін отбасы — басты құндылық.

Мен иврит тілін үйреніп жатырмын, бірақ біз Илья екеуіміз орысша сөйлесеміз, кейде ағылшынша, кейде сөздік арқылы. Бұл қызықты. Бірақ біз бір-бірімзді сөзсіз-ақ түсінеміз деп ойлаймын. Егер дауласып қалсақ, күле бастаймыз.

DSC_4620.jpg

Біз бір-бірімзді сыйлаймыз және бағалаймыз.


Бүгінгі таңдағы жан-дүниенің жағдайы


Илья. Ансаған жанымда болғандықтан, мен ештенеге алаңдамаймын.

Ансаған. Мен өзімнің тірегімнің барын сезгендіктен, түрлі шығармашылық эмоцияларға берілемін, өзгергім келеді, дамығым келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі