«Назарбаев орталығы» туралы
«Назарбаев орталығының» бірегейлігі шатыр құрылысының ерекшелігінде, соның арқасында аралық диаметрі 81 метр құрайды. Ғимараттың жалпы ауданы — 30 000 ш.м. асады, 9 қабаттан құралған. Кешеннің ішкі жобасы диаметрі 26 метр, ауданы 535 ш.м., 500-ге дейінгі қонақ сыятындай іс-шаралар өткізуге болатын орталық атриум айналасына шоғырландырылған.
Егер келушілерден 10 адам құралса,орталық ішінде экскурсияны тегін өткізуге болады
Ғимарат аспанға қарай ұмтылған көзге ұқсайды. Орталық ғимараты — экологиялық сәулет үлгісінде, өйткені сыртқы әйнегі кез-келген жыл мезгілінде күн жылуын жинай береді. Екінші, үшінші қабаттарда интерактивті оқу орталығы орналасқан, экспозициялық бөлмелер мен ҚР Президентінің жеке кітапханасы бар. Одан жоғарыда кітапхана қызметкерлерінің кеңсесі мен Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қоры орналасқан. Бірінші қабат атриумында Президенттің қазақ мемлекетінің қалыптасу жолдары туралы сыр шерткен таңдамалы еңбектері орналастырылған.
Кітапхана туралы
«Президенттің жеке топтамасы» галереясында өзге мемлекет басшыларынан сыйға тарту етілген кітаптар бар. Экспозиция белгілі өнер иелерінің қол таңбалары қойылған және елбасына ыстық лебіздері жазылған өнер туралы кітаптарға толы. Қабырға сөрелерінде мемлекет басшыларынан, танымал мемлекеттік қайраткерлерден, шетел елшілерінен сыйға тартылған альбомдар орналасқан.
Сонымен қатар бұл жерде оқу залы бар. Оқырмандарға арнайы интернетке және кітапхананың электронды каталогына қосылған компьютермен жабдықталған арнайы кабиналар бар.
Демалысқа арналған релакс-орындар бар, ол жерде табиғи жарықтандыру мен тыныш ахуал орнатылған
Кітапхананың маңызды бөлігі — бұл 13 миллион кітапқа қолжетімділік. Барлық қалаған адамдар материалды онлайн оқи алады, оны жүктеп немесе аудионұсқасын тыңдай алады. Тағы бір қор — бұл әлемдік сандық кітапхана, кітапты карта бойынша таңдап және кітаптарды аудандар бойынша іздеу мүмкіндігі жасалған. Әлемдік әдебиет галереясында қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторларлардың туындылары табылады.
Кітапханаға тегін рұқсатты алу үшін presidentlibrary.kz сайтында тез тіркелуден өту қажет.
Көрмелік аумақтар туралы
Екінші қабатта «Президенттік экспозиция» орналасқан, осы жерде мемлекет басшысының толық өмірбаянын, оның қызметінің интерактивті хроникасын толық білуге болады. Қызықтыратын кез-келген уақыт аралығын таңдап, мәтіндік, фото- және бейне материалдар қарауға мүмкіндік бар.
Келесі экспозиция — «Қазақстан Президентіне тартылған Сыйлықтар». Ең жарқын экспонаттардың бірі —басқа мемлекет басшылары мен елшілерінен, сан алуан мемлекет қайраткелерінен сыйға тарту етілген шахматтардың бірегей топтамасы.
Екінші қабатта мемлекеттің даму тарихын зерттеуге болатын интерактивті үстелдер бар
Мысалы кешендердің біреуі Конституцияға бағышталған: Ағымдағы Конституцияның мәтіні бар, «Қазақстанның Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң және 2017 жылғы10 наурызда осы заң қабылдаған кезде оған қол қойған қалам бар.