facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
interaktivt-3d-tehnologiyalar-men-horeografiyaly-shou-expo-2017-atysushy-elder-n-pavil-ondarynan-nen-tamashalau-a-bolady
logo
Интерактивті 3D-технологиялар мен хореографиялық шоу: EXPO-2017 қатысушы елдерінің павильондарынан нені тамашалауға болады 

15.05.2017

Интерактивті 3D-технологиялар мен хореографиялық шоу: EXPO-2017 қатысушы елдерінің павильондарынан нені тамашалауға болады 

Ұлыбритания


sputniknews kz.jpg


sputniknews kz1.jpg

Дереккөз: sputniknews.kz


Павильон дизайнының авторы танымал британдық сәулетші Асиф Хан. Британдық павильон ең ірі павильондардың бірі болмақ, оның ауданы 1000 шаршы метрден асады. Қонақтар оны әлемді трансформерлеген үздік британдық инновациялар мен ашылулар үшін күтеді. Павильонның басты бөлігі энергия өндіру мен пайдаланудың тәсілдерін түпкілікті өзгертетін материал — рафен болып табылады.


Британдық павильонның дизайны энергияның пайда болу көздерін іздейді және туғаннан бергі бүкіл әлем бойынша саяхат жасауда, күн энергиясының қозғалысын және оның трансформациялануын, түрлі климаттық жағдайлар мен адамзат өркениетін бақылауға шақырып келеді.


Павильонның ортасында келушілерді 360 градусқа шолу жасайтын Жер жүзінің теңдессіз ландшафты күтеді


Сондай-ақ, қонақтар жаңа технологиялардың, дыбыс пен компьютерлік анимацияның мультисенсорлық әсерін беретін жарқыраған құрылымды көре алады.


Дыбыспен әрлеу жұмысын U2, Дэвид Боуи, Talking Heads, Coldplay және тағы басқалармен жұмыс істеген танымал музыкант әрі суретші Брайн Ино жүргізеді. Павильонның ғылыми контентін Эдинбург Университетінің профессоры Кэтрин Хейменс құрған.


Дереккөз: expo2017astana.com




Қытай


khabar kz.jpg

Дереккөз: khabar.kz


Аумағы 1000 шаршы метр болатын қытайлық павильонның лейтмотиві «Болашақ энергиясы, жасыл Жібек жолы» болмақ. Онда үш мағыналық сюжет қойылады: қытай энергетикасының өткен шағы, қазіргі кезі және болашағы. Павильонды мына ретпен тамашалауға болады: «Энергетикалық дәліз», «Қытай даналығы мен тәжірибесі», «Энергетикалық арман театры», «Ғаламдық міндет пен одақтастық», «Шығу және қонақ күту аймағы». Оларды безендіруде энергетиканың даму тарихын нақтылап көруге, энергетикалық шешімдердің футуристикалық модельдерінің нұсқаларын қарастыруға мүмкіндік беретін интерактивті 3D-технологиялар қолданылады.


Көрме кезінде қытайлық павильонда көптеген шаралар өтеді


Оның ішінде Қазақстан мен Қытай одақтастығының форумдары мен терракоталық әскер көрмесі.


Қытайдың 24 аймағы павильон жұмысы аясында тақырыптық күндер өткізетін болады:


— Пекин, 16-18 маусым

— Цзянсу провинциясы, 20-22 маусым

— Чжэцзян провинциясы, 23 маусым

— Хубэй провинциясы, 26 маусым

— Синьцзян-ұйғыр автономды ауданы, 28-30 маусым

— Шанхай, 2-4 шілде

— Шаньси, 7-9 шілде

— Нинся, 12 шілде

— Хэбэй, 14-16 шілде

— Хунань, 18-20 шілде

— Хэйлунцзян, 22 шілде

— Юньнань, 24 шілде

— Шэньси, 27-29 шілде

— Цинхай, 1 тамыз

— Фуцзянь, 3 тамыз

— Хэнань, 8 тамыз

— Цзянси, 10 тамыз

— Хайнань, 14 тамыз

— Ганьсу, 16 тамыз

— Гуандун, 18-20 тамыз

— Ішкі Моңғолия, 22-24 тамыз

— Аньхой, 28 тамыз

— Сычуань, 31 тамыз

— Шаньдун, 6-8 қыркүйек.


Дереккөз: inform.kz




Швейцария


inform kz.jpg

Дереккөз: inform.kz


Швейцария павильонының жалпы ауданы — 560 шаршы метр.


Павильон қонақтарға танымал швейцарлық табиғи ландшафтты көрсетеді


Бөлме іші мультимедиялық кеңістікті құрады. Қозғалыс датчиктері мен сенсорлық технологияның арқасында ішінде қанша адам болғанына байланысты тіріледі.


Павильон аумағында әдемі швейцариялық тау массивтеріне, суды дұрыс қолдану және ұлттық асхананы дәріптеуге арналған үш тақырыптық үй орналасқан. Одан басқа аумағында Swissnex зертханасы болады. Мұнда швейцарлық және қазақстандық институттар мен жоо арасында ғылым, білім мен инновация алмасу жүреді. Семинарлар сериясы, уақытша көрмелер, ғалым, студент және кәсіпкерлерге арналған арнайы шаралар өтеді деп жоспарланған.


Дереккөз: Швейцарияның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз хатшылығы




Италия


Павильон ауданы— 900 шаршы метр.


Келушілерге 40-жылдардағы Италия бойынша тарихи экскурсия жасауды ұсынады


Одан кейін әр адам энергетикадағы бұрынғы технологияларды жаңадан ойлап табылған нәрселермен салыстыра алады.


Павильон овальді пішіндегі 4 ауданға бөлінген. Әрқайсысына энергетика саласында із қалдырған итальяндық ғалымдардың есімі берілген. Және әрқайсысы бөлек тақырыпқа арналған. Павильонның биік қабырғаларында бейнематериалды көрсете отырып, дизайнерлер келушілерге Италияның энергетикалық дамуын зерттеуді ұсынады. Павильонды безендірумен Паоло Дезидери айналысқан. Қазақстанда бұл есім бұрыннан таныс, ол бірнеше жыл бұрын «Астана Опера» астаналық театрының құрылысына қатысқан.


Дереккөз: 24.kz




Сингапур


kazpravda kz.jpg


kazpravda kz1.jpg

Дереккөз: kazpravda.kz


«Үлкен идеялардың кішкентай қаласы» атты Сингапур павильонында экожүйе құру бойынша тұрақты келешек үшін тиімді шешімдердің дамуын қолдайтын Сингапурдың атқарған жұмысы көрсетіледі.


Ашылу салтанаты кезінде хореографиялық шоу мен павильон бойынша алдын-ала экскурсия өтеді


25 шілдеде Сингапур күні болып өтеді, онда Сингапур тарихын шетелдік қонақтар мен қазақстандық аудиторияға таныстыруға арналған 20 минуттық қойылым қойылады.


Дереккөз: astanaexpo2017sg.com




Қазақстан


tickets expo2017astana com.jpg

Дереккөз: tickets.expo2017astana.com


Қазақстан павильоны сфера ғимаратының бірінші қабатында орналасады. Оның аумағы 5000 шаршы метрді құрайды. Тақырыптық павильондардың әрқайсысы өз тақырыбын ашатын кешеннен тұрады.


«Энергия әлемі» павильоны ғылыми тәжірибелер көмегімен энергетиканың болашақта тұрақты дамуының шешімдерін анықтайды


«Болашаққа арналған энергия» павильоны энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділіктің концепциясын көрсетеді. Ақылды қалалардың тәжірибелік аспектілеріне бөлек экспозиция арналады. «Барлығына арналған энергия» павильонында ғаламшар тұрғындарының энергияға қолжетімділік механизмін, энергетикалық нарықтың жаһандануын зерттеуді көрсетеді. «Болашақтағы менің энергиям» павильонында әркімнің энергияны тиімді әрі үнемді пайдалануының жеке жауапкершілігіне басымдық берілген.


Дереккөз: expo2017astana.com

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.