facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/a36/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/a36714630c30b1dfa9c70da639ce705d.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
instagram--y-tanymal-9-ana
logo
Instagram-ғы танымал 9 ана

10.03.2020

Instagram-ғы танымал 9 ана

Алия Байтугаева, @super.mamasita


Supermamasita.jpg

Ең танымал қазақстандық инстаананың үш баласы бар. Екі ұлы Джамиль ака Джамбо және Самир ака Человек-тень және қызы Алиша ака Алишенция.

Алия отбасының жарқын суреттері мен бейнелерін жариялайды және дұрыс тамақтанудың сырымен бөліседі. Оның миллиондаған аудиториясы Mamasita парфюмының Walker парфюмерлік желісімен бірлескен коллаборацияда танымал болуына ықпал етті.


Жанель Бектемисова, @lifelearning


lifelearning2.jpg

Алматылық Жанель Германияда тұрады. Төрт баланың анасы. Оның жазбалары махаббат, қарым-қатынас, отбасы, бала тәрбиесі, өзі тұрған қалалар жайлы.

Жанель — білімі бойынша педагог және психолог, дұрыс тамақтану бойынша жаттықтырушы, Anashym Forum Awards-тың қорытындысы бойынша «Insta Мама» номинациясының жеңімпазы.


Сабира Жарасовна, @sabirkin_


sabirkin.jpg

Екі баланың анасы әзілқой бейнелерінің арқасында танымал болды. Сабираны Орта Азия елдерінің оқырмандары оқиды. Блогер өзі жайлы әзілдесуді, енесімен қарым-қатынасы жайлы айтуды және отбасындағы қалыңдық пен ананың өмірі жайлы бөліскенді жақсы көреді.

Жақында Алматыда Sabirkin Kitchen атты орынды ашты.


Әсел Сапакова, @kaz_for_moms


aselsapakova.jpg

Алматылық инстаананың төрт ұлы бар. Балалары туғанға дейін ол банкте жұмыс істеді. Тұрмысқа шыққаннан кейін, бала күтімінде отырғанда «Мама, қазақша сөйлеші» атты қазақша-орысша сөздік шығарды. Кітап туғаннан бастап өз балаларымен қазақ тілінде сөйлегісі келетін аналарға арналған.


Әсел, @veryhappymom__


veryhappymom.jpg

Үш баланың анасы Нұр-Сұлтанда тұрады. Асанали, Айсана, Айлин және олардың анасы Әсел — блогтың басты кейіпкерлері. Олар қаланың жаңа орындары жайлы айтады. Сондықтан парақша «анаға пайдалы нәрселер бойынша гид» деп аталады.

Сондай-ақ Әсел аналарға арналған кездесулер өткізеді.


Айнұр Байтенова, @ainurb


aynurbatenova.jpg

Парақша көптеген жас аналардың, қыздардың және үйде отырған аналардың көңілін өзіне аударды. Екі қыздың анасы ешкімнің көмегінсіз саяхаттауға, балаларды тәрбиелеуге және тұрмыстық шаруалармен айналысуға үлгереді.


Айман Кулумбетова, @nami_kulumbetova


namikulumbetova.jpg

Айман event-саласында PR-маман болып жұмыс істейді. Бала күтіміндегі әйелдерге арнап алғашқы жәрмеңке ұйымдастырған. Аялы қызымен әлемді шарлайды және осы туралы өз парақшасында жазады.


Малика Касенова, @lonmali


malika.jpg

Төрт баланың анасы Малика кәсіпкер-ананың блогына айналған food-блог жүргізген. Oxford Bellerbys College-те кейін, Royal Holloway университетінде оқыды.

Малика отбасылық құндылықтарды, салауатты өмір салтын насихаттайды және отбасылық тұрмыс тіршілігі жайлы жазады.


Бота Кенжеханова, @bota_kenzhekhanova


botakenzhehanova.jpg

Төрт баланың анасына күнде жүздеген оқырмандар тәрбие және өмірдегі ананың рөлі жайлы кеңес алу үшін жазады.

Блогта бьюти-құпиялармен, сәнді луктармен бөліседі және алғашқы тістер, тамақтану жайлы жазады. Жас аналарға кеңес беруде дұрыс сөздерді табу үшін психологтың білімі көп көмек көрсетеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі