facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/446/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/446adbabf608ffe20cd27b016027c022.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
instagram-da-zhazylu-a-bolatyn-orta-aziyany-zd-k-bish-ler
logo
Instagram-да жазылуға болатын — Орта Азияның үздік бишілері

27.01.2020

Instagram-да жазылуға болатын — Орта Азияның үздік бишілері

Қазақстан


Владислав Ким, @_vladkim


Владислав Ким.jpg

Владислав Ким Қарағандының тумасы, 14 жасынан билейді. 16 жасынан хип-хоптан сабақ береді. Ол бірнеше рет чемпионаттар, фестивальдар мен конкурстардың жеңімпазы атанған, Royal Team би ұжымының қатысушысы болды. 2014 жылы Ian Eastwood, Brian Purpus және басқа да АҚШ-да танымал хореографтардың шеберлік сағаттарына қатысты. 2015 жылы ТНТ-ғы «Танцы» шоуының екінші кезеңіне қатысты.


Мадина Бейсекеева, @beisekeevam


Мадина Бейсекеева.jpg

Мәдина Бейсекеева — кәсіби хореограф. Бимен өмір бойы айналысады. Қазақстанда Waacking бағытын дамытуды бастаған алғашқылардың бірі.

Көптеген халықаралық чемпионаттарда жеңіске жетті, оның ішінде Мәскеуде Battlezone SmackandWaack, Стокгольмдегі StreetStar-да. ТНТ-ғы «Танцы» және «Биле, Қазақстан» сияқты бірнеше танымал би жобаларына қатысты.

Дерек көзі: tengrinews.kz


Николай Черников, @killakolya


Николай Черников.jpg

Николай Черников — Нұр-Сұлтаннан шыққан бибой-биші. Red Bull BC One World Final 2019 атты ең беделді әлем чемпионатының финалисті. Көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы: Puma Breakdance Session 2014, Red Bull BC One Eastern-European Final 2015 Тбилисиде, South-West Sweet Sixteen 2016, Style is Power 2016, Breakapolly 2016 АҚШ-да.

2019 жылы Жапонияда Asian Dancesport Games in Takasaki конкурсында екінші орын алды.


Даурен Айжариков, @dauren_aizharikov


Даурен Айжариков.jpg

Дәурен Айжариков — поппинг және локинг стиліндегі биші. Қазақстанды көптеген халықаралық чемпионаттарда таныстырды, соның ішінде: Juste Debout France, R16 Korea Seoul, Keep on Dancing China, Back to the style Italy, Pisa, Pay the cost to be the Boss France, Paris. Қазақстанда би бойынша жарыстар ұйымдастырады.


Бауржан Сейфуллин, @bauka_seifullin


Бауржан Сейфуллин.jpg

Бауыржан Сейфуллин — ТМД және Еуропа елдерінде заманауи бидің бірнеше дүркін чемпионы.

Шетелдік бишілердің жүзден астам шеберлік сағаттарына қатысқан. Чемпионаттарғ қатысып, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Чех, Италия елдерінде шеберлік сағаттарын берді. Қазіргі заманғы би фестивальдарының ұйымдастырушысы Red Bull Bc One Camp-2018-2019, Red Bull Dance Your Style, Fusion Concept. «Биле Қазақстан» жобасында екінші орын алды.


Қырғызстан


Жан Воинов, @jan_voinov


Жан Воинов.jpg

Жан Воинов — поппинг және локинг стильдерінің танымал бишісі. ТНТ-ғы «Танцы» жобасының қатысушысы.

Жан — MDA заманауи би академиясының президенті. Көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы және қатысушысы: International Street Dance Session, World Of Dance San Diego, Porto World Battel.

Дерек көзі: kloop.kg


Тилан Садырбаев, @tilan_sadyrbaev


Тилан Садырбаев.jpg

Тилан Садырбаев — поппинг стилінің бишісі. ТНТ-ғы «Танцы» жобасының жартылай финалына дейін жеткен және America ' s got Talent жобаларына қатысты. Еліммізде би мәдениетін дамытады.

Тилан — URBAN DANCE FOREVER директоры және негізін қалаушы. Мәскеуде өткен Teamka халықаралық фестиваліне қатысты.

Дерек көзі: kaktus.media


Өзбекстан


Диёр Юлдашев, @diyoryu


Диёр Юлдашев.jpg

Диер Юлдашев — биші, негізгі стильдері: хип-хоп және поппинг. Өзбекстанды Қазақстан, Ресей, Корея, Тайвань сияқты елдерде бірнеше рет таныстырған. Әлемдік деңгейдегі бишілердің шеберлік сағаттарынан өтті.

Көптеген халықаралық чемпионаттарда бірінші орын алды, соның ішінде: International Street Dance Sessio, Got On Flavor 2014 Top Rock Seven2smoke, FillU Battle Hip-Hop 1*1, StageKillazTour All Styles. Диер — Funky Sketchetrs атақты командасы мен би студиясының негізін қалаушылардың бірі.

Дерек көзі: @zlotnikovdancecentre


Жамшид Шукуров, @jfunkyy


Жамшид Шукуров.jpg

Жамшид Шукуров Ташкентте туған. 2012 жылдан бастап бимен айналысады. Жамшид — Red Red Bull BC One Өзбекстанның чемпионы. Өзбекстанды ірі чемпионаттарда таныстырады: Red Bull BC One, R16.

Дерек көзі: weart.media


Материалды жасауда көмек көрсеткендері үшін Динара Дабыловаға, Сара Жалмухамбетоваға, Эркайым Касымкуловаға алғыс білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.