Біз @qazsoz_ жобасының авторы Ильяс Жолдасбаймен танысып, қазақ тілін қалай дамытуға болатынын көбірек білдік.
Ильяс Жолдасбай, 29 жаста, Алматы қаласы, @qazsoz_жобасының авторы, @ileezyy
Өзі туралы
Мен Алматы қаласының тумасымын. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде бакалаврды бітіріп, кейінірек Эдинбург қаласында магистр дәрежесін аяқтадым. Қазір «Қазпошта» компаниясында бас өнімдік дизайнер болып жұмыс атқарамын.
Жоба туралы
Эдинбургта оқыған кезде мен «Абай жолын» оқып бастадым. Дегенмен маған көптеген сөздер түсініксіз болған. Сол кезде sozdikqor.kz деген сайт ашылды, сонымен қатар Twitter әлеуметтік желісінде бір блогқа тіркелдім. Сол жерде олар бір күнде бір сөздің түсіндірмесін салатын. Сонда «Мен сияқты көп адам бар шығар» деген ой пайда болды. Сөйтіп мен жобаны Twitter, Telegram арналарында бастадым.
Біз күнде қазақ тіліндегі сөздерді көп қолданбаймыз, алайда қазақ тілінде көптеген заттарға, эмоцияға, құбылыстарға байланысты көп-көп сөздер бар. Бірақ олардың көбінісі ұмыттып келген немесе оны көп қолданбайды. Соған байланысты жобаның мақсаты — осы сөздерді қайтадан жаңғарту. Мен қазақ тілдің байлығын көрсеткісі келемін. Тағы бір мақсат — диалект емес, тек әдеби тілде қолданылатын сөздер туралы жазу.
Біз екі платформада бармыз — ол Instagram және Telegram.
Қазақ тілі туралы
Қазіргі кезде адамдар көбірек қазақша сөйлей бастады. Көптеген қызықты жобалар, арналар ашылып жатыр. Бірақ бізге үстінен, яғни заң жағынан көмек керек. Кез келген жерде, тамақ ішетін жерден немесе қызмет алатын кезде, бір-бірімен сөйлескен кезде әрқашан қазақ тілін қолдануға тырысу керек. Біздің ең басты мәселеміз — өзіміздің қай жерден шыққанын ұмыту.
Маған @qazaqgrammar, @kazakbubble парақшалары ұнайды. National Graphic Kazakhstan да қазақ тіліндегі жақсы мақалалар жазады. Көбінесе осы жерлерде көп отырамын.
Ақыл кеңес
Қазақ тілінде сөйлейтін дос табу — сізге үлкен көмек. Сонымен қатар speaking club клубтарға қатысыңыз, олар жақсы көмектеседі.