facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
gruziya-zh-ne-aza-stan-toy-a-atysty-d-st-rler
logo
Грузия және Қазақстан: тойға қатысты дәстүрлер
Таңғажайып Қазақстан

17.01.2019

Грузия және Қазақстан: тойға қатысты дәстүрлер

Құдалық


Грузияда құдалық екі жақтың, яғни күйеу жігіт және қалыңдықтың ата-аналарынан батасын алу мақсатымен өткізіледі. Алдымен жігіт жағы қалыңдықтың үйіне келеді. Жігіттің жақындары оны мақтап, болашақ туыстарын бауырына тартады, сыйлықтар береді, келісімін сұрайды. Кейін атастыру салты өтеді.

Қазақ халқының дәстүрі бойынша да күйеу жігіттің жанұясы қалыңдықтың үйіне келеді. Жігіт жағы оны және қыз келін болып түсетін жанұяны мақтайды және ата-анасының батасын алады.


Атастыру


Грузия елінде кезінде атастыру мен тойдың арасында біршама уақыттың өтуін күтетін. Бұл уақыттың ұзақтығы аймақтарға байланысты еді. Уақыт өте Грузия елінің дәстүрлері өзгерді, атастыру мен тойдың арасындағы уақыттың ұзақтығы да өзгерді. Бұрын бұл аралық бес жыл уақытты қамти алатын. Бүгінде, әрине, барлығы тез өткізіледі.

Қазақ халқында атастыру «сырға салу» салты негізінде өткізіледі. Бұл күннен бастап тойға дейін белгілі бір уақыт аралығы да өтуі мүмкін.


Салтанатты тойлар


Грузия елінде тойлар салтанатты түрде өтеді: барлығы шын ықыласпен, ауқымды түрде өткізіледі. Барлық дәстүрлер сақтала бермейтін камералық, заманауи тойлардың да орны бар. Сонымен қатар барлығы қаржы мүмкіндігіне байланысты. Бірақ адамдар үлкен той жасауға тырысады.

Қазақ халқында да көпке дейін есте қалатын үлкен, салтанатты тойларды өткізу дәстүрі бар. Адамдар тойды жақсылап өткізу үшін арнайы ақша жинайды немесе несие алады.


Адам санының көп болуы


Егер сізді грузин халқының тойына шақырса, сіз бас тарта алмайсың. Бұл шақырылған адам тарапынан той иесін әдейі ренжіту әрекеті ретінде қабылданады. Егер үлкен той жасалса, той иесі барлық адамдарды шақыруға тырысады. Сол себепті грузин халқының тойлары адам санының көп болуымен танылады.

Қазақ халқының тойларында да адам саны көп болады, себебі қазақтардың туыстары көп. Той иесі өзінің барлық туысқандарын, жақындарын және достарын шақыруға тырысады.


Мерекелік дастархан


Грузин халқының «супра» мерекелік дастарханы салттық мәнге ие. Жуырда ол Грузияның бейматериалдық мұрасы болып қабылданады. Құттықтаулар орын алатын дәстүрлі мерекелік дастархан екі күнге дейін созылуы мүмкін. Бүгінде адамдар бұрынғыдай апталап тойлай алмайды. Грузин халқының дәстүрлі мерекелік дастарханының мәні тамақ ішіп, көпшілікпен көңіл көтеруде емес, бұл жерде белгілі салттық білім, рухани құндылықтар аманат етіледі. Жас жұбайларға бата беріледі, өте жақсы сөздер айтылады. Грузин халқының мерекелік дастарханы шын жүректен өткізіледі – бұл еске алу, үйрету емес, рухани білім мен құндылықтарды жеткізу ретінде өтеді.

Қазақтың тойлары да бірнеше күнге созылады. Қонақастары тойға дейін және тойдан кейін беріледі. Қонақтардың әрқайсысы жас жұбайларға өзінің ізгі ниетті тілектерін айтады, ал үлкен кісілер баталарын береді.


Қызды алып қашу


Грузия елінің кейбір аймақтарында қызды алып қашу салты сақталған. Бұл салт көбінесе қыздың келісімімен орындалады және шығындардан арылып, тез некелесу үшін жасалады.

Қазақстанда да қыздың келісімімен алып қашу дәстүрі орындалуы мүмкін. Бұндай жағдайда қызды үйінен ұзатпай, алып кетеді.



Материалды дайындауға атсалысқаны үшін Алия Джимранға және Гиги Гелованиға алғысымызды білдіреміз

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.