facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
gonkongta-zho-ary-b-l-m-alu-zh-n-nde-aza-standy-zhastardy-t-zh-ribes
logo
Гонконгта жоғары білім алу жөнінде қазақстандық жастардың тәжірибесі

14.02.2023

Гонконгта жоғары білім алу жөнінде қазақстандық жастардың тәжірибесі

Hong Kong University of Science and Tecnology және The Hong Kong Polytechnic University-ге қалай оқуға түсуге болады, Гонконгта оқудың ерекшелігі неде және ол қандай мүмкіндіктер береді.


Еркебұлан Ахметзаки, 22 года, қаласы – Алматы, Zimran-да бағдарлама әзірлеушісі, Linkedin

еркебулан


Университетті таңдау туралы


Мен қабілет-қарымымды, өз күшімді сынап көргім келді де, шетелде оқимын деп шештім.
Университеттерді екі факторға байланысты таңдадым:

— әлемдегі жоғары рейтингісі

— жаңа қалада тұрып көру

HKUST әрқашан QS World University Rankings рейтингісінде әлемнің үздік 50 университетінің және Азияның үздік 15 университетінің қатарында болды. Өтініш берер алдында мен университеттерді бағдарламалар мен оқуды бітіргеннен кейінгі мүмкіндіктері бойынша мұқият сүзгіден өткіздім. HKUST инженерия мектебінде электроника мен робототехникадан бастап, жасанды интеллектіні зерттеуге дейінгі таңдау пәндері бар икемді бағдарлама ұсынады.

Оқуға түсуі туралы

HKUST-ке оқуға түсу үшін сізге түйіндеме, ынталандыру хаты, ағылшын тілін білетініңізді растайтын құжаттардың негізгі жинағы қажет. Ал ең керемет бонус олимпиадаларға қатысу сертификаттары, спорттық жетістіктер болады. Мен 2017 жылы ҰБТ және SAT/SAT Subject тестілеу нәтижелерін ұсындым, яғни оқуға тапсырудағы әдеттегі жолмен жүрдім.

Үміткерлерге ағылшын тілінен емтихан тапсыру кезінде күш салуды ұсынамын. Егер сіздің IELTS баллыңыз 6.5-тен жоғары болса, университет пәнді сіз үшін автоматты түрде жабады.

HKUST-ке түсер кезде: бизнес, инженерия, ғылым, гуманитарлық ғылымдар бойынша мектептердің біріне түсетініңізді есте ұстаған жөн. Бірінші семестрдің соңында сізде басымдық бойынша бірнеше Major таңдау мүмкіндігі беріледі. Екінші семестрдің соңына қарай таңдаған мамандықтардың қайсысына түскеніңіз белгілі болады.

Менің таңдауым Computer Science в School of Engineering-ке түсті.

Оқудың ерекшеліктері туралы

HKUST қаладағы басқа университеттермен салыстырғанда қолайсыз жерде орналасқан, бірақ бұл Гонконгты зерттеуге кедергі жасамайды.

Университет қалашығы керемет, жасыл желекке толы, теңіз жағасына жақын.

Оқытушылар құрамы жоғары деңгейде. Университет пен студенттер ұжымы көптеген үйірмелер ұсынады, кітапханадағы атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Оқыту ағылшын тілінде өтеді. Студенттер сабақ кестесін өздері таңдайды. Барлық бірінші курс студенттеріне беретін кеңесім: пәндерді алдын ала таңдап, бірдеңе дұрыс болмаған жағдайда В жоспарын дайындаңыз.

Атмосферасы жайлы


Университет атмосферасы кейде бәсекелестікке толы, кейде босаңсыған қалыпта өтіп жатады.
Студенттер өз елдерінің мәдениетін және дүниетанымын бір-біріне таныстыруға тырысады. Бқл мені қуантады.

Гонконг — әлемдегі ең қымбат қалалардың бірі, әсіресе тұрғын үй құны бойынша. Көптеген адамдар үшін бұл суық қала сияқты көрінуі мүмкін, алайда оның көркем жерлері баршылық.

Университет не үйретті

Кез келген университеттегідей, HKUST студенттерге арналған салалардың бірін оқып-үйреніу мүмкіндігімен қатар негізгі білім пакетін ұсынады.

Төрт жыл оқу барысында мен информатика мен бағдарламалау дағдыларынан бастап ағылшын тілін сөйлеу мен жазуда еркін қолдануға дейін көп нәрсені үйрендім. Университеттегі ең құнды тәжірибе — жаңа адамдармен танысу.


Алуа Қанаева, 21 жаста, қаласы — Гонконг, студент, @alua2601

алуа канаева

Университетті таңдауы туралы

Мен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегімін, Гонконг политехникалық университетінің төртінші курс студентімін. Мен English studies for the professions мамандығында оқимын, сонымен қатар Tourism and Event Management-тің Мinor бағдарламасы бойынша оқимын.

Мен шетелде оқуды баяғыдан армандадым, алайда басқа елге баратыныма сенімді емес едім. Мектеп бітіретін шақта біздің мектептің бірнеше түлегі Гонконгта оқып жүрген болатын, сондықтан мен PolyU-ға құжат тапсырдым. Гонконгтағы басқа университеттерді қарастырмадым, өйткені PolyU мені бағдарламалар мен пәндердің көптігімен қызықтырды. Оған қоса мұнда достарым болды, ал бұл бәрінен маңыздырақ еді.

Оқуға түсуі туралы

Оқуға түсу процесі, басқа елдермен салыстырғанда, салыстырмалы түрде қарапайым. Сізге өтініш формасын толтыру, қажетті құжаттарды, жетістіктеріңізді, сондай-ақ IELTS және SAT емтихандарының нәтижелерін тіркеу қажет.

Келесі қадам әдетте 15 минутқа созылатын онлайн сұхбат және сұхбаттан кейін бір сағат ішінде жазбаша түрде сұрақтарға жауап беретін шағын тапсырма болады. Еarly application-ге берген дұрыс, сонымен қатар Scholarship form-ға ерекше назар аударыңыз.

Оқудың ерекшеліктері туралы

Мajor бағдарламасына қоса, өзіңізді қызықтыратын кез келген саладан Мinor бағдарламасын таңдай аласыз.

Студенттердің халықаралық және жергілікті олимпиадалар мен конференцияларға қатысуына үлкен демеушілік көрсетіледі. Бізде Гонконгтағы басқа университеттермен біріктірілген курстар бар, бұл олардың дәрістеріне қатысуға және түрлі оқыту жүйелерін көруге мүмкіндік береді.

Атмосферасы туралы

PolyU қарқынды студенттік өмір идеясын қолдайды, сондықтан көптеген студенттік ұйымдар, спорт және өнер үйірмелері бар. Бадминтоннан садақ атуға дейін әркім өз хоббиін таба алады.

Гонконг Орталық Азия елдерінен ерекшеленеді. Сондықтан мен сізге жергілікті климат, мәдениет және тамақтану әдеттерімен танысуға кеңес беремін. Мұнда ақкөңіл және тәртіпті адамдар тұрады, олардың қауіпсіздік деңгейі жоғары.

Университет не үйретті

PolyU маған жаңа мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білу керектігін үйретті. Жаңа хоббиді бастауға, қызмет түрін өзгертуге немесе жаңа таныстарға алғашқы қадам жасау мен нетворкингті дамытуға ешқашан кеш емес екенін түсіндім.

Мен PolyU-ге оқуға түсуді ұсынамын. Бұл — азиялық мәдениетті сезінуге, лайықты білім алуға және табысты болашаққа жол ашуға тамаша мүмкіндік. Көп күш пен шыдамдылық қажет болады, бірақ Гонконг сіздің күш-жігеріңізді ескерусіз қалдырмайтынын ұмытпаңыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Шетелге түсу үшін жақсы ұсыныс хатын қалай алуға болады. Орталық Азиядан келген студенттердің тәжірибесі
Шетелге түсу үшін жақсы ұсыныс хатын қалай алуға болады. Орталық Азиядан келген студенттердің тәжірибесі
Назарбаев Университетінің студенттері Қазақстанда ғылымды қалай дамытуда
Назарбаев Университетінің студенттері Қазақстанда ғылымды қалай дамытуда
Жақсы компанияда тәжірибеден қалай өтуге болады: Қазақстанның жас мамандарыннан ұсыныстар
Жақсы компанияда тәжірибеден қалай өтуге болады: Қазақстанның жас мамандарыннан ұсыныстар
Мен Maqsut Narikbayev университетінде оқимын. Студенттерді қабылдау, студенттік өмір және университет ерекшеліктері туралы
Мен Maqsut Narikbayev университетінде оқимын. Студенттерді қабылдау, студенттік өмір және университет ерекшеліктері туралы
Шетелде оқу: 2024 жылы берілетін 12 толық стипендия
Шетелде оқу: 2024 жылы берілетін 12 толық стипендия