Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. Бұл туралы боксшылардың өздері, олардың промоутерлері мен жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсететін HBO арнасы мәлімдеді. Жекпе-жек 5 мамырда өтеді. Бұл күні Мексикада Синко де Майо - елдегі ұлттық мерекелердің бірін тойлайды, осы арқылы PPV-трансляция санын арттыру көзделген. Алдағы жекпе-жекте қазақстандық барлық атағын, ал Альварес The Ring журналының атағы мен орта салмақтағы чемпиондығын тігеді.
Дерек көзі: kaz.tengrinews.kz