facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/56d/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/56de14053dd06843b26045d0fe53da60.JPG
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
global-korea-scholarship-aza-standy-student-o-t-st-k-koreyada-alay-teg-n-o-u-a-bolatyny-zhayly
logo
Global Korea Scholarship. Қазақстандық студент Оңтүстік Кореяда қалай тегін оқуға болатыны жайлы

23.01.2023

Global Korea Scholarship. Қазақстандық студент Оңтүстік Кореяда қалай тегін оқуға болатыны жайлы

Global Korea Scholarship бағдарламасы — Оңтүстік Кореяда оқығысы келетіндер үшін тамаша мүмкіндік. Біз GKS стипендиатымен кездесіп, университеттерге түсу және құжат тапсыру процесі туралы сұрап білдік.


Ясмина Саитова, 22 года, қаласы — Чхунчхон, студент, @jessamine____

Жасмин

Бағдарламаны таңдау туралы


Мен «Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша әлеуметтік зерттеулер бакалавры және магистрі дәрежесін алдым, бірақ кейін оқуымның бағытын «Кәрістану» бағытына өзгертуді шештім. Соган университетінде магистратурада оқып жүрмін. Қазір мен Кангвон ұлттық университетінде Global Korea Scholarship стипендиясы бағдарламасы бойынша тіл курстарын оқып жатырмын.

Мен кәріс мәдениетіне қызығушылығым бакалавриатта оқып жүрген кезімде, Шығыс Азия елдерін зерттей бастағанда ашылды. Осылайша, Корея Республикасының елшілігі жанындағы білім беру орталығында тегін кәріс тілі курстары туралы бар екенін біліп, оларға жазылдым. Мұғалімдер маған Global Korea Scholarship бағдарламасы туралы айтып, өтініш беріп көр деп кеңес берді.

GKS туралы


Global Korea Scholarship — Корея Республикасы Үкіметінің ең танымал стипендиялық бағдарламасы. Ол шетелдік студенттерге елдегі үздік университеттерде тегін жоғары білім алуға мүмкіндік береді. GKS таңдаған университетіңдегі оқу ақысын, әуе билеті мен консулдық алымдарды, тіл курстарын, медициналық сақтандыруды төлейді; шәкіртақы береді және елге келген кездегі бір реттік жол жүру, дипломдық жұмысты басып шығару және үйге қайтуға билетті қоса алғандағы барлық шығындарды өтейді. Стипендия бағдарламаның барлық түріне
қолданылады: бакалавриат, магистратура, докторантура. Ағылшын тілінде де, кәріс тілінде де оқуға болады.

Стипендияны қалай алуға болады


GKS тапсырудың екі жолы бар: еліңіздегі Корея Республикасының елшілігі арқылы немесе өзіңіз таңдаған университет арқылы. Екі жағдайда да құжаттарды дайындап, сұхбаттасудан өту керек.

Бағдарламаға іріктеуден сәтті өту үшін ағылшын немесе кәріс тілдерін орташа деңгейде білген жөн. Сондай-ақ Рersonal statement жазу және сұхбаттасу кезінде өзіңізді дұрыс көрсете білуіңіз керек, Study plan-ды алдын ала дайындап, болашақ зерттеу тақырыбы туралы ойлануыңыз, оқуда жоғары үлгерім көрсетуіңіз және мұғалімдерден жақсы пікірлер алуыңыз керек.

Ерекшеліктері туралы


Бағдарламаның негізгі артықшылықтары — жаңа өмір тәжірибесі, тегін сапалы білім алу, университетті бітіргеннен кейін Оңтүстік Кореяда ғана емес, кез келген басқа мемлекетте жұмысқа орналасу кезіндегі бәсекелестік артықшылық.

Стипендия қалай көмектесті


GKS бағдарламасы жақсы өзгерістер әкелді. Кореяда мен жаңа достар таптым, өз бетімше өмір сүруді үйрендім, түрлі мәдениетпен танысып, дүниетанымымды өзгерттім.

GKS бағдарламасы мені ештеңеден қорықпауға және алға қойған мақсатыма жетуге үйретті. Кәрісше айтқанда: «하늘의 별 딸 수 있다»!, «Қолыңнан бәрі келеді!».

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.