Танымал Worldboxingnews.net порталы бокс жанкүйерлеріне 2017 жылдың үздік боксшысын анықтау үшін сауалнама ұйымдастырып отыр. Осы жылдың үздік деген 12 былғары қолғап шеберінің қатарында қазақстандық Геннадий Головкин де бар.
«Тізімге сонымен қатар өткен жексенбі күні Давид Лемьені жеңген Билли Джо Сондерс те қосылып отыр. Сондай-ақ Сергей Ковалевті жеңіп, мансабын аяқтаған америкалық Андре Уорд та бар. Үздік атануға кәсіпқой бокста қатарынан 49 кездесуде жеңіліп көрмеген Ваенхонг Менайотин, Гильермо Ригондоны жеңген Василий Ломаченко да кірген. Мұнымен қоса Джеральд Вашингтон мен Бермейн Стиверннен үстем түскен Деонтей Уайлдер де бұл тізімге қосылған», – деп жазады басылым.
Дерек көзі: khabar.kz