facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/48f/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/48f51ac93a405913e2d1cc4513b7842d.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
gau-ar-bauyrzhan-yzy-alay-lemdeg-e-r-kompaniyany-yzmetker-bol-any-zhayynda
logo
Гауһар Бауыржанқызы қалай әлемдегі ең ірі компанияның қызметкері болғаны жайында

04.04.2022

Гауһар Бауыржанқызы қалай әлемдегі ең ірі компанияның қызметкері болғаны жайында

Гауһар Бауыржанқызы АҚШ-қа көшіп, жаңа елде сәтті мансабын қалай құрғанын айтып берді.


Гауһар Бауыржанқызы, қаласы — Сан-Франциско, Business Operations Manager, Walmart Connect, @gauhar.live

Гаухар Бауыржанкызы.jpeg


Көшіп кетуі жайында


Америка Құрама Штаттарында оқу менің бес жасымнан бері арманым болатын. Бала кезімде әлемдегі ең жақсы университеттер АҚШ-та екенін естідім. Мен сонда баруға, сонда болуға ұмтылуым керек деп шештім.

Сондықтан 2013 жылы Бостондағы Northeastern University түсіп, АҚШ-қа көштім. Мен оқу үшін қосарлы мамандықты таңдадым: экономика және математика, қосалқы мамандығым бағдарламалау. Мен халықаралық білім алып, шетелде жұмыс тәжірибесін алғым келді.


Бейімделуі мен қиындықтар жайында


АҚШ пен Қазақстан екі параллель әлем сияқты. Бұл елдерде іс басқаша жүргізіледі. Барлық нюанстармен күресу үшін ұзақ уақыт қажет.

Ең өткір мәселе әрдайым баспанаға қатысты. Басқа қиындықтарға мыналар кіруі мүмкін: үлкен бәсекелестік, жұмыс істеу рұқсаттама, тілдік кедергілер, оқу мен жұмысқа американдық көзқарас, медициналық жүйенің ерекшеліктері. Орысша және қазақша сөйлесуді бірден шектедім, extracurricularactivities жазылдым, шетелдіктер мен жергілікті тұрғындардың арасында достастым. Осы қадамдардың барлығы менің ортаға енуіме, американдық мәдениет пен қағидаларды түсінуіме, тілдік кедергіден арылуыма көмектесті.

Бауыржанкызы Гаухар.jpeg

АҚШ — қарама-қайшылықтар елі. Бәрі тап-таза, өсімдіктер гүлдеп, тіршілік қайнап жатқан әдемі, заманауи жерде серуендеуге болады. Ал сізден екі қадам жерде бәрі қирап жатқан және қылмыс деңгейі жоғары «өлген», лас аймақ болуы мүмкін.

Көшіп бара жатқанда, қайта құру үдерісіне толығымен сеніңіз. Жаңаның бәрі жат, ерекше және қорқынышты болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл тәжірибе сізді шыңдап, өмірге жаңа көзқарасты ашады және сізді күшті етеді. Неліктен осында екеніңізді және осы тәжірибеден нені алғыңыз келетінін біліңіз. Соңғы сәтке дейін күтпей, алдын ала жоспарлаңыз.

Адамдармен танысыңыз. Сіз ешкімді танымайтын жаңа елде екеніңізді ұмытпаңыз, өзіңізге адал болыңыз.


Дамуы және қызметі жайында


Университетте оқып жүрген уақытымда мен ірі корпорацияларда: Бостондағы State Street Corporation және Лос-Анджелестегі Piper Sandler қаржы секторында екі жарты жылдық күндізгі тағылымдамадан өттім. Оқуды бітіргеннен кейін, банктерді бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын Empyrean Solutions шағын технологиялық компаниясында жұмыс таптым. Үш айдан кейін, студенттік тәжірибеден өткен Piper Sandler инвестициялық банкінде жұмыс ұсынысын қабылдап, өмірімді түбегейлі өзгерттім.

Гаухар Бауыржанкызы .jpeg

Бір жылдан кейін қайтадан кәсібімді өзгертіп, әлемдегі ең ірі Walmart корпорациясына жұмысқа орналастым. Мен үшін бұл үлкен серпіліс пен тәжірибе болды. Көптеген әртүрлі және маңызды жобаларда жұмыс істеуге, бизнестің нөлден қалай құрылғанын, стратегиялар мен операциялық жоспардың қалай әзірленетінін және жобалардың ауқымдылығын көру мүмкіндігіне ие болдым.

Позитивті көзқарас, шыдамдылық, белсенді қолданба, желі және байланыстар сізге бірінші жұмысыңызды табуға көмектеседі


Барлығын сынап көріңіз және әр мүмкіндікті пайдаланыңыз, олардың біреуі міндетті түрде табысқа жеткізеді.

Аналитикалық қабілеттерді, өз ойын анық және дәйекті жеткізе білуге, өз көзқарасын қорғауға, өз бетінше, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру қажет. Егер сіз мансап сатысымен көтерілуді жоспарласаңыз, өз идеяларыңызды жеткізуді және аудитория алдында сөйлеуді үйреніңіз, өз мамандығыңыз аясында дами жүріңіз.

Мен қазір жаңа нәрселерді үйреніп, Канадаға көшуге дайындалып жатырмын. Стартапқа жұмысқа тұрдым, сондықтан әрі қарай дамып, жұмыс істеймін.


Көшу қалай әсер етті


Ерте жаста басқа елге көшу және тұру сізді тез есейтіп, өз өміріңізге толық жауапкершілікті алуға мәжбүр етеді.

Мен өз басымда көп жұмыс жасадым, тырыстым. Жолда көмектескен, мүмкіндік берген, оқытқан жақсы адамдарды кездестірдім. Және, әрине, маған отбасым мен достарымның үлкен сүйіспеншілігі мен қолдауы көмектеседі.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Малайзия, Мальдив және Сейшел аралдары — дайвинг және снорклинг үшін әлемдегі ең жақсы орындар
Малайзия, Мальдив және Сейшел аралдары — дайвинг және снорклинг үшін әлемдегі ең жақсы орындар
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
2024 жылы қайда бару керек: танымал саяхат бағыттары
2024 жылы қайда бару керек: танымал саяхат бағыттары
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер