Қуаныш Ерғалиев, туған қаласы — Қостанай, докторант
Білімім бойынша мен дәрігермін, Алматы Медициналық университетін бітірдім.
2005 жылы Work and Travel бағдарламасы бойынша АҚШ-на барған кезде Гарвардқа түсу идеясы ойыма келді. Бостон қаласын аралап жүрген кезде, Harvard Medical School оқу орнын көрдім және сол жерде оқуды қаладым. Қазірде, 14 жыл өткен соң, мен Harvard School of Public Health оқу орнының студентімін, докторантура бағдарламасында оқып жатырмын. Мен қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің тарихындағы докторантура бағдарламасы бойыншы оқуға түскен Қазақстаннан шыққан жалғыз студентпін.
Гарвардтың қабылдау комиссиясы жеке тәжірибеге қарайды. Мен мектептен бастап халықаралық олимпидаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болатынмын. Бойымдағы белгілі дағдыларымды дамытатынмын.
Оқудың ерекшеліктері жайында
Гарвард студенттерінің шамамен 40 % шетелден келгендер. Әртүрлі ұлт өкілдерін бірге оқытуға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл студенттерді және мектепті мәдениет пен білім тұрғысынан байытады.
Гарвардтың ерекшелігі – жоғарғы оқу орны тәжірибеге жүзінде қолдануға болатын білімді береді. Біз шынайы жобалар бойынша көп жұмыс жасаймыз. Мысалы, ауруханаға барамыз, сол жерде бізге аталмыш медициналық мекеменің мәселелері жайында айтып береді, біздің міндетіміз – бұл мәселелердің шешімін табу.
Оқытушылардың денсаулық сақтау саласындағы тәжірибелері бар, олар Америкада да, шетелдерде де жұмыс істейді. Оқу процесі аясында олар қандай да бір мәселені түсіндірген кезде, не айтып жатқандарын жақсы біледі.
Университеттегі оқытушы білімнің дереккөзі болып табылайды, ол білімді алуға көмектеседі, жұмысқа бағыт береді, ақыл-кеңестерімен бөліседі. Студенттер көп нәрселерді бір-бірінен үйренеді. Барлығының білім қоры мен жеке тәжірибелері көп.
Арманына жеткен кез-келген адам сияқты мен Гарвардқа түскеніме қуаныштымын және бұл университетті артықшылықтары мен кемшіліктерімен бірге ұнаттым.
Гарвардта бізге оқытатын дағдылардың бірі – жағдайға басқа қырынан қарап, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, объективті түрде талдауға тырысу
Біз Бостон қаласында мәдени ортаны құрып, диаспораны нығайту үшін, қазақ мәдени орталығын аштық.
Жоғарғы оқу орынның берген мүмкіндіктері
Гарвардта бізге оқытатын дағдылардың бірі – жағдайға басқа қырынан қарап, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, объективті түрде талдауға тырысу. Қазірде мен көптеген өмірлік жағдайларға басқа көзқараспен қараймын. Бұл шешімдерді қабылдауға көмектеседі.
Бауыржан Бектеміров, туған қаласы — Ақтөбе, экономист
Мен құжаттарымды Harvard University, MIT, Cornell University, Princeton сияқты алдыңғы қатардағы университеттерге тапсырдым. Мені тек Гарвардқа қабылдады, университет барлық шығындарды өтеп, шәкіртақы төлейді. Әрине, мен келістім және оқуға кеттім.
Ақтөбелік Казақ-түрік лицейінде оқыған кезде, мен математика бойынша өткен халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделерге ие болатынмын. Бұл фактор Гарвардқа түсуіме ықпал етті.
Harvard University оқу орнына түсу — күрделі және ұзақ процесс. Мен тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін дайындала бастадым, ағылшын тілі бойынша оқулықтарды алдым, университеттердің сайттарына кіріп тіркелдім, эссе жаздым, мұғалімдерден ұсынымхаттар жинадым.
Оқудың ерекшеліктері жайында
Маған Америкадағы білім беру процесінің либералды сипаты ұнайды, ол студенттердің айналасында құрылған. Орташа білім беру жайында айтсақ, менің ойымша, бізде ол кертартпа сипатта орын алады: біздің жүйеміз бойынша оқуды бітіргесін барлық оқушылар бірдей орта деңгейдің біліміне ие болады. Америкада барлығы оқушылардың өздеріне байланысты. Балалар әртүрлі пәндерді таңдай алады, мектептің өзінде көп материалды сіңіре алады және жоғарғы оқу орнына түсуге әлдеқайда бейімдірек болады. Университетте де солай. Алдыңғы қатардағы жоғарғы орындар жайында айтсақ, студенттердің басым бөлігі жақсы білімге ие, оқуға бейім келеді және күйзеліс жағдайларынан шыға алады.
Маған Америкадағы білім беру процесінің либералды сипаты ұнайды, ол студенттердің айналасында құрылған
Оқуымның бірінші жылы 3 немесе 4 бағасына жету қиын болатын. Күрделі пәндерді таңдағанымды түсіндім. Оқу орнындағы атмосфераның өзінде бәсекелестік орнаған: емтихандар, тапсырмалар көп – студенттердің барлығы күйзеліс күйінде жүреді және көп уақытты кітапханаларда өткізеді. Сонымен қатар Гарвардта бағалау кезінде егер сен барлығын жақсы істесең, бірақ ең жақсы нәтиже көрсеткен 10 % студенттердің құрамына енбесең, саған жоғары баға қоймайды.
Студент кестесін өзі құрайды, курстарын өзі таңдайды – бұл үлкен артықшылық. Сен үшін шынымен қызықты болып табылатын пәндерді таңдап алуға болады.
Harvard University-дегі студенттік өмір қызықты және көңілді. Кампус ішінде жүрген кезде, қабырғаларында хабарламалар, іс-шаралардың афишалары ілініп тұрады. Әртүрлі үйірмелерге қатысу мүмкіндігі бар: спорттық, қызығушылықтар бойынша, әдеби, тілдік, музыкалық. Көп адамдар спортпен айналысады. Мен футбол ойнадым, бізде орыстілді студенттердің Қауымдастығы болды, біз әртүрлі сауық кештерді өткіздік. Бұл after party-ге ауысатын поэзиялық кештер ретінде басталатын, кейін студенттік отырыстарға ұласатын. Сол кезден бастап достарым көбейді.
Жоғарғы оқу орынның берген мүмкіндіктері
Мен оқыған кезде, негізгі пән бойынша курстардың белгілі көлемін оқып, өзара байланысты курстардан және сенің пәніңе қатысы жоқ курстардан өту керек болды. Мен гладиаторлардың күрестері, теңіз биологиясы және орыс мәдениеті жайындағы курстарды тыңдап шықтым. Бұл білімдер маған қажет болмады, бірақ курстар мен үшін бейтаныс салаларда мағлұматтарды талдауға, қажетті нәрселерді алуға, тұжырымдарды шығаруға көмектеседі.
Университетте мен өз ойымды дұрыс жеткізуге, оларды жазбаша жеткізуге үйрендім. Бұл дағды жұмыста жақсы көмектеседі.
Сонымен қатар мен әдеби сын курсын оқып шықтып және соның арқасынла көркем әдебиетті оқи бастадым. Университет маған көркем әдебиетті, сурет өнерін дұрыс түсініп, бағалауды және талдауды үйретті.
Гарвард сияқты әрдайым күйзеліс күйінде және дедлайндардың қысымында болатын оқу орны қатты шынықтырады.
Тілек Зейнуллаев, туған қаласы — Семей, студент
Мен 6 мектеп-гимназияны, Қазақ-Түрік лицейін бітірдім, химиядан олимпиадаларға жиі қатысатынмын. Кейбір балалар шетелге оқуға кететінін естіп, түсіп көруді шештім. Мен бакалавр бойынша Америкаға түстім. Кейін Оксфордта оқыдым және қазірде Бостонда, Гарвард университетінде оқып жатырмын. Гарвардтағы оқуыма дейін, Вашингтон қаласындағы Әлемдік банкте және Халықаралық Валюталық Қорда жұмыс істедім.
ХВҚ-да жұмыс істеген кезде, басшыларымның бірі менімен байланысып, оған Гарвардтың өкілдері келгенін хабарлады. Олар оқуға түсумен қызығатын адамдарды іздеді. Кейін жетекшім маған түсіп көруді ұсынды және ұсыныс хат жазып берді. Нәтижесінде мен оқуға түстім және бүгінде Джон Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару Мектебінің магистратурасында оқып жатырмын.
Оқудың ерекшеліктері жайында
Білім алудың онлайн бағыты кеңге таралып келеді және уақыт өте университеттердің қажеттілігі жайында мәселе туындауы мүмкін. Осында жүргесін, бұның болмайтынын түсінесің. Сыныпта болған кезде әртүрлі көзқарастарды көресің. Мен тек корпаративтік секторда жұмыс істедім және кейбір нәрселерге өзімнің белгілі көзқарасым бар. Бірақ әртүрлі адамдармен, мысалы, жекеменшік ұйымдарда жұмыс істейтін мамандармен кездесе отырып, олардың көзқарастарын білемін және олар мені басқаша ойлауға мәжбүр етеді. Бұл жағынан Гарвардтағы оқу – шынымен қызықты тәжірибе.
Көзге түскен бірінші нәрсе – университеттегі студенттер мен профессорлардың өзара қарым-қатынасы.
Гарвардта көп нәрселерге үйренуге болатын керемет профессорлар жұмыс істейді. Бұдан бөлек уақытыңның басым бөлігінде группаластарыңнан біраз нәрселерді үйренесің. Мысалы, профессорлардың бірі 28 дәрістерінің әрбіреуіне өмірде үлкен жетістіктерге жеткен қызықты спикерлдерді шақыратын. Ал апта сайын студенттер жайында көбірек білу үшін, бізді қонаққа шақыратын және тағамдарды өзі әзірлеп беретін. Бұндай кештерде ол студенттермен танысып қана қоймай, өзі жайында айтып беретін. Бұл көп адамдарға ұнайтын жеке қатынастың түрі.
Гарвардтың абыройының арқасында бізідің оқу орнымызға көп танымал адамдар келеді. Гарвардтық кітап дүкеніне Нобель сыйлығының иегерлерін шақырады. Бұл адамдарға сұрақ койып, араласудың мүмкіндігі бар. Жақында бізге кітап жазып шығарған ФБР-дың бұрынғы басшысы келді.
Гарвардтың абыройының арқасында бізідің оқу орнымызға көп танымал адамдар келеді
Студенттердің арасында ұзақ уақыт кітапханада өткізетін, оқуларын докторантурада жалғастыруды қалайтын, академиялық жұмыспен айналысатын жастар көп. Студенттердің екінші тобы бар: олар студенттік өмірді ұйымдастырумен, жобалар жасап шығарумен айналысады.
Мен студенттік басқару ұйымына қатысамын. Біздің міндеттерімізге Кеннеди мектебіндегі ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру жатады. Биыл біз түлектер кездесуін ұйымдастырамыз.
Гарвардта түлектер арасындағы байланысқа ерекше көңіл бөлінеді. Біз оларға хабарласып тұрамыз, белгілі талапкерлерге көмек көрсетуді сұраймыз және оқу орынның дамуына қатыстырамыз.
Жоғарғы оқу орынның берген мүмкіндіктері
Гарвардқа түсу барысында абай болу керек деп ойлаймын. Адам бұл білімнің қаншалықты қажет екенін ұғыну керек. Сонымен қатар бұндай тәжірибеден не алуды қалайтыныңды түсіну керек. Кейбір адамдардың ниеті қызыл дипломға ие болумен байланысты. Бұл оқуға түсу үшін жаман ынта болып табылады.
Осында жүріп, өмір жолдары шынайы түрде ынталандыратын адамдарды көресіз: қорғаныс, білім беру министрлері, профессорлар, ірі кәсіпкерлер. Егер сен Гарвардтың студенті болсаң, бұл адамдармен оңай кездесе аласыз. Гарвард осындай есіктерге жол ашатын кілт болып табылады.