facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
gap-year-armany-yzda-y-universitetke-t-suge-alay-k-mekteset-n-turaly-aza-stannan-kelgen-studentter-z-o-i-alarymen-b-l-st
logo
Gap Year арманыңыздағы университетке түсуге қалай көмектесетіні туралы. Қазақстаннан келген студенттер өз оқиғаларымен бөлісті

17.07.2023

Gap Year арманыңыздағы университетке түсуге қалай көмектесетіні туралы. Қазақстаннан келген студенттер өз оқиғаларымен бөлісті

Қазақстаннан келген студенттер «Gap Year» бағдарламасына не үшін қатысқандарын, үзіліс кезінде не істегендерін және бұл тәжірибенің олар үшін пайдалы болды ма, жоқ па, сол турасында әңгімелеп берді.

Алина Қазыбаева, 21 жаста, қаласы — Милан, студент, контент-мейкер, @kzbayeva


Алина К


Өзім туралы


Мен Миландағы Bocconi University-дің студентімін. «Креативті индустрия үшін экономика және менеджмент» бағдарламасы бойынша оқимын және контент-менеджер болып жұмыс істеймін.


Gap Year туралы


Бастапқыда мен Нидерландыға оқуға түстім, бірақ университет пен бағдарламаны таңдауда асығыстық жасаппын. Ол кезде мен кім болғым келетінін және өмірден не қалайтынымды білмедім. Сондықтан мен университетті тастап, оқуға түсетін елді, мамандықты және оқу орны туралы шешім қабылдау үшін Gap Year алуды шештім.

Мен зерттеу жүргізіп, түрлі рейтингтерді зерттедім, бірден Италия мен Францияның бірнеше университеттеріне құжат тапсырдым: IED University, Bocconi University, IESEG School of Management, LUISS University. Басымдықты Bocconi University-не бердім. Бұл бәсекелестігі жоғары университет, оған түсу өте қиын.

Көптеген университеттерге түсу үшін IELTS талап етіледі. Мен сондай-ақ Bocconi University-ге математикадан түсу емтиханына дайындалдым және IED университетінде Fashion Styling жобасын жасадым.

Алина К

Дайындық кезінде ең қиыны ақпарат жинау және барлық нұсқаларды ұтымды таразылау болды. Құжаттарды жинау, аудармалар, апостиль қою — ұзақ және қиын процесс.

Мен үшін ең үлкен сынақ математикалық тест болды. Ұзақ үзілістен кейін барлығын еске түсіру және оқу процесіне қайта түсу қиын болды. Мен гуманитарлық ғылымдарға жақынмын. Математика мен үшін әрқашан қиын болды. Бірақ мен Bocconi университетіне түскім келді, өйткені оларда бизнес негіздері мен шығармашылық саласындағы білімді біріктіретін бірегей бағдарлама бар. Сондықтан алдыма нақты мақсат қойып, дайындала бастадым. Сонымен бірге Алматыда жұмыс істедім, басқа жоғары оқу орындарына түсумен айналыстым.


Ақыл-кеңес


Gap Year уақытында мен өстім. Бұл кезең маған өзімді жақынырақ тануға, жаңа қызығушылықтар табуға, дағдыларымды дамытуға және жауапкершілікті арттыруға көмектесті.

Мен талапкерлерге кім болғыңыз келетінін алдын ала шешіп, әртүрлі университеттерді оқып, соңғы шешімді мұқият ойластыруға кеңес беремін. Егер сіз 17 жаста болсаңыз және әлі де шешіміңізге сенімді болмасаңыз, бір жыл үзіліс жасаңыз. Өзіңізді жаңа нәрседе сынап көріңіз. Бұл дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.


Динара Қалихан, 18 жаста, қаласы — Алматы, стартапер, @dinara_kalikhan


Динара К

Өзім туралы

Мен Алматы қаласындағы РФММ түлегімін. Жақында әлемнің 20-дан астам университеттеріне оқуға түстім, олардың қатарында Stanford University, UC Berkeley, King’s College London бар. Сондай-ақ мен оннан астам STEM байқауларының жеңімпазымын, Forbes 30 under 30 тізіміне ендім. Бос уақытымда спортпен шұғылданып, музыкалық аспаптарда ойнаймын.


Gap Year туралы


Мектепте оқып жүргенімде өз стартаптарыммен жұмыс істеуге уақытым болмағандықтан, Gap Year қабылдауды шештім. Бір жылдың ішінде жобаларды жетілдіріп, емтиханнан ұпай жинап, хоббиіммен айналысуға болатынын түсіндім.
Gap Year ішінде мен өзімнің алғашқы толыққанды жобамды — Қазақстанда жыл стартапы деп танылған — Table 99-ды аяқтадым, Forbes журналының «30-ға дейінгі 30» тізіміне ендім, Technovation Girls және Astana Hub Battle жартылай финалына өттім. International Science and Invention Fair және World Invention Competition and Exhibition екінші орынды иелендім.
Академиялық демалыстың күтпеген пайдасы басқа салаларда да көрсетілді. Мысалы, қара белбеуімді алдым.
Менің алдағы бірнеше айға арналған кестем де толы. Маған бірнеше тағылымдамадан өту туралы ұсыныстар түсті. Сонымен қатар Table 99 жобамды Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне тарату үшін шетелдік студенттермен кездесулер өткіздім.

Айналамдағылар көп сұрақ қоятын, кейбіреулері бірден ешқайда оқуға тапсырмау туралы шешімімді айыптады. Бастапқыда бұл шешімімді бәріне түсіндіру қиын болды, бірақ кейін мен оған мән бермейтін болдым.


Ақыл-кеңес


Gap Year үлкен авантюра болды, бірақ мен кәсіби және жеке өсуді сезіндім. Шынайы өмірлік тәжірибе аламын, тәуелсіз көзқарас қалыптастырудамын. Мұның бәрі маған университетте көмектеседі.

Егер сіз қабылдауға толық дайын болсаңыз, Gap Year қабылдауға ешқандай себеп көрмеймін. Бірақ егер сіз балыңызды, сыныптан тыс жұмыстарды жақсартқыңыз келсе және эссе жазуға көбірек уақыт қажет болса, бұл —жақсы идея. Ең бастысы, сол жылды тиімді пайдалану.

Лаура Дюсупова, 19 жаста, қаласы — Вена, студент, @dearmylove.x


Лаура Д


Өзім туралы


Венада тұрып жатқаныма бір жарым жыл болды және University of Vienna физика мамандығы бойынша оқимын.


Gap Year туралы


Мен Gap Year алуды жоспарлаған жоқпын. Бірақ құжаттармен қиналдым, сондықтан үзіліс жасауға тура келді.

Осы уақыт бойы мен қол қусырып отырмадым. Тілді жетілдірдім, ерікті болдым және басқа да істермен айналыстым. Өмірдің жаңа кезеңіне ойша дайындалып, отбасыма көбірек уақыт бөлуге тырыстым.

Мен университетке түсу емтихандарын және тілдік сынақтарды тапсырдым, оқуға түсу үшін құжаттар дайындадым.
ТМД елдерінің студенттері үшін Австрия университеттеріне өтініш беру мерзімі басқа елдердің студенттері үшін белгіленген мерзімдерден сәл өзгеше болуы мүмкін. Тіл проблемасы да болды. Сондықтан тек ресми сайттардағы ақпаратты тексеріп, ұйымдарға тікелей хат жаздым. Оған қоса белсенді студенттерді тауып, оларға инстаграмда жаздым.

Біздің мәдениетте Gap Year алған адам ештеңе істемей үйде отыр деген пікір бар. Мен туыстардан аздап қысым көрдім, бірақ ата-анам мені қолдады.

Ақыл-кеңес


Gap Year-дің арқасында мен қайда барғым келетініме бұрынғыдан да сенімді бола бастадым. Отбасым мен туыстарымды көбірек бағалайтын болдыс. Мен көптеген жаңа нәрселерді көрдім және мені шынымен қызықтыратын нәрселерге назар аудардым.

Gap Year — Қазақстан үшін жаңа құбылыс. Бұл өзіңізді табудың уақыты, сондықтан оны босқа өткізбеңіз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Неге мектеп балаларды болашаққа дайындамайды. Әлемдік трендтер білім беру жүйесін қалай өзгертеді
Неге мектеп балаларды болашаққа дайындамайды. Әлемдік трендтер білім беру жүйесін қалай өзгертеді
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар
Google, PwC, HP тегін сертификаттары бар 12 онлайн курс
Google, PwC, HP тегін сертификаттары бар 12 онлайн курс
Эффервесанс. Ғабит Бекахметов шабыт беретін мектептердің ерекшеліктері жайында
Эффервесанс. Ғабит Бекахметов шабыт беретін мектептердің ерекшеліктері жайында
Мінсіз сыныптар: неге кішкентай сынып оқушылары қарапайым сынып оқушыларына қарағанда табысты
Мінсіз сыныптар: неге кішкентай сынып оқушылары қарапайым сынып оқушыларына қарағанда табысты