facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
g-lsina-baykenova-chukanbaeva-atyrau-a-k-sh-p-alada-al-ash-y-balet-mekteb-n-ashu-zhayynda
logo
Гүлсина Байкенова-Чуканбаева Атырауға көшіп, қалада алғашқы балет мектебін ашу жайында

24.01.2019

Гүлсина Байкенова-Чуканбаева Атырауға көшіп, қалада алғашқы балет мектебін ашу жайында

Гүлсина Байкенова-Чуканбаева, 45 жаста, туған қаласы — Ақтау, балет әртісі

Гульсина 4.jpeg


Өзі жайында


Мен балет әртісімін. Фрунзе хореографиялық училищесін бітіргесін Челябинск академиялық опера және балет театрында жұмыс істедім. Қазақстанға көшіп келгесін, тұрмыс құрдым, Абай атындағы опера және балет театрында, кейін Болат Аюханов жетекшілік еткен классикалық би ансамблінде жұмыс істедім.

Бүгінде мен «Балет Атырау» студиясының директорымын. Сонымен қатар мен Атырау облысының басты балетмейстерімін. Бұқаралық іс-шаралар мен режиссерлік қойылымдар – осының барлығымен әрдайым мен айналысамын.

Менің қоғамдық жұмысым «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрайымының қызметі негізінде өтеді. Одан бөлек мен Атырау облысы маслихаты 6 шақырудың депутаты атандым.

Бос уақытымда мен үй шаруашылығымен айналысамын. Өткен жылы немерем дүниеге келді, мен әже атандым, , сол себепті бос уақытымды отбасыма арнаймын, мен үшін бұл маңызды.


Балет мектебі жайында


Біз Атырауға көшіп келгенде, мен өзімнің қызметімді жалғастырғым келді, бірақ қалада опера және балет театры болған жоқ. Мен миниатюралар мен шағын балет қойылымдарына қатысатынмын, бірақ маған Алматыдағы шығармашылық қарқын жетіспеді. Одан кейін дарынды балалармен жұмыс істеп, оларға өзімнің білімім мен тәжірибемді беру үшін Атырауда алғашқы балет мектебін ашу идеясы келді.

Гульсина 1.jpeg

Мен мектепті 1995 жылы аштым және әлі күнге дейін сол жерде жұмыс істеп жатырмын. Барлығы шағын үйірмеден басталды, бізге 25 шақты бала келген. Біз болашақта керемет балет әртістері бола алатын дарынды балаларды жинадық.

Қиындықтар сол кезде де болды, қазіргі кезде де бар. Біріншіден, біздің саладағы мамандар, классикалық бидің ұстаздары мен классиктері болған жоқ. Материалдық негіз де жеткілікті болмады. Бізге мамандандарылған балет залдары, орындар, еден жабыны, жабдықтар мен балет станоктары қажет еді.

Сонымен қатар қабылдаумен байланысты мәселелер де болды. 1995 жылы мен филармонияда істеп, гастрольдермен жүрген кезде балетті қазіргідей қабылдаған жоқ. Ауыл адамдарының басым бөлігі бұл ұятты би, жалаңаштанған дене деп айтатын. Адамдар көздерін жауып, біздің қойылымдарға сығалап қарады. Дегенмен біз зор еңбек атқардық, адамдардың санасын өзерттік, адамдардың жүрегі мен ойларында классикалық балеттің мәдени революциясын жасадық.

2009 жылы мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Шексіз дарындар» мектебінің негізін салдым. Қазір бұл 5 жастан бастап балаларды, оған қоса 50 жасқа дейінгі ер адамдар мен әйелдерді оқытатын жекеменшік мектеп болып табылады. Біз жақсы нәтижелерге жеттік. Мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қазіргі балет әртістерімен біріктіре алдым. Біз «Шексіз дарындар» опера және балет театрын ашу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Театрдың идеясы – адамдарға біз әртүрлі болсақ та, бірге екенімізді дәлелдеу. Себебі әркім билей алады, барлық адамдардың дарыны бар, тек оларды аша білу керек.

3.jpeg

Біздің ұжым Еуропа мен Азияның көп елдерінде болып қайтты, біз бишілердің төртінші ұрпағын тәрбиелеп жатырмыз және ешқашан жүлделі орындардан оралмаймыз.


Атырау жайында


Атырау – әкемнің туған қаласы. Мен балалық шағымның бар уақытын Ақтау мен Атырау арасында өткіздім, сол себепті бұл қала жаныма жақын. Қаладан кеткен кезде, әрдайым оны сағынамын.

Атырау – әдемі қала, Орал өзені оны «Еуропа» және «Азия» екі жағалауға бөледі.

Қаладағы сүйікті жерім – жағалау. Мен өзен жағалауы бойымен серуендеуді ұнатамын, сол жерде мен демаламын, медитация жасай аламын. Сонымен қатар мен қаланың сыртына шығуды ұнатамын, себебі қала сыртында өзіңмен өзің оңаша қалуға болады. Шығармашылық адам үшін бұл маңызды.

Гульсина 2.jpeg

Қазір, Орал өзенін мұз басқан кезде, мен өзен үстімен жүремін. Маған бұның қауіпті екенін бірнеше рет ескертті, бірақ маған бір жағадан екінші жағаға жүріп өту ұнайды. Табиғат және сумен байланысты нәрселердің барлығы мен жайында.

Атыраудың адамдары турашыл. Басқа қалалардың көптеген тұрғындары шындықты бетке айтудан ұялады, бірақ атыраулықтар барлығын ешбір боямасыз, нақты және турасынан айтады. Сол себепті келушілердің көбісі атыраулықтарға олардың турашылдығы үшін ренжиді, бірақ бұл өзіндік көзқарастың көрінісі.

Егер сіз біздің қаламызға келсеңіз, міндетті түрде өлкетану мұражайына барыңыз. Сол жерде өлкенің барлық географиясы, тарихы мен мәдениеті жиналған. Сонымен қатар ғашықтар өздерінің махаббат құлыптарын қалдыратын ұзын жаяу жүргінші көпірге барған жөн.


Жоспарлар жайында


Гульсина.jpeg

Менің ойларымның барлығы Атыраудағы опера және балет театры жайында. Мен қазіргі балет әртістерімен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдар билей алатын бірегей театр жасап шығаруды қалаймын. Біз бұл жоба бойынша жұмысты енді бастап жатырмыз, бірақ мен бұл театрдың Қазақстанда алғашқы болғанын және бүкіл елдің халқына қуаныш сыйлағанын қалаймын.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек