Дидье Канесс Қазақстандағы елшінің қызметіне 2020 жылдың 14 қазанында кірісті. Әңгіме барысында екі елдің арасындағы серіктестігінің дамуы мен өңірден алған әсерімен бөлісті.
Дидье Канесс, жасы 61, қаласы—Нұр-Сұлтан, Қазақстандағы Франция елшісі, @franceaukz
Өзі жайында
Өзімнің дипломатиялық мансабымда мен Францияның сыртқы істер Министрлігінде, сонымен қатар Лондондағы елшілікте кеңесші, ЕҚЫҰ жанындағы Франция өкілдігінде жұмыс істедім. Бірнеше жыл Брюссельдегі Еуропалық Одақтың Саясат және қауіпсіздік комитетіндегі Франция өкілінің орынбасары қызметін атқардым. 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін Беларусияда елші болып істедім.
Қазақстанға тағайындауы мен үшін тосын сый болмады. Біздің елде жүйе былай құрылған: жыл сайын елшінің қызметіне вакансия тізімі жарияланады. Барғың келетін үш елді таңдап, өтініш беруге болады. Бірінші кезеңде тағайындау жобасын сыртқы істер Министрлігі мақұлдайды. Кейін бұл ақпарат елшілерді тағайындайтын Президентке беріледі.
Қазақстанды әртүрлі себептермен таңдадым. Мен посткеңестік елдерді жақсы білемін. Кеңес үкіметі өз тіршілігін тоқтатқан кезде, менің алғашқы іссапарым Мәскеуге болған. Содан бері өңірге қызығамын.
Үлкен плюс орыс тілін білгенімде. Оны мектепте үйрене бастадым. Ол кезде жұмыста көмегі тиетінін білген жоқпын.
Қазақстан — Францияның үлкен қызығушылығы бар Орталық Азиядағы маңызды мемлекет.
Мені тағайындау жүріп жатқанын 2020 жылдың шілдесінде білдім. Қазаннан бастап өз міндеттеріме кірістім.
Қазақстан жайында
Менің Нұр-Сұлтандағы сүйікті жерім — екі жаяу жүргіншілер көпірі арасындағы жағалау бөлігі. Бұл жанды орын, адамдардың жылуы сезіледі.
Алматыны жақсы көремін. Бұл мен демалатын қала. Маған жергілікті атмосфера ұнайды. Мұнда әрдайым қызық бірдене болады.
Қазақстандықтар — жылы шырайлы және ізденімпаз адамдар. Олар маған менің мемлекетім жайлы сұрақтар қояды және өздерінің мәдениетті мен дәстүрі туралы айтуға құмар.
Француздар сияқты қазақтар да дәмді асты жақсы көреді. Біздің ұқсастығымыз да осы. Менің ең алғаш қазақ тілінен жаттаған сөзім «той» болатын. Бесбармақты жақсы көремін. Ең қызығы, қағазда рецептісі бір болса да, ол үнемі әртүрлі болады. Әр отбасының өзінің құпиясы мен дайындау ерекшеліктері бар.
Жұмысы жайында
Елші және елшілік — бұл көз бен құлақ. Біздің міндет — қандай оқиға болғанын бақылау, түсіну, жұмыс істеп жатқан мемлекет бойынша маман болу. Уақытылы барлық болған жағдай туралы есеп беріп отыру керек, Францияның үкіметі бағыт алып, өзінің политикасын құру алатындай барлығын түсіндіру қажет.
Қызық жұмыс. Әртүрлі саладан көп нәрсе білу керек: тарих, география, экономика, әлеуметтану және тағы.
Елшінің екінші қызметі — серіктестікті дамыту, өсуге перспективті тұстарын анықтау, диалогтарды жүргізу. Маған қоғамның әртүрлі сала өкілдерімен қарым-қатынас орнатқан ұнайды.
Сондай-ақ, елші өзінің мемлекеттінің тағайындалған елге деген қарым-қатынасын түсіндіру керек. Маған Франция жайлы ақпарат пен білім таратқан ұнайды.
Екіжақты қарым-қатынас жайында
Біздің елдер арасында жақсы қарым-қатынас. Биыл біз соның отыз жылдығын тойлап жатырмыз. 2008 жылы Франция мен Қазақстан стратегиялық серіктестікке қол қойды. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың берік негізі болды.
Елдер арасындағы қарым-қатынас мықты экономикалық компонент. Франция — Қазақстандағы инвестиция көлемі жағынан төртінші мемлекет. Мұнда ірі француз компаниялары жұмыс жасайды.
Қазақстанда Францияның жақсы имиджі бар екенін көру мені қуантады
Білім саласындағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Біз үшін бастысы — французшаға үйрету. Биыл менің ана тілімді тереңнен оқытатын Алматыдағы #25 мен Нұр-Сұлтандағы #17 мектептерде бірнеше үйірме аштық. Біз оларды барынша қолдаймыз, Францияда мұғалімдер стажировкасын қаржыландырамыз, оқу құралдарын ұсынамыз.
Жақында денсаулық сақтау саласында серіктестік бағдарламасын іске асырдық. Онкология мен медицинадағы қолжетімді көмекке баса назар саламыз.
Қазақстанда Францияның жақсы имиджі бар екенін көру мені қуантады.
Жоспарлар жайында
Қазақстанда екі француз-қазақ ЖОО бар: Сорбонна-Қазақстан университеті мен Алматыдағы «Газ және энергетика Орталығы». Осы бағытта дамуды жалғастырамыз және жоғарғы білім саласында жаңа жобалар құрамыз.
Менің мемлекетім шетелдік студенттер арасында алтыншы орында. Соның ішінде қазақстанстандықтардың пайызы көп емес. Сондықтан белсенді түрде Қазақстандағы білім алушыларды тартамыз. Еуропадағы сапалы әрі қолжетімді білім алуға болатын ең жақсы ЖОО-лардың бірі Францияда. Сонымен қатар, көптеген шәкіртақылық бағдарламалар жүзеге асуда.