Өмір туралы
Қазақстанға келгеніме екі жыл болды. Келген себебім, күйеуімді жұмыс бабы бойынша осы жаққа ауыстырған болатын. Осы уақытқа дейін мен Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Қостанай, Павлодар қалаларында болдым. Сондай-ақ, Шарын шатқалын және бірнеше ұлттық саябақты көрдім. Демалыс күндері өзге шетелдіктер үйлеріне кетіп қалады, ал мен мемлекетпен жақынырақ танысу үшін үнемі қалып қоямын.
Қазақстан мен Франция арасындағы ең үлкен екі өзгешелік ол — климат пен жолдар. Біздің климатымыз жұмсағырақ. Ал жолдарды мында бақылаған оңай, сондықтан ол жағынан Қазақстанда жақсырақ. Бұл Қазақстанның Франциядан бес есе үлкендігімен байланысты, алайда бізде бес есе көп халық тұрады. Айтпақшы, сондақтан да мында бір қаладан екінші қалаға жететін уақыт, Еуропада көрші мемлекетке жететін уақытпен бірдей. Мұндай ұзақ жолдар мені сабырлырақ етті.
«Астана» велокомандасы, Александр Винокуров, Нұрсұлтан Назарбаев және киіз үйлер, Қазақстанға келмей тұрғанда бар білетінім осылар еді.
«Қазақстан» кітабы туралы. Қытай, Ресей, Еуропаның қиылысындағы жас мемлекет
Қазақстандықтар Франция туралы көп біледі, ал француздардың Қазақстан туралы білетіні шамалы. Менің кітабымның идеясы — бұл жағдайды түзету. Еуропада Қазақстан мұнайлы держава ретінде белгілі, алайда мында өмір сүретін адамдар туралы көбісі біле бермейді. Сондықтан мен өз кітабымда олар туралы айтқым келді. Оны жазу барысында мен көптеген танымал тұлғаларды кездестірдім. Мысалы, Олжас Сүлейменов, Тоқтар Әубәкіров.
Ең әуелде, кітап Қазақстандағы шетелдіктің өмірі туралы емес, қазақстандықтар шетелдікке айтып берген өмір туралы.
Кітап француз тілінде. Ол Франциядан келген саяхатшыларға арналған. Көп адамдар оны орыс тіліне аударуымды сұрап жүр. Сондықтан, жуырда кітаптың орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқасы пайда болады деп ойлаймын. Кітаптың тиражы — 1500 дана.
Қала турлы
Астанадан алған алғашқы әсерім — ол жаңашылықты сезіну. Қаланың келбеті тез ауысады. Екі жыл бұрын мен енді келген кезімде, бұл мүлдем басқа қала еді. Мында маған адамдар мен олардың қонақжайлылығы ұнайды. Сонымен қатар, мен жергілікті табиғаттың алуан-түрлілігін жақсы көремін.
Менің Астанадағы сүйікті жерім — Нұржол бульвары. Әсіресе маған онда көп адам болғанда ұнайды. Ал барлық Қазақстан туралы айтатын болсақ, онда ол екібастан — Ақсу-Жабағылы.
Астанада метроның жоқтығы өкінішті. Әсіресе қыста суық болғанда, автобусты күтіп тұру қиын. Көшеде тұрып алып такси ұстауға болатыны үшін Астананы жақсы көремін. Бұл өте қолайлы. Парижге осы жүйені енгізсе болады.
Тамақ туралы
Ұлттық тағамдардан маған қуырдақ, бешбармақ, құрт, сондай-ақ, кәуап ұнады. Ал мейрамхана мен кафелереден Thе Shoreditch мейрамханасы мен «Шымкент» кафесі ұнады.
Адамдар туралы
Мында мен адамдардың мемлекеттері туралы басқалардың білгенін қалайтынын байқадым. Қазақстандықтар өз елін мақтан тұтады. Францияда да жағдай дәл сондай деп айтпас едім. Мүмкін бұл Қазақстан — жас мемлекет болғандықтан шығар.
Қазақстан мен Францияда ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынас өзгешеленеді. Бұл жақта отбасындағы ер адамның рөлі маңыздырақ және оған көп жауапкершілік артылады. Біздің мемлекетте жауапкершілік теңескен, мысалы ер адамда да ыдыс-аяқ жуып, үй шаруаларын жасай береді. Есесіне Қазақстанда үлкендерге деген құрмет көбірек. Францияда мұндай кездеспейді деуге де болады.
Бірде біз Қорғалжын қорығынан Астанаға келе жатқанымызда, жолдың шетінде тұрған ер кісіні көріп қалдық. Біз оған тоқтағанымызда, ауылына дейін жеткізіп салуды өтінді. Жеткенімізде ол кісінің туыстары бізді қонаққа шақырды. Олар бізге арнап бешбармақ пісіріп, дастархан жайды. Нәтижесінде біз ол үйде бір күн бойы болдық. Бұл ұмытылмас тәжірибе болды. Дәл осындай жағдайды Францияның аймақтарында елестету қиын. Айтпақшы, сондағы бешбармақ мен жеген бешбармақтардың ішіндегі ең дәмдісі болды. Мында балалардың мектепте не таңертеңнен түске дейін, не түстен кешке дейін оқитыны таңғалдырды. Францияда балалар таңғы сағат сегізден бастап кешкі сағат төртке дейін оқиды. Жергілікті әйелдердің 30 — градустық аяздарда қалайша кербездігін сақтап қалатыны тамсандырды.