facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/a28/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/a286d0efd8bb0545c1e00b1e9d8ff213.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
franciyada-m-r-s-ru-men-mansap-zhasau-onys-audaru-iyndy-tar-men-bey-mdelu-zhayly-2-zhasty-g-mes
logo
Францияда өмір сүру мен мансап жасау: қоныс аудару, қиындықтар мен бейімделу жайлы 2 жастың әңгімесі 

06.07.2022

Францияда өмір сүру мен мансап жасау: қоныс аудару, қиындықтар мен бейімделу жайлы 2 жастың әңгімесі 

Нариман Абдыгаппаров, қаласы — Париж, кондитер, кондитер өнері, @anushka_nariman

Нариман Абдыгаппаров.JPG


Көшуі жайында


Алматыда орта мектепті бітірген соң кондитерлік өнерді оқығым келіп бірден осы жаққа көшіп келдім. Франция — осы мамандыққа сұранысы жоғары ел.

Көшкен кезде мен француз тілін жетік білмедім, сондықтан орыс пен ағылшын тілдерінде ғана сөйледім. Сондай-ақ жергілікті менталитетпен танысу қажет болды. Сол себепті алғашында жергілікті тұрғындар мені түсінбейді деп қорықтым.

Маған мұндағы жергілікті өмірдің ұсақ-түйек ерекшеліктеріне үйрену керек болды. Мысалы, қоғамдық көлік - мұнда жақсы дамыған, өміріңіздің бір бөлшегіне айналады. Сонымен бірге осындағы тұрғын үйлерде әлі күнге дейін кондиционерлер жоқ. Бұл да мен үшін жат болды. Сондықтан, көшпес бұрын мұнда келгеннен кейін өмір салтыңыз өзгеретініне алдын-ала дайындалу керек. Жаңа нәрселердің бәріне ашық болу да маңызды.


Франциядағы қазақтар жайында


Маған Францияда орыс тілділермен кездескен ұнайды, әсіресе олар кондитерлік саладан болса тіпті жақсы. Соның ішінде олардың арасында қазақстандықтар да бар. Қалай болғанда да біз бәріміз бір-бірімізді танимыз.

Қызметі жайында


Мен бала кезімнен десерттерге қызығушылық таныттым
. Отбасыма, достарыма, туыстарыма жасап беріп сол туралы әдебиеттер оқыдым. Сондықтан Францияға келгеннен кейін Париждегі Алена Дюкасса кондитерлік мектебінде оқи бастадым. Студенттер арасында әр түрлі елдерден келген түрлі мәдениеттер, әр түрлі тәжірибеге ие адамдар бар.

Нариман кондитер

Оқуды бітіргеннен кейін Le Bristol Paris - Париждегі ең жақсы қонақ үйлердің бірінде жұмыс істеп бастадым. Осында жұмысқа тұру үшін басында бәріне хат жазып шықтым, бірақ бастықтар ешқашан e-mail-гежауап бермейді - олардың бұған уақыты жоқ. Мейрамханаға өзім келіп, сөйлестім, осында жұмыс істегім келетіндігін айтып, түйіндемемді қалдырып, тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беруін сұрадым. Осы нәрсе маған көмектесті деп ойлаймын.


Оқуды бітіргеннен кейін Le Bristol Paris - Париждегі ең жақсы қонақ үйлердің бірінде жұмыс істеп бастадым.


Жұмыс іздегенде тәжірибе, түйіндемеңіз, сондай- ақ мотивация мен мінезіңіз көмектеседі. Мұнда кәсіпқой мамандар ашық, командада жұмыс істей білетін адамдарды артығырақ көреді.

Нариман 2

Бас-кондитер болу үшін барлық жолды жүріп өту керек. Мен тағылымдамадан өтуші ретінде ең төменгі позициядан бастадым — ыдыс жуып, тазалық жасадым. Қазіргі уақытта @cedricgroletopera-да кондитер болып істеймін - бұл тағылымдамадан өтушімен салыстырғанда жоғары позиция. Келесі қадам — су-шеф, содан кейін барып бас-кондитер болады.

Жоспарлары жайында


Қазақстанда кондитерлік мектеп ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, менің шығармашылық алаңым болатын бір орын - мейрамхана немесе наубайханам болғанын қалаймын.


Ердәулет Алгибай, қаласы — Париж, астық экспорттау бойынша маклер


Ердаулет Алгибай.jpeg

Көшуі жайында

Нұр-Сұлтандағы университетте оқып жүргенде мені екі айлық тағылымдамадан өтуге Францияға жіберді. Арада бір жыл өткен соң Жоғары инженерлік мектептің алмасу бағдарламасы бойынша бір семестрге тағы да осында келдім. Маған бұл елдің атмосферасы, өмір салты, білім беру жүйесі ұнады.

Сондықтан француздық диплом алуға шешім қабылдадым. 2017 жылы бакалавриатты бітіргеннен кейін Франциядағы жекеменшік инженерлік мектепке қабылдандым.

Менің Францияға қоныс аударуым кезең-кезеңімен іске асты. Алғашқы сапарымда француз отбасында тұрып, сол уақытта оқу тағылымдамасынан өттім. Жергілікті халықты, олардың менталитетін, мәдениетін білдім, француз тілін білу деңгейімді көтердім. 2016 жылы оқуға келіп, бұл елде білім беру жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, қалай студент болу керектігін түсіндім. Сондықтан 2017 жылы келгенімде бейімделуім жылдам өтті. Қазақтар мен француздардың мәдениетінде бізді таң қалдыратындай айырмашылық жоқ.

Бірқатар қиындықтар болды. Біріншіден, жекеменшік мектепте таңертеңнен кешке дейін бос болмайтынымызға үйренуге тура келді. Екіншіден, Францияда пәтер іздеу - бұл шынымен бәсекелестігі жоғары нағыз жарыс.

Францияға көшпес бұрын мен француз тілін үйренуге кеңес беремін. Онсыз сізге мұнда өмір сүру және адамдармен қарым-қатынас жасау өте қиын болады. Ең дұрысы алдымен мұнда оқуға келіңіз, сонда осындағы өмірге күйзеліссіз бейімделуге көп уақытыңыз болады, тілді білу деңгейіңіз де жақсарады.

Франциядағы қазақтар жайында


Францияда қазақтар өте көп, бірақ мен отандастар қауымдастығының мүшесі емеспін.


Дегенмен қажет кезде бір-бірімізге көмектесіп тұрамыз. Оқу оқып жүргенде емтиханға бірге дайындалдық, қыдырдық, ұлттық тағамдарды әзірледік.


Қызметі жайында


Мен жекеменшік мектепті бітіргеннен кейін бірден жұмыс таптым. Өзім студенттік тәжірибеден өткен Париждегі халықаралық брокерлік компанияға қабылдандым.


Мен физикалық нарық бөлімінде жұмыс істеймін — астық экспорты бойынша маклермін


Мен тағылымдамадан өтуші ретінде бастадым – осы позициядан алты ай жұмыс істедім. Сұхбат үш тілде өтті: француз, ағылшын және орыс. Күйзелістік және жұмыс жағдайларына арналған тапсырмалар болды. Таңдау кезінде көпшілдік, адамдармен тез тіл табысу, кәсібилік, ашықтық пен жауапкершілік сияқты қасиеттерді көрсету білу маңызды.

Ердаулет.jpeg

Қазір физикалық нарық бөлімінде жұмыс істеймін — астық экспорты бойынша маклермін. Маған біздің жұмыс аймағымыз ұнайды — бұл үлкен open space. Онда әрдайым шулы, біз бір уақытта әртүрлі тілдерде сөйлейміз және бұл атмосфера маған мотивация береді. Барлық қызметкерлер жергілікті коммерциялық менталитетке бейімделу үшін елдер бойынша бөлінеді. Мен жанымдағы серіктесім екеуміз Қара теңіз аймағында жұмыс істейміз — бұл Румыния, Болгария, Ресей сияқты елдер.

Жоспарлары жайында


Жоспарымда алдағы уақытта трейдингті үйренбекшімін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Малайзияға, Түркияға немесе Италияға қалай арзан ұшуға болады: лоукостерлер және олардың артықшылықтары туралы
Малайзияға, Түркияға немесе Италияға қалай арзан ұшуға болады: лоукостерлер және олардың артықшылықтары туралы
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
Креативті Шымкент: жас және шығармашылық қалалықтар үшін 7 кеңістік
Креативті Шымкент: жас және шығармашылық қалалықтар үшін 7 кеңістік
Еуропадағы ең әдемі қамалдар мен сарайлар: көруге тұрарлық орындар
Еуропадағы ең әдемі қамалдар мен сарайлар: көруге тұрарлық орындар
Малайзия, Мальдив және Сейшел аралдары — дайвинг және снорклинг үшін әлемдегі ең жақсы орындар
Малайзия, Мальдив және Сейшел аралдары — дайвинг және снорклинг үшін әлемдегі ең жақсы орындар