2018 жылдан бастап қазақстандық студенттердің Францияда білім алуы үшін жыл сайын 100 стипендия бөлінеді. Оның 90-ны – магистратураның екінші курс стипендиаттарына, ал қалған оны докторанттарға арналған. Басымдық негізінен инженер және менеджмент мамандықтары бойынша білім алушыларға беріледі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен халықаралық білім көрмесінде белгілі болды. «Абай-Верн» деген атауға ие болған бағдарламаны Франция үкіметі мен Қазақстанның «Халықаралық бағдарламалар орталығы» қаржыландырады. Оған қатысу шарттары Франция Елшілігінің сайтында 8 ақпанда жарияланады.
Дерек көзі: 24.kz