facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/daf/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/dafa572b0d4366838a620c6fb37ac980.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
franciya-a-t-ld-b-lmey-kel-p-ylymi-yzmerker-atan-an-aysar-yz
logo
Францияға тілді білмей келіп, ғылыми қызмеркер атанған қайсар қыз

25.07.2022

Францияға тілді білмей келіп, ғылыми қызмеркер атанған қайсар қыз

Мадина Науканова Францияға бірнеше жыл бұрын көшіп келген. Осы уақыт ішінде ол — француз тілін жаңадан үйреніп, университеттің ғылыми қызметкері атанды.


Мадина Науканова, 25 жаста, Сент-Этьен қаласы, Сент-Этьен тау мектебінің ғылыми қызметкері, @m.naukanova


Францияға тілді білмей келіп, ғылыми қызмеркер атанған қайсар қыз


Қоныс аудару туралы


Мен Қазақстанның Солтүстігіндегі Жамбыл деген шағын ауылда дүниеге келдім. 2018 жылдан бастап тұрғылықты жерім Франция, сонымен қатар Сент-Этьен тау мектебіндегі көп фазалы ағын және газ гидраттары саласындағы зерттеулермен айналысамын.

Қоныс аударуым кенеттен болды. Мен француз тілін білмесемде, Францияға барғым келетін. 2013 жылы мектепті алтын белгімен бітіріп, ҚБТУ-ға «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» бағдарламасының грантына оқуға түсіп, магистратураны да жалғастырдым. Мен магистратураның бірінші курсында оқып жүрген кезімде университетте «Абай-Верн» жаңа стипендиялық бағдарламасы іске қосылды. IELTS сертификатым болмағанына қарамастан, қатысуға шешім қабылдадым, бірақ дедлайн жақындап қалған еді. Менің жолым болғаны себебі, бағдарламаларды іздеу, құжаттарды тапсыру және қабылдаудың барлық кезеңдерін түсіну сияқты жұмыстарды достарыммен бірге жасадық. Сондықтан өзіңізді дұрыс адамдармен қоршау өте маңызды, оларға қарай сізде бағытталасыз.

Нәтижесінде таңдауым École des Mines de Saint-Étienne ұсынған Process Engineering and Industrial Energy Efficiency бағдарламасына түсті. Мен қабылдап, шәкірақы тағайындалды да, аяқ асты Францияда жол тарттым.

Францияға тілді білмей келіп, ғылыми қызмеркер атанған қайсар қыз

Бейімделу және уақытша қиындықтар туралы


Мында келгенде туындаған басты қиындық, французша Bonjour мен Merci-ден басқа сөз білмеуім еді. Жаңа елдегі өмірімнің бірінші айы – бір инстанциядан екіншісіне жүрігумен өтті. Барлығы тек француз тілінде сөйледі. Сондықтан менің Google-ім француз тілімен қоса, жергілікті ережелерді бір уақытта түсіндірді. Мен ұзақ уақыт бойы аудармашыға сенім артуға болмайтынын және сенім мен іс-әрекет еркіндігіне қол жеткізу үшін тілді тиянақты үйрену керек екенін түсіндім.

Мында келгенде туындаған абсты қиындық, французша Bonjour мен Merci-ден басқа сөз білмеуім еді


Кез келген қиындық — бұл мүмкіндікке деген жол. Тілді білмеу мен бастапқы нүкте болды. Алты ай ішінде мен француз тілінде сөйлей бастадым және күнделікті барлық мәселелерді өз бетімше шеше алдым. 2019 жылдың қаңтарында маған әлеуметтік жоба идеясы келді, және краудфандинг арқылы қаражат жинап, жазға қарай Қазақстан мен Франция арасында Халықаралық жоба ұйымдастырдым. Мен француз тілінде әрең сөйлесемде, жоба бастадым. Презентация мәтіндерін және алдын ала жауаптарын жаттап алдып, күніне француз тілінде 30 шақты хат жаздым, әрине, аудармашының көмегімен. Ал маусым айында жоба жүзеге асырылған кезде, ол орыс тілінен француз тіліне және керісінше еркін аудара алдым.

Француздардан алған әсерім өте жақсы. Бәрінен де мені таңқалдырғаны француздар асықпай әңгіме айтып отырып тамақтанатыны, өмірден ләззат алып жүретіні. Маған қонақжайлылық, ассоциативтілік, жергілікті адамдардың сезімталдығы мен немқұрайлы еместігі ерекше әсер етті. Әр жексенбі сайын толық құрамдағы отбасылар түскі асқа жиналады. Француздар өз тілдерін жақсы көреді, сондықтан олар француз тілінде дұрыс білмесеңізде, қолдау мен мадақтау сөздерін сізден аямайды. Бұл ішкі мотивацияны сақтауға көмектеседі.

Францияға тілді білмей келіп, ғылыми қызмеркер атанған қайсар қыз

Ассоциативті өмір — мен үшін тез бейімделу, пайдалы танысу, тілдік тәжірибе, ішкі мәдениетпен танысу мүмкіндігі және мансаптық перспективалар сияқты көптеген есіктер ашты. Франциядағы өмірдің бірінші жылы тынымсыз болғаны соншалық, үйді сағынуға уақытым болмады. Еуропада қол жетімді саяхат кез келген сағыныштың емі десек те болады.


Даму және мансап туралы


Францияда магистратура кезінде мен екінші семестр бойы университет жанындағы GasHydTeam газ гидратымен жұмыс істейтін зерттеу тобында ғылыми тағылымдамадан өттім. Жартыжылдық тағылымдаманың ортасына қарай орталық директоры маған келісім-шарт бойынша Докторантура бағдарламасына қалуға ұсыныс жасап, диссертацияның екі тақырыбын таңдап берді.

Мен үшін бұл тосынсый болды. Бірақ мен келісіп, 2019 қазанында қысқа демалыстан кейін жұмысқа кірістім.

Ғылым — бұл ойлаудың стандартқа бағынбайтын, икемді, үнемі қызығушылық пен қатал тәртіп қатар жүретін шығармашылықтың ерекше түрі. Ал мен елде болған бірінші жылы атқарған әлеуметтік жұмыс пен жақсы үлгерімім жұмысқа орналасуда маңызды рөл атқарды. Менің Франциядағы аз тәжірибем келісімшартты жасасу үшін данышпан болудың қажеті жоқ екенін көрсетеді. Маңыздысы қойылған міндеттерді жақсы орындап, өзіңді көрсету. Олар адалдықты, жауапкершілікті және қиындықтарды жеңе білетіндерді бағалайды.

Францияға тілді білмей келіп, ғылыми қызмеркер атанған қайсар қыз


Мен көп фазалы ағымды зерттеймін. Мұнай тасымалдау кезінде құбырларда бір уақытта мұнай, су және газ ағып кетеді. Жоғары қысым мен температура сияқты қатты қабат жағдайлары газ гидраттарының пайда болуына әкеледі. Гидраттар — бұл мұзға ұқсас бөлшектер, олар бір-біріне жабысып, құбырлардың қабырғаларында қалады және сайып келгенде оны бітеп тастайды. Гидраттың пайда болуын болдырмаудың дәстүрлі әдістері гидрат түзілу ингибиторларын қолдануды қамтиды. Балама шешімдер гидрат түзілу қаупін қабылдауды және антиангломераттарды қосу арқылы бөлшектердің жабысып қалуының алдын алуды ұсынады, бұл осы қоспаны тасымалдауға мүмкіндік береді. Менің жұмысымның мақсаты — көп фазалы ағынды құбырлар арқылы тиімді тасымалдау үшін гидраттың пайда болуын ескере отырып, көп фазалы ағынның моделін құру.

Францияда докторантура — бұл оқу емес, ал инженер-зерттеушінің толыққанды жұмысы



Францияда докторантура — бұл оқу емес, ал инженер-зерттеушінің толыққанды жұмысы. Сізге үш жыл бойы аптасына 40 сағатты арнайтын инженерлік проблема жүктелген. Маған бұл жерде жұмыс қарым-қатынасы жас пен лауазымға тәуелсіз сенім мен өзара құрметке негізделгені ұнайды. Тағы бір ерекшелігі, әр түрлі бағыттағы ғалымдар байланыс нүктелерін тауып, әртүрлі пәндердің қиылысында зерттеулер жүргізеді, өз құзыреттіліктерімен бастаушы ғалымдармен бөліседі. Зерттеу тобындағы немесе басқа да шағын топтардағы тұрақты ғылыми конференциялар әріптестеріңіздің зерттеулерінен хабардар болуға, сонымен қатар жұмыстағы проблемаларыңызбен бөлісуге және кеңес сұрауға мүмкіндік береді.


Жоспарлар туралы


Қоныс аудару мен үшін пайдалы жалғыздық кезеңі болды. Мен өз ойларыма, эмоцияларыма және реакцияларыма мұқият бола бастадым. Менде өткен тәжірибені, мақсаттар мен болашақ мүмкіндіктерді қайта бағалауға уақыт пен мүмкіндік болды. Екі жыл ішінде мен Еуропаның 10-нан астам елі мен 30 қаласына бардым. Франциядағы өмір, саяхат және білім туралы шағын блог жүргізе бастадым. Қоғамдық өмірімің көкжиегін кеңейттім.

Бізге Jas KAZAKH қауымдастығын құру идеясы келді, оның аясында біз Қазақстан мен Франция арасындағы пайдалы және маңызды бастамаларды іске асырамыз. Осы уақытқа дейін біз субтитрлерді аударып, Франциядағы «Қыз және теңіз» әлеуметтік фильмінің көрсетілімін ұйымдастырған болатынбыз.

Жергілікті француздар мен француз тілін үйреніп жүрген қазақстандықтар арасында онлайн Француз сөйлесу клубын ұйымдастыру да жоспарда бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Эффервесанс. Ғабит Бекахметов шабыт беретін мектептердің ерекшеліктері жайында
Эффервесанс. Ғабит Бекахметов шабыт беретін мектептердің ерекшеліктері жайында
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады
Болашақтың мектебі қандай болуы керек және мұғалімдер даму үстінде болуы қажет
Болашақтың мектебі қандай болуы керек және мұғалімдер даму үстінде болуы қажет