Алтынай Кошербекова, 20 жас, туған қаласы — Алматы, маркетинг
Flex туралы мен тоғызыншы сыныпта оқығанда анамның досынан бірінші турға дейін екі апта қалғанда естідім. Бағдарламаға қатысу үшін келесі талаптарға сай болу керек: дұрыс жас санатында болу , ағылшын тілінің тым болмаса негізгі деңгейін білу, жаңалыққа ұмтылу, басқа мәдениеттерге ашық және шыдамды болу керек.
Мен Mission, Montana қаласында тұрдым. Оқу барысында мен негізгі мектептік пәндерді де, йога және испан тілі сияқты өзіме арнап алынған сабақтарды да тандадым.
Ағылшын тілін тереңдетіп оқудан бөлек, мен өзімнің өмірге көзқарасымды өзгерттім. FLEX адамдарды жақсы жаққа өзгертеді.Орнына ештене күтпей бірдене жасауға үйрендім, волонтерлік деген не екенін түсіндім. Америкалық мәдениеті, христиан діңі, жергілікті менталитеті,дәстүрлері және әдеттері жайлы көп нәрсе білдім. Ең маңыздысы, мен кім екенімді түсіндім. Сен үйінді сағынған кездерде, сенде өз өмірінді жақсы жаққа өзгертуге және өзіннің дәстүрінмен және өткен тәжірибенмен бөлісуге тек бір жылын ғана бар екенін түсінесін.
Бұл бағдарламаға түсуге қаншалықты қиын болса да, тырысып көру қажет. Бүкіл шекараларды быт–шытын шығарындар, әлемді зерттеуге талпынындар және ешқашан тоқтамандар.
FLEX — отбасыға сәтті кіруге көмектесетін менің өздік кеңестерім: ағылшын тілінде кітап оқындар, ағылшын тілінде фильмдер мен сериалдар көріндер, ағылшын тілінде әндер тындандар. Ағылшынша сөйлейтін әлемге батындар,сендерге бұл осы бір жыл бойы да,бір жылдан кейін де көмектеседі.
Руслан Аскаров, 21 жас, туған қаласы — Ақтөбе, студент
Мен Қазазқстандық — Британдық университетінің төртінші курсының студентімін. FLEX бағдарламасы жайлы мен мектепте сегізінші сыныпта оқығанда естідім. Мен бағдарламаға екі рет қатысуға тырыстым,тоғызыншы сыныпта шықпады, ал оныншы сыныпта түсе алдым. Мен Калифорния штатында, Висейлия қаласында тұрдым. Висейлия Лос-Анжелестен үш сағатта, Калифорнияның ең ортасында орналасқан.
FLEX бағдарламасына қатысу үшін ағылшын тілінде белгілі бір деңгейге ие болу керек. FLEX үшін сенің мектепте оқып жүргенін өте маңызды — сегізінші, тоғызыншы, оныншы сынып немесе колледждің бірінші курсы. Ең бастысы — Америка мәдениетін тануға және Қазақстан мәдениетімен бөлісіп, американдықтарға мәдениетіміз туралы айтып беруге ықыласы. Бұл осы бағдарламаның ең басты міндеті — біз бір — біріміз туралы көбірек білу мақсатымен мәдениеттеріміздің өзара алмасуы. Сонымен қоса тағы бір маңызды зат — сен психологиялық тұрғыда үйден тоғыз айға кетуге дайын болу керексін. Сенде кез — келген уақытта үйге қайтып келуге мүмкіндігін болмайтынын түс іну керексін,толығымен бұл атмосфераға бату қажет.
Мен Redwood High School әдеттегі орта мектебінде оқыдым.Мені 11-ші сыныпқа белгіледі. Мен басқалар сияқты пәндерді оқыдым: Америка Тарихы, Әдебиет, Экономика,сонымен қоса таңдау бойынша пәндер болды.
Бұл бағдарлама бойынша оқығанда, сен тек академиялық білімге ие болмайсын: сен өз сөздерін мен істерін үшін жауапты болуға үйренесін. Бұдан бөлек, жаңа отбасыда,мәдениетте тұрасын, сол кезде барлығы саған байланысты: сен қалай оқисын, жаңа достарды таба аласын ба әлде таба алмайсын ба. Бұл жерде сен өз өзіне қожасын және сенің жылынның қалай өтетіні тек саған ғана байланысты. FLEX-тің арқасында мен одан аса белсенді, өз өзіме сенімді бола алдым және ағылшынша сөйлеуімді жақсарттым. Сонымен қоса,түрлі адамдармен ортақ тілді қалай табу керегін түсіндім, себебі сол жерде сен бүкілімен тіл табысуға мәжбүр боласын: балалармен, зейнеткерлермен, дәстүрлі емес жыныстық көзқарасқа ие немесе мүмкіндігі шектеулі адамдармен.
Қазақстанда болғанда менде патриоттық сезім болды, бірақ сен басқа мемлекетке кеткенде дәл сол кезде өз Отанынды одан да аса сүйіп, қадірлей бастайсын, бізде бар дәстүрлерінді, мәдениетінді, мерекелерінді мақтан етесін.
Қазақстанда мен ешқашан волонтерлік іспен айналысқан жоқпын, себебі ол біздің мектептерімізде насихатталмады. Мысалы, Америкада мен үйсіз адамдарға және ардагерлерге көмек бердім. Сол жерде мен волонтерлік істің не екенін, сен қайда болсын,қашан болсын қоғамға қаншалықты көмектесу керек екендігін түсіндім.
Менің ой — өрісім және, мүмкін, ойлау түрім өзгерді. Сенің рухына сай болатын қызмет аясын табу керектігін түсіндім — сенің кім болатынын түсіну керектігін түсіндім.
Мен тек өзін ғана болу керек деп кеңес бергім келеді, себебі сол жердегі айнала — бұл мүлдем жаңа жер, сені сол жерде ешкім білмейді, бұл өмірді жаңа беттен бастағанын сияқты. Өзін ғана болуына маңызды,себебі тек осы жолмен ғана сен жаңа достарынмен және отбасынмен ортақ тілді таба аласын.Бұл бағдарламаға қатысуға қорқу керек емес, өзіне сенімді болу керек, сен осыны қажет етсен мақсатына жете аласын.
Несібелі Қожахметова, туған қаласы — Ақтау, HR саласы
Менің отбасым бұл бағдарлама жайлы жергілікті арнадағы жүгірме жарнама жолы арқылы білді. Сол кезде менің үлкен апам ағылшын тілін оқумен қызықты және өз білімін тексергісі келді. Осылай ол FLEX бағдарламасының финалға қатысушысы болып қалды.Ал мен сол кезден бастап апамның жолын басу үшін ынтамен ағылшын тілін тереңдетіп оқи бастадым.
Мен Флорида штатында, Гейнсвиль қаласында тұрдым. Мен жоғарғы метепте оқыдым, сол жерде 2000 – нан астам оқушылар оқыды. Америкада білім беру оқу кестесін толығымен өз бетімен құра алатынымен ерекшеленеді. Сол уақытта мен француз тілі мен аспаздықпен айналыстым, ал Eastside High School – де менде дәл осы пәндерді таңдауға мүмкіндік пайда болды. Сонымен қоса, бүкіл оқушылар түрлі үйірмелер мен клубтарға қатысады, белсенді спортпен және сабақтан кейін волонтерлік іспен айналысады.
Америкада бір жыл бойы тұрғаннан кейін мен алған ең маңызды зат – бұл алынған білімім емес, бұл мен сол жерде құрған достарым мен отбасыммен қарым — қатынасым, сонымен қоса бұл дербестік, ашықтық және өз өзіне сенімділік сияқты қасиеттер.
Ағылшын тілін білу ең маңызды қажеттілік болмаса да, бірінші турға дейін бұл тіл бойынша жұмыс істеу керек. Ал іріктеу кезіндегі ең маңыздысы адал болу керек. Оскар Уайльд айтқандай: «Өз өзін бол, басқа рөлдер әлдеқашан бос емес .