Алматы — жастар қаласы. Біз қала тұрғындарының жұма күннің кешін өткізетін Фурманов көшесінің бойындағы барлар мен өзге де жерлер жайлы әңгімелейміз.
LATE NIGHT SHOW BAR, @latenightshowbar
LATE NIGHT SHOW-дағы кеш — бұл beer-pong бойынша жарыстар, көптеген таныстарыңмен кездесу және ерекше вайб. Мұнда жайлы жаздық алаң бар, үстел теннисі және басқа да ойындар бар. Қала тұрғындары бұл барды сөзбен айтып жеткізе алмайтын достық атмосферасы үшін жақсы көреді. Мұнда YouTube топтамаларынан музыка ойнайды.
«Никулин», @nikulin.bar
«Никулиннің» қабырғасында жазылған жазбада айтылғандай: "бұл сиқыр орын алатын жер". Алматылықтар мұнда демалып, жаңа адамдармен танысу үшін келеді. Бұл жерде қаладағы танымал диджейлердің топтамаларын тыңдауға, авторлық коктейлдердің дәмін татыуға, барбекюде дайындалған тағамдардан жеуге және кешті тамаша өткізуге болады.
«Домашний», @domashniybar
Домашний — «Шустовты» құрғандардан жаңа бар. Барды ашық қызғылт сары велосипед арқылы таба аласыз. Мұнда бәрі үйдегідей: бар үстелдері жоқ, оның орнына телевизор мен жайлы диван және де әрдайым сені қуана қарсы алатын адамдар бар. Бардың бір қабырғасында неон жазбасы көзге түседі: SKAL, исланд тілінен аударғанда «сіздің денсаулығыңыз үшін» дегенді білдіреді.
Circle Bar, @circlebaralmaty
Бар тарихи ғимаратта, нөмірі 120 үйде орналасқан. Circle Bar-дың әрбір бөлшегін мекеменің негізін қалаушылар мен олардың достары өз қолдарымен жасаған. Мұнда әрдайым жақсы музыка ойнап тұрады, жанға жайлы жағымды атмосферада дәмді авторлық коктейльдер ұсынылады. Бардың алдында тәулік бойы күзетілетін көлік тұрағы бар.
Kowloon bar, @kowloon_bar
Жақында Flex Avenue-ге Kowloon Bar көшіп келді. Мұндағы неон жазбалардың суреттері бүкіл Қазнетке тарады. Бардың интерьері жапон мәдениетінің элементтерімен. Мұнда дәмді коктейльдер ұсынылады, мұнда қонақтардың сүйікті музыкасын қояды.
K U M Ä N O, @kumanobar
2021 жылдың соңында K U M Ä N O-да ребрендинг болды. Бардың интерьері минималистік стильде жасалынды. Мұнда коктейльдерден басқа, салаттарға, гриль тағамдарына, түрлі тіскебасарлар мен бургерлерге тапсырыс беруге болады. Бейсенбі күні караоке кеші өтеді.
RENAISSANCE BAR, @renaissance.ala
Осы жылдың наурыз айында Flex Avenue бойында жаңа бар өз есігін айқара ашты —
RENAISSANCE BAR. Ғимарат қабырғасынан әлемге әйгілі өнер туындыларының көшірмелер көрмесін көруге болады. Интерьер минималистік стильде жасалған. Барда жергілікті диджейлер жағымды музыкасын қояды және дәмді коктейльдер беріледі.