БІЗ EXPO-2017 басты павильондарының жанында қандай тұрғын үй кешендері салынғаны және ондағы пәтерлердің қанша тұратынын, олардың қандай артықшылықтары бар екенін білдік.
Бұл тұрғын үй кешендері Астананың ең белсенді, аумағында осы жылдың басты оқиғасы — EXPO-2017 Халықаралық көрмесі өтетін ауданында ораналасқан. Үйлер білім мекемесі — Назарбаев Университетіне, мектеп пен балабақшалар, спорттық және ойын-сауық нысандары: Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығы мен стадиондар кешеніне жақын. Сондай-ақ, үйлерге жақын жерде серуен мен белсенді демалысқа арналған үш кең саябақ бар.
Promenade Expo ТК
Құрылысшы: BI Group
Серуен мен демалысқа арналған таптырмас орын болып табылатын Ботаникалық бақ пен Сызықтық саябақпен көрші болуын Promenade Expo орналасқан жердің артықшылықтарының бірі деуге болады. Сәулеттік жоба дәл осы ТК орналасатын жерінің ерекшеліктерін ескерген, сондықтан да барлық пәтерлердің терезелерінен керемет көріністі тамашалауға болады. Әр түрлі қабатты үйлер пәтерлерге күн сәулесінің жақсы түсуіне ыңғайланып жобаланған.
1 ш.м. бағасы: 305 000 тг
Мекен-жайы: Мәңгілік Ел д., 50-53
Пәтердің әрленуі: жақсартылған
Қабаттар саны: 4 блок, 5—18 қабат
Пәтер ауданы: 41 — 119 ш.м.
Сату бөлімі: 360 360, 8 701 736 03 60
Expo Boulevard ТК
Құрылысшы: BI Group
Expo Boulevard ТК жанында балалар ойынына арналған орын мен демалыс орны жасақталған. Үйлерді әйнекпен қаптауда жиынтық, Германияда жасалған және коммерциялық үй-жайларға арналған алюминий витраждар қолданылады.
1 ш.м. бағасы: 342 857 тг
Мекен-жайы: Қабанбай батыр д., 58
Пәтердің әрленуі: жақсартылған
Қабаттар саны: 6 — 8
Пәтер ауданы: 36 — 87,2 ш.м.
Сату бөлімі: 360 360, 8 701 736 03 60
Expo Plaza ТК
Құрылысшы: «БАЗИС-А» корпорациясы
ТК қасбеті табиғи тас пен ағаш қасбет панельдерін қолдану арқылы әрленген.
1 ш.м. бағасы: 350 000 тг
Мекен-жайы: Қабанбай батыр д., 58
Пәтердің әрленуі: бастапқы
Қабаттар саны: 6 — 8
Пәтер ауданы: 39,7 — 102,7 ш.м.
Сату бөлімі: 688 888
«Арман қала» ТК
Құрылысшы: BI Group
«Арман қала» ТК кірпіштен тұрғызылып, берік әрі ұзаққа сақталатын табиғи тас — жарлауықпен қапталған. Ол астаналық қыс кезінде аса маңызды болып табылатын жылуды жақсы сақтайды және дыбыс тұншықтырумен керемет қамтамасыз етеді — сізге көшедегі шу кедергі келтірмейтін болады.
1 ш.м. бағасы: 325 000 тг
Мекен-жайы: Мәңгілік Ел д., 30/1, Ұлы Дала д., 11, 11/1, 11/2, 11/3, Түркістан к., 30, 30/1, 32
Пәтердің әрленуі: жақсартылған
Қабаттар саны: 7 — 18
Пәтер ауданы: 26,5 — 100,8 ш.м.
Сату бөлімі: 360 360, 8 701 736 03 60
Royal Expo Apartments ТК
Құрылысшы: EXPOlis Investments
Үйлер монолитті-каркасты технология бойынша кірпіштен тұрғызылған, ал қасбет табиғи тастар — кварц пен мәрмәрмен бөлінген. Үйлердің басты ерекшелігі — «ақылды үй» технологияларын қолдануы және ақсүйектердің сән-салтанаты. Ал авторлық дизайнмен орындалған тамаша жасыл саябақ тұрғын үй кешенін жүргін бөліктен бөлектеп тұрады.
1 ш.м. бағасы: 540 000 тг
Мекен-жайы: Ұлы Дала д., 29/1, 29/2, 30/1-30/5, 31/1-31/5
Пәтердің әрленуі: жақсартылған
Қабаттар саны: 6 — 8
Пәтер ауданы: 54,2 — 201,7 ш.м.
Сату бөлімі: 783 783, 8 778 750 77 77