Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

EXPO-2017 жақын жердегі «Этноауыл» қалай құрылған: ат жарысы, аңшылық пен қазақы дастарқан
11095

21.06.2017

EXPO-2017 жақын жердегі «Этноауыл» қалай құрылған: ат жарысы, аңшылық пен қазақы дастарқан

БІЗ «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің ашылуында болып қайттық және мұнда қонақтарды қандай қызық күтетінін білдік.


Шаралар


«Этноауыл» бұл — өткен жүз жылдықтардың атмосферасын сезіну мүмкіндігі. Кешен қонақтарды қазақ халқының тарихы, мәдениеті, өнері мен салт-дәстүрімен таныстырады. «Этноауылда» қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары, қолөнер және сурет көрмелері, этникалық музыка фестивалі, ат спорты бойынша шаралар мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізлетін болады.


Кешен 2500 шаршы метр аумақты алып жатыр және мұнда 30 киіз үй бар


Ең көп күтілетін шаралардың бірі Қазақ музыка және театр өнерінің фестивалі. Онда көшпендіі халық пен заманауи Қазақстанның көп қырлылығын көрсететін бағдарлама қойылады.

Тақырыптық секторлар


«Дәстүрлі аңшылық түрлері» секторында қазақтардың сүйікті кәсібі: аң аулайтын құстар, саят және аңды дала жылқыларымен, тазылармен қууды тамашалауға болады. Мергендер де өз өнерін көрсетеді. Бұл жерден қазақтың ұлттық дәстүрлерінің қалай орындалатынын көре аласыз.


Ұлттық ойындар мен ойын-сауық секторында «Сайыс», «Қыз қуу», «Күміс алу» ойнап, «Алтыбақан» тебуге болады.


«Ұлттық асхана орталығы» секторында қонақтар ұлттық тағамдар туралы ақпарат алып, олардың дәмін тата алады. Сектордың символы ұлттық асхана тағамдарынан дәстүрлі сусындар — қымыз бен шұбаттан ауыз тиюге болатын мерекелік дастарқан болып табылады.


Қолөнершілер секторында қазақ қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді. Қонақтар бұйымдарды сатып алып қана қоймай, олардың жасалу жолын да тамашалай алады. Басты мақсат — түрлі жанр: живопись, графика, мүсін, гобелен, зергерлік бұйымдар, ағаш ою, керамика, жазу, кестелеу және киіз басу ісіндегі заманауи жас суретшілердің шығармашылығы мен шеберлігін көрсету.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу