Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

«Еуропа» және «Азия» — Атыраудың оң жағалауы сол жағалауынан несімен ерекшеленеді
6158

09.03.2018

«Еуропа» және «Азия» — Атыраудың оң жағалауы сол жағалауынан несімен ерекшеленеді

Оң жағалау — «Еуропа»


он.jpg

— Атырау тұрғындары қаланы екіге бөледі: оң жағалау — «Еуропа», сондықтан жергілікті тұрғындар «Қайдасың» деген сұраққа «Еуропадамын» деп жауап береді

— «Еуропа» жағында жергілікті тұрғындар серуендеуді және түрлі іс-шараларды өткізуді жақсы көретін қаланың басты даңғылы — Қаныш Сатбаев даңғылы өтеді.

— Оң жағалауда жергілікті адамдар мен қала қонақтары бос уақытын өткізетін «Атырау» және «Тамаша» сауда үйлері орналасқан.

— Оң жағалауда тұрғын үйлер орналасқан шағын аудандар: бірінші, екінші, үшінші және төртінші деп бөлінеді

— «Еуропада» Атырау қаласының тумасы Дина Нүрпейсова атындағы музыкалық академия орналасқан

— Оң жағалауда сауда үйлерінен басқа, көптеген бизнес орталықтар бар

— Бұл жерде элиталық үйлер орналасқан

— Оң жағалауда «Американдық ауыл», «Ренко» және «Ренессанс» қонақ үйлері мен ТШО-ның бас кеңсесі орналасқандықтан, шетелдіктер көп тұрады.


Сол жағалау — «Азия»


96c34e2e8383a825e2c41b67bbce7213.jpeg

— сол жағалау — тыныш

— Көпірден сол жағалауға түсіп бара жатқан бойда әдемі субұрқақты көре аласыз

— Бұл ауданда совет үкіметі кезінде салынып, әлі де үлкен сұранысқа ие болып жүрген, атақты «Ақ Жайық» қонақ үйі орналасқан

— Азия бөлігінде Қазақстан қалалары мен шет елден гастрольдік сапармен жиі келетін, Драма театры орналасқан

— Бұл жерде үлкен «Мұнайшы» стадионы бар

— Азаттық пен Сырым Датұлы көшелері — Азияның ең басты көшелері болып саналады

Материалды жасауға көмек көрсеткендері үшін Малика Калдыбайға, Гаухар Джумагалиеваға, Нурсултан Ескалиевқа алғыс білдіреміз.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу