facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/53c/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/53ceb79a0346ecbbfd7484eb81cb87a5.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
europa-men-a-sh--a-k-sh-p-haly-araly-kompaniyalarda-mansap-ru-zhayynda
logo
Еуропа мен АҚШ-ға көшіп, халықаралық компанияларда мансап құру жайында

06.07.2020

Еуропа мен АҚШ-ға көшіп, халықаралық компанияларда мансап құру жайында

Құралай Ермекова, 22 жаста, қаласы — Париж, Chef de projet numérique — цифрлық коммуникациялар басқарушысы, @kuralayees


Kuralay1.jpg

Көшіп кетуі жайында


Францияда тұрып жатқаныма бес жыл болды. Француз тілін оқыдым, кейін Страсбургтегі университеттің дизайн факультетіне оқуға түстім.

Француз тілін жақсы білгеніме қарамастан, бастапқы кезде группаластарымды түсініп, олармен араласу қиынға түсетін. Сонымен қатар Франция елі өзінің бюрократиясымен танымал. Осында көптеген қағаздарды рәсімдеу керек: университетке, студенттік резиденцияға тіркелуге арналған құжаттар, банк шоты, келісім-шарттар мен тағы басқалар.

Осында қызмет түрлері әрқашан қолжетімді болмайтыны таң қалдырды. Барлығы кесте бойынша жұмыс істейді. Азық-түліктерді сатып алудың өзін жоспарлаған жөн, себебі көптеген дүкендер жексенбі күндері жабық болады немесе түске дейін ғана жұмыс істейді.

Көшіп келердің алдында француз тілін үйреніп алу керек. Ағылшын тілі осында көп қолданыла бермейді.

Франциядағы қазақтар жайында


Францияда көп қазақтар тұрады. Страсбург қаласына менімен бірге Француз альянсының тіл курсына барып жүрген отандастарым да келді.

Парижде біраз уақыттан кейін ғана қазіргі кезде тығыз араласатын отандастарымды таптым. Біз Елшілік жанында «Жандарым» деп аталатын қауымдастығымызды құрдық. Францияға келген қазақстандық студенттерге көмектесеміз, құжаттарды рәсімдеу ережелерімен және тағы да басқа мәселелермен таныстырамыз.

Жұмыс жайында


Оқу және демалыс барысында мен қонақ үй және мейрамханада даяшы болып қосымша жұмыс істеп жүрдім. Кейін бір француз брендінде маркетинг жөніндегі директоры мен арт-директорының ассистенті қызметін атқардым. Лукбук жасасуға көмектестім, сайттың дизайнын өзгерттім, маркетингтік стратегиясына үлесімді қостым. Оқу мен жұмысты қатар алып жүруге мүмкіндік беретін жұмысты alternance бағдарламасы бойынша таптым.

Kuralay2.jpg

Францияда жұмысқа орналасу қиынға түседі. Бірінші жұмысымды жарты жыл іздедім: түйіндемем мен уәждемелік хатты күніне он бес рет жіберетінмін. Сізді сұхбатқа шақырса – бұл жолдың жарты бөлігі ғана.

Сұхбат кезінде тәжірибең жайында – өткен жұмыс орныңызда нақты қандай нәрселер жасағаныңыз бен компанияның дамуына қосқан үлесіңіз жайында айту маңызды. Сонымен қатар маған веб-дизайнер мен графикалық дизайнердің дағдылары, әлеуметтік желілермен жұмыс істеу тәжірибесі мен e-mail-маркетингтің көмегімен компания клиенттерімен қарым-қатынасты жақсарту ұсыныстары көмектесті.

Жоспарлар жайында


Мен арт-директор ретінде жұмыс істеуді қалаймын. Сән индустриясындағы мансабымды жалғастырғым келеді. Алға қойған мақсатыма жетіп, ірі компанияларда жұмыс істеуді жоспарлаймын.


Бақдаулет Исахов, 26 жаста, қаласы — Новый Орлеан, Research assistant​


Bakdaulet1.jpg


Көшіп кетуі жайында


Мен 2016 жылдан бері Луизиана штатындағы Новый Орлеан қаласында тұрып жатырмын. АҚШ-да тұруды бала кезімнен армандадым. Есейгесін Криемний алқабындағы инновациялар мен ғылымға қызығушылығым оянды. Сол себепті осы елде оқып, жұмыс істеп, тәжірибе жинаймын деп шештім.

АҚШ-дағы университеттерде тегін оқу үшін әр жоғары оқу орнында көптеген бағдарламалар болады. 2016 жылы «химиялық инженерия» мамандығы бойынша Назарбаев Университетін бітіргеннен кейін, мен «химиялық және биохимиялық инженерия» бағыты бойынша Тулейн университетінің 100%-дық PhD грантын ұтып алдым.

Bakdaulet3.jpg

Мен осы елге оңай бейімделдім. АҚШ-дағы өмір жайында көптеген мақалаларды оқыдым, осында тұрып жатқанымды ойымда елестететінмін.

АҚШ-дағы қазақтар


АҚШ-дағы қазақтар Нью-Йорк, Чикаго немесе Хьюстон сияқты ірі қалаларда тұрады. Мен Facebook желісіндегі қазақтар қауымдастығында тіркелгенмін, бірақ аса белсенділік танытпаймын.

Новый Орлеанда араласып, қонаққа барып тұратын төрт қазақ отбасы тұрады. Біз бір-бірімізге көмектесіп, ақыл-кеңестерімізбен бөлісіп жүреміз.

Жұмыс жайында


Менің Штаттардағы алғашқы жұмысым – профессордың көмекшісі. Мен бакалавр студенттері үшін белгілі пәндер бойынша туториалдар өткізетінмін, үй жұмыстары мен емтихандардың шешімдерін түсіндіріп, квиздер үшін сұрақтар дайындап, білімдерін бағалайтынмын.

Қазіргі кезде мен Tulane University зертханаларының бірінде ғылыми көмекші қызметін атқарамын. Менің ғылыми жұмысым нанофункционалдық материалдарды, атап айтқанда нанолубриканттар мен суперконденсаторларды әзірлеу, синтездеу және жақсартуға негізделген.

Bakdauket2.jpg

Сұхбат кезінде мен комиссияға өзімнің зерттеу тәжірибем жайында айттым. Қазақстанда оқыған кезде, мен көптеген олимпиадаларда жеңіске жетіп, студенттік кезімде жаңа батареяларды әзірлеуге үлесімді қосып, конференцияларға қатысқанмын.

Жоспарлар жайында


Наноматериалдар саласында мамандандырылып жатқан үздік компаниялардың бірінде жұмыс істеу жоспарым бар. Магистратураны сәтті аяқтап, АҚШ-да зерттеу және кәсіпкерлік тәжірибе жинап, Қазақстанға оралып, инновациялық жобалар мен стартаптарды дамытуды жоспарлаймын.


Дана Малаева, 24 жаста, қаласы — Минск, PR-менеджер, @submariness


Dana1.JPG


Көшіп кетуі жайында


Минск қаласына екі жыл бұрын көшіп келдім. Жағдайды ауыстырып, ешкімнің көмегінсіз жаңа жұмысқа орналасуды қаладым.

Мәдениет пен тілге қатысты қиындықтар болған жоқ. Бірақ лайықты жұмыс табу қиынға түсті.

Көшіп келудің алдында пәтер мен жұмысты алдын-ала іздестіріп қойған жөн. Көптеген компаниялар онлайн-сұхбаттар өткізеді – бұл көшіп келуге ыңғайлы жағдай туғызады.

Беларусиядағы қазақтар жайында


Беларусияда көп қазақтар тұрады. Көбісі IT саласында жұмыс істеу үшін осында келеді. Көптеген бағдарламашылар осы елде тұруды таңдайды, себебі осында тұру арзанырақ, ал жалақылар еуропалық жалақылардан кем түспейді.

Мен Telegram желісіндегі отандастар қауымдастығына жазылғанмын. Біз жаңадан келгендерге кеңестер береміз. Жиындарда, туған күндерде кездесіп тұрамыз. Бір-бірімізге көмектесіп тұруға тырысамыз.

Жұмысы жайында


Мен Қазақстанда Nommi жобасында жұмыс істедім. Осы тәжірибем түйіндемемдегі басты артықшылығым болды.

Менің алғашқы жұмысым балаларға логикалық білім беруді әзірлеу жөніндегі Беларусия компаниясындағы PR-менеджер қызметі болды. Бұл компания менің ойлағаныма сәйкес келмеді, сол себепті мен бұл қызметімнен кеттім. Осылайша бір жылда бес компанияны ауыстырдым.

Dana2.JPG

Қазірде мен DEIP блокчейн-компаниясында PR-communication manager қызметін атқарамын. Жинаған тәжірибемнің арқасында жұмысқа орналасуым оңай өтті. Ағылшын тілін білуім және мақалалар жазу, компанияның брендингімен жұмыс жасау және әлеуметтік желілерді контентпен толықтырып отыру сияқты PR-менеджменттің дағдылары үлкен рөл атқарды.

Жоспарлар жайында


Еуропаға немесе Канадаға жұмысқа орналасуды жоспарлаймын. Осы бағытта жеке ісімді ашып, дамуды қалаймын, сол себепті өз саламның үздік маманы болу мақсаты бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
Қазіргі мектептердің басты мәселесі неде және тәрбие — тек ата-аналардың ғана емес, мұғалімдердің де міндеті болып табылады
Қазіргі мектептердің басты мәселесі неде және тәрбие — тек ата-аналардың ғана емес, мұғалімдердің де міндеті болып табылады
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы